I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі



бет67/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

2. Көруінде ауытқуы бар тұлғаларды арнайы оқыту жүйесі
Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту көру анализатордағы кемістіктің пайда болу уақытына тәуелді. Көруінде ауытқуы бар балалардың ата аналары мамандардан (тифлопедагог, психолог, офтальмолог т.б.) уақытымен қажетті кеңес алып тұруы керек.
Ересек тұлғалар жасаған іс әрекеттер барлығын сөзбен бейнелеп жеткізу керек. Ең маңыздысы көрмейтін және нашар көретін балалардың мүмкіндіктеріне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
Соқырлық пен нашар көрушіліктің салдарынан бала бойында жағымсыз әлеуметтік қиындықтар пайда болады. Көруінде ауытқуы бар балалардың отбасында қоршаған ортамен қарым қатынастар ерекше. Отбасы мүшелері баланы аяйды, аса көп көніл бөледі, шексіз қамқорлық көрсетеді. Бұл жағдайлар баланың тұлғалық қалыптасуына кері әсер етеді.
Көруінде ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқыту ата аналардан бала дамуын, ерекшеліктерін, көру анализатордағы кемістіктің салдарын, қоршаған ортада қарым-қатынас жасау тәсілдері мен үйрету жолдарын білуді талап етеді.
Мектепке дейінгі көруінде ауытқуы бар балаларды тәрбиелеп оқытатын мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарға көрмейтін, нашар көретін және көзінде қылыйлықпен, амблиопиясы бар 2-7 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Бұл арнайы білім беру ұйымдардын (арнайы бала бақшалар) негізгі міндеті балаларды тәрбилеу, емдеу, мүмкіндікке қарай көру қызметін қалпына келтіру, оңалту және ең негізгісі мектепте білім алуға даярлау.
Тифлопедагогтар жұмысының мазмұны жалпы бала бақшалардың бағдарламар негізінде әзірлеген арнайы бағдарламарға сәйкес жүреді. Жалпы білім беру жұмысынан басқа дамудағы кемістікті түзету үздіксіз жүргізілуі тиіс. Әсіресе кеңістікті бағдарлау мен өзіне қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру әрекетіне көп назар аудару қажет. Балалар көру кабілетінің гигиенасы мен көзәйнектерді пайдалануға үйренеді. Көру қызметін дамытумен қатар есту мен сипап сезуді жетілдіру жүреді.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер жалпы мемлекеттік арнайы білім беру жүйесіне кіреді. Бұл мектептердің міндеті ағзадағы зақымдалған немесе дамымай қалған кызметерді қалпына келтіру, түзеу және орнын толықтыру, теңестіру. Бұл жұмысты атқару үшін Л.С. Выготскийдің кемтар баланың және қалыпты баланың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы теориясы өте маңызды.
Көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын арнайы мектептер келесідей қызметтер орындайды: оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамыту, санитариялық-гигиеналық, емдік-сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу және кәсіби бағдар беру. Бұл шаралар кешенді орындалуы көрмейтін және нашар көретін балаларды қоршаған ортамен қарым қатынас жасауға жол ашады.
Арнайы мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің түзету және дамытушылық бағыты көру анализатордың зақымдалу салдарынан пайда болған таным процестерінің жетіспеушіліктерін түзетуге, сонымен қатар тұлғалық қалыптасуына мүмкіндіктерді іздестіруге көмектеседі (М.И. Земцова, Ю.А. Кулагин, А.Г. Литвак, Л.И. Солнцева).
Арнайы мектептерде оқушылар білімнің үш деңгейін меңгере алады:
1 деңгей- бастауыш, II деңгей- негізгі білім, III деңгей- орта толық білім.
Білімнің мазмұны жалпы білім беретін бағдарламаларындың негізінде әзірленеді, тек түзету-толықтыру жұмысымен ерекшеленеді. Арнайы білім беретің бағдарлама бойынша көру қабілетін түзету үшін арнайы оптикалық өұрал жабдықтарды пайдалану қажеттегі белгіленген, накты тифлоаспаптар, рельефті-графикалық құралдар (көрмейтіндер үшін), жазықтық (нашар көретіндер үшін).
Көруінде ауытқуы бар балалар арнайы білім алу үшін жағдарлар (ерекше жарық, тифлотехникалық құралдар, арнайы оқулықтар, арнайы мамандар тарапынан көмек көрсетілсе) қамтамасыз етілген жағдайда жалпы мектептерде білім алуға құқылы. Көруінде ауытқуы бар балалар үшін сол мімептерде арнайы түзету сабақтары өтуі тиіс: ырғакты дамыту, емдік дене шынықтыру, сөйлеу тіліндегі кемістікті түзету, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікті бағдарлау, көру арқылы қабылдауын дамыту.

Арнайы мектептерде ерекше орынды емдік сауыктыру, оңалту жұмыстары алады. Бұл жұмысты атқаруда арнайы мектеп қызметкерлері, оқушылар мен ата аналары арнайы клиникалық орталықтарда кеңес алады.
Көруінде ауытқуы бар тұлғаларға кәсіби бағдар беру жұмыстары медициналық рұқсат беру және шектеу қою ережелерге сүйенеді. Мектеп оқушылары өз мүмкіндіктерін нақты таңдаған мамандығына сәйкестігін ажырата алмайды, сол себепте мектеп құрамында арнайы факультатив, үйірмелер болу мамандықты таңдауға көмектеседі.
Көруінде ауытқуы бар тұлғалардың көпшілігі түрлі өндірістік мекемелерде жұмыс жасайды, нақты механика, құрастыру, радиотехника сияқты салаларда. Көрмейтін тұлғар қатарында жоғары және орта білім беру мекемелердің оқытушылары, қоғам қайраткерлеріде кездеседі. Соңғы жылдары массаж жасау мамандығы жиі тандалып жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет