Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
3. 1946-1990 жж. отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы 1946-1970 жылдар біздің республикамыздағы ауытқулықтары бар балаларға арналған алғашқы сапалы арнайы мектептердің құрылу жылдары болды, себебі арнайы мекемелер жүйесінің кеңеюімен бірге дамуында әртүрлі кемістігі бар балаларға арналған мектептердің терендетілуі мен кемістіктің түріне сәйкес бөліп оқыту мәселелері шешіліп, ауытқулықтары бар балаларды қоғамда өмір сүруі мен еңбекке даярлау, оқыту мазмұнын әзірлеу жолдарын іздестірді.
1945-1946 оку жылдарында арнайы мектептер жүйесі: көмекші мектеп-интернаты-1, көрмейтін балаларға арналған мектеп интернаты- 1, естімейтін балаларға арналган мектеп- интернаттар-3. Бірақ соғыстан кейінгі жылдарда ауытқулықтары бар балаларға арналған оқыту-тәрбие беру жүйесі кеңейтілді Дене және ақыл-ойы кемшіліктері бар балаларға арнайы білім беру мен оларды есепке алу сол уақытта ең өзекті мәселенің бірі болды. 1949-1950 оқу жылдарында шамамен 900-ден аса мектеп жасындағы ауытқулықтары бар балалар анықталған. Арнайы білім алуды қажет ететін оқушылардың проблемаларын шешу үшін ҚазССР-дің Министрлер кеңесі ССР-дің Министрлер кеңесіне Орал қаласында көрмейтін 100 балаға арналған-1 мектеп, Қостанай мен Қарағанды қаласында естімейтін 100 балаға арналған-2 мектеп ашуға өтініш берді. Министрліктің ариайы жарлығына сәйкес нашар еститіндер мен кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы топтар ашыла бастады.
1951 жылы желтоқсан айында шықққан СССР-дің Министрлер кеңесінің арнайы жарлығына ҚазССР министрлігі әзірлеу шараларының жоспарын әзірлеп кереңдік пен салдарын алдын алу мен сол балаларға деген күтімін жақсарту бағытында республикадағы мектепке дейінгі жастағы ауытқулықтары бар балаларға қоғамдық тәрбие беру проблемасын алдарына қойды
1953-1954 оқу жылдарында барлық кемтар балаларға арнайы білім беруді қамтамасыздандару мәселесі қарастырылды. Бірақ арнайы мекемелер жүйесін кеңейтуге арналған шаралар жүргізілседе ауыткулықтары бар балаларды мекемеге қабылдау жоспары орындалған жоқ. Оның негізгі себебі қажетті ғимараггардың болмауы. Алматы, Семипалатинск, Чимкент, Қарағанды қалаларында 7 мектеп-интернаттың ғимараты мен 75-100 естімейтін балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы мекемелер салу жоспарланған.
Бірақ сол уакытта аса кажетті жоба әзірленбей, жүзеге аспады.
1952-1953 оқу жылының басында Қазақстанда арнайы-білім алуды кажет ететін 1649 мектеп жасындағы балалар есепке алынды, соның ішінде:
921 естімейтін, 262 көрмейтін және 466 ақыл-ойы кем балалар болды. 1955 жылы ҚазССР-дің Кеңес Министрі ақыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін балалардың білім алуын жаксарту туралы жарлык кабылдады, ол ауыткулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептер санын кеңейтуге багытталған. 1957- 1958 ж.ж. елімізде 15 арнайы мектеп қызмет атқарды, оладың 10 -естуінде аутқуы бар балаларға, 2-і ақыл-ойы кем балаларға, 3-і көрмейтін балаларға арналған болатын. Арнайы мектептегі оқушылар саны 1241 жеткен, ал ақыл-ойы мен дене дамуында кемістігі бар 1489 бала арнайы оқытудан тыс қалган.
ҚазССР-ғы арнайы мектеп-интернаттар жүйесі (сурет-3)
Арнайы мектеп типтері
1.09.1940 жыл
1.09.1957-1958жыл
1. Көмекші мектеп-интернат
1
2
2.Көрмейтіпдерге арналған мектеп-интернат
3
3
3. Естімейтіндеге арналған мектеп-интернат
9
9
4. Нашар еститіндерге арналған мектеп-интернат
-
1
Барлығы
13
15
Ұзақ уақыт бойы республикамызда сөйлеуінде кемістігі бар балалар арнайы ұйымдастырған көмектен тыс қалып қойды. Бұл балалар есепке алынбаған және оларға көмек көрсететін арнайы мекемелер, пункттер болмады. 1949 жылдын 15 тамыздан бастап СССР-дін Кеңес Министрі сейлеу кемістігі бар балаларға жалпы мектептерде логопедиялык пункттер ашуға шешім қабылдады.
Шешімге байланысты Қазақстанда, соның ішінде Алма-Ата каласында сөйлеуінде кемістігі бар балаларды есепке алу үйымдастырылады, сонын нэтижесінде жалпы бастауыш мектептерде 407 оқушының сөйлеуінде кемшіліктері аныкталған.
Біраз уақыттан кейін Чимкент, Семипалатинск, Түркістан қалаларындағы арнайы мектептерде мектепке дейінгі топтар ашылды. Алғаш арнайы балабакшалар 60 жылдары Алма-Ата қаласында ашылды. Ол естімейтін және тұтығатын балаларға арналған 1 балабақша және ақыл-ойы кем балаларға арналған 1 балабақша.
Балабақшадағы жұмыс материалдық және арнайы даярланған мамандардың жетіспеуіне байланысты қиындатылды
50-ші жылдары халыққа білім берудің негізгі бағыттары 1958 жылы желтоксан айында қабылданған кеңес дәуіріндегі білім беруді дамыту жөніндегі заңға сәйкес жүргізілген. Бұл заңда бекітілген міндеттерді іске асыру арнайы ілім беру жүйесінең кемтар балалардың барлығын арнайы оқытумен қамтамасыз етуді талап етті.
Сол бағытта басталған жұмыстар бірінші күннен нэтижесін көрсетті. 1958-1966 жылдары көмекші мектептер саны 2-ден 21-ге дейін өсті. 1960 жылдың қазан айында ҚазССР-дің Кеңес Министрлігі «Ақыл-ойы кем, естімейтін, көрмейтін балаларға арналған мектептер жұмысы мен жағдайын жақсарту туралы» жарлық шығарды. 1956-1960 жылы республикада мектеп жасындағы 1190 акыл-ойы кем бала, 620 естімейтін, 209 кормейтін бала білім алудан калды. 1960-1961 оқу жылдарының басында естімейтін балаларга арналған 9 және нашар еститін дерге арналған 1 мектеп-интернат 932 оқушысы бар, 455 оқушысы бар естімейтін балаларға арналған 3 мекгм^ интернат жүмыс істеді. Сол жылы 1308 ақыл-ойы кем, 874 естімейтін және нашар еститін, 273 мектеп жасындағы балалар білім ала алған жок.
1961 жылы республиканың Министрлік Кенесі логопедиялық пункттерді ашуды үйымдастыру туралы жарлық кабылданды.
1967 жылдан бастап республиканың Министрлік Кеңесінің жарлығына байланысты жалпы білім беретін мекемелерде логопедиялық пункттер ашыла бастады. 1967 жылы 35 логопедиялық пункттерде 2639 көмек алған . 1968 жылы тағы да 15 логопедиялық пункт ашу жоспарланды. Сол уакытта алматылык жалпы білім беретін мектептерде 19 логопедиялық пункттер ашылып жүмыс жасады. 1969-1970 жылдың басында сөйлеуінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп ашылып қызмет атқарды, ол жерде 216 адам оқытылды. Әртүрлі типтегі арнайы мектептерде косіби-еңбекке даярлауға мөлшерлі уақыт болінді. 1963-1964 оку жылдарында республикадағы арнайы мектептер жаңа оқыту жоспары мен бағдарламаларына толық ауысуды аяқтады.
1960-1970 ж.ж. Қазақстанда әртүрлі категориядағы ауыткулыктары бар балаларға арналган жалпы білім беру мекемелері мен арнайы мектептер жүйесі біраз котерілді. Сонымен қатар арнайы мектептер жаңа жоба бойынша мекемелерде ашыла бастады. 60 жылдардың аяғында тірек-қимыл аппаратында ауытқушылықтары бар арнайы мектеп-интернаты ашылды. Ол мектеп 283 оқушыны кабылдады. Кейіннен мектептердің материалдык-гехникалық базасы күшейтіліп, оқыту шеберханалары мен мектеп кабинеттерінің құрал-жабдықтары жақсартылды.
Арнайы мектептің педагогикалық ұжымдары оқытудағы коррекциялық бағытта күшейтуге, ауытқулары бар балаларды оқыту-тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, мектептерді қоғамдық өмірге жақындатуға бағытталып және белсенді жұмыстар жүргізілді.
ССҚР Халық ағартушылық Министрлігі 1969 жылдын мамыр айында арнайы мектептерге оқушыларды қабылдауды реттейтін республикалық, облыстық медициналық-педагогикалық комиссияны ашу туралы жарлық шығарған. Бұл ұйымдар кемтар балаларды аңықтау мен арнайы мекемелерге іріктеу жұмысын белсенді атқарада бастады.
1969-1970 оқу жылдарында арнайы мектептер саны 49-ға дейін жетті.
1959 жылы Мәскеу каласында болған ғылыми конференция арнайы мектептерде оқыту мен тәрбие процесітерін жетілдіру сүрақтарына байланысты арнайы педагогиканың теориясы мен практикасының әрі қирай дамыту мәселесін жаң жақты қарастырда. Арнайы мектептер алдында ауытқуларры бар балалардың дене және ақыл-ой кабілеттерін дамытуды қамтамасыздандыруға байланысты міндеттер қойды; әртүрлі категориядағы ауытқулықтар бар балаларға нәтижелі болатын мамандықтардың кең тізбесін аныктап, әзірлеу, еңбектік, политехникалық және кәсіби білім арасында байланыс орнату; теория мен практиканың байланыстарын күшейту.
Педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша белсенді жұмыс Алматы қаласында кермейтіндерге арналған мектепте жүргізілді. 1950 ж. барлық мүғалімдер мен тәрбиешілер Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды игеру бойынша курстар өтті. 18 мүғалімнің ішінде 7-і кемейтіндер болды. Арнайы мектептердегі мұғалімдер қүрамындағы жағымды өзгерістер 50 жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында байқалды . Мұғалімдер мен тәрбиешілердің көбісінде орта педагогикалық білім ал кейбіруінде дефектологиялық немесе жай курстар мен семинарлардан арнайы дайындық болды.
1960 жылдың 5-9 қаңтарында РСФСР-дің Педагогика ғылымдар Академиясындағы Дефектология ғылыми зерттеу институтында акыл-ойы кем, көрмейтін, естімейтін балаларға арналган арнайы мектептердін жұмыскерлеріне Педагогикалық семинарлар жүргізілді. Қазақстаннан семинарға 5 адам қатысты. 1961 жылы Қазақстандағы көмекші мектептерде шагын оку курстары жүргізілді. Ол жерде: «Көмекші мектептегі акыл-ойы кем балаларды қатесіз жазуға оқыту», «Әдебиет сабақтарында ақыл-ойы кем балалардың логикалык ойлауы мен сөйлеуін дамыту», «Ақыл-ойы кем баланы қатесіз жазуға үйрету процесі кезінде мұғалімнің жүргізетін коррекциялық жұмысы» және т.б. тақырыптар оқытылды.
1964-1965 ж.ж. республиканың халық ағартушылық министрлігі 3 айлық курстар ұйымдастырды, ол жерге 110 тындаушы қатысты. 1966-1969 жылдары Республикалық жиналыс - семинарлар өткізілді. 1969 жылдан бастап республикада арнайы мектептердің мұғалімдерін даярлауды әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жасалынды. 1959-1960 оку жылдары Қазақстанға В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының дефектология факультетінде қазақстан түлектеріне орындар бөліне бастады.
Республикадағы арнайы мектептердегі мұғалімдер құрамын сапалы түрде өзгертуге байланысты жұмыстардың белгілі бір жағымды нәтижелері байқалды. Дефектологиялық білімі бар бар мұғалімдер саны өсе бастады және де сырттай оқитын мүғалімдер саны өсті. Арнайы мектеп-интернаттағы мамандардың жетіспеуі мен мүғалімдердің кэсіби біліктілігін жетілдіруге байланысты арнайы мектептердің қызметкерлердің жиналыстары өткізілді. 1961 жылы кыркүйекте ең бірінші республикалық жиналыс өтті, ол жерде ауткулары бар балаларга арналған мектеп-интернаттар қызметкерлерінің секциясы жүмыс жасады. Жиналыста сонымен қатар арнайы мектептердегі олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагогтар мен логопедтердің жоқтығы мен оларды республикалык жоғарғы оқу орындарында даярлау проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар талқыланды.
1962 жылы республикадағы арнайы мектептерде 740 мұғалім мен тәрбиешілердің арасында 25-де ғана дефектологиялык білімі бар ұстаздар.
Арнайы мектептердегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған мектептерде ұйымдастырылған әдістемелік бірлестіктер өте үлкен көмек көрсетті. Естімейтіндерге арналған Қостанай және Атбасар мектептеріндегі, Түген және Қарағандыдағы көмекші мектептердегі әдістемелік ұйымдардың жұмыстары жақсы көрінді.
Ауытқулықтары бар балалармен оқыту – тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру проблемаларына байланысты ең жақсы, озат арнайы мектептерде семинарлар жүргізілді. 1962 жылдың қарашасында Алма-Аты қаласында естімейтін балаларға арналған мектепке көмекші мектептердің қызметкерлеріне арналған семинарлар жүргізілді. 1962 жылдың желтоқсанында Алма-Атыда №8 көмекші мектепте көмекші мектептер меңгерушілерінің Республикалык семинары өткізілді. Осы және т.б. шаралар арнайы мектептердегі оқыту, тәрбие беру, коррекциялық процестердің сапалы нэтижесін көтеруге әсерін тигізді. Жалпы 60-70 жылдары республикадағы арнайы мектептер жүйесіндегі кадрлармен қамтамасыздандыру училище мен педагогикалық техникумдардын түлектердің есебінде шешілді.
70 жылдары арнайы білім беру жүйесінде 3680 мүғалім жұмыс істеді, олардың ішінде 1845 жоғары педагогика білімі, 237 - толық аякталмаған жоғары педагогикалық білімі, 1596-орта педагогикалық білімі бар. 302 дефектологтардың ішінде тек 15 сурдопедагог және 3 тифлопедагог жұмыс істеді. Бұл мәліметтер арқылы біз естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларға арналған мектеп-интернаттарда көп мұғалімдердің арнайы дайындықсыз жұмыс істегенін байқауға болады.
1970 жылы қарашада Алматы қалалық институтында мұғалімдерді кемелдендіруге байланысты дефектология кабинетіашылды. Дефектология кабинетінің мамандары арнайы мектептердің мұғалімдермен жұмыстың әртүрлі формаларын қолданды: жылдық курстар, семинарлар, конференциялар, топтық және жеке консультациялар, ашық есік күні т.б.
1978 жылы орталық мұғалімдердің кәсіби біліктілігің жетілдіру институтында да дефектология кабинеті ашылды. Сол кабинет кызметкерлері 1980 жылы МПК мамандарымен бірге «Дене және акыл-ой кемістігі бар балалардың дифференциалдык диапюстикасы бойынша МПК жұмысының негіздері» деген тақырыпта семинар өткізіген. 60-80 жылдары дефектология кабинетгері мектепке дейінгі мекемелер мен арнайы мектеп тәрбиешілері мен мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін жетілдірудің негізгі орталықтарына айналды.
1976-1977 жылдары республикада Абай атындагы Қазак педагогикалық институтында дефектология факультеті ашылды. 1979-1980 оқу жылдарынан бастап Абай атындағы ҚазПИ-дің дефектологиялық факультетінде кемекші мектептер мұғалімдерін даярлау басталған. 1982 жылдан бастап дефектология факультетінде жоғарғы білімі бар тұлғаларға кәсіби дефектологиялық білім беру қолға алынды. Бірақ педагогикалық кадрлар көмекші мектепке ғана даярланды, ал сурдопедагогтарды даярлау 1985-1986 жылы басталды.
Сонымен 70 - жылдарында арнайы мектептердің материалдық-техникалык жағдайы жаксарып, дефектолог мамандарды даярлау проблемасын шешуде жағымды жактары керіне бастады. Арнайы мекемелердің кызметтердің қызметтегі кэсіби-еңбектік бағыты жоғарылады. Көптеген проблемаларға қарамастан, ауыткулыгы бар балаларга арнайы білім мен тәрбие беру деңгейі жалпы жаңа, сапалы деңгейге қойылды.
Бірақ соған карамастан еліміздегі ақыл-ойы және дене кемістігі бар балалардың арнайы мекемелер жүйесінің кемстіктің түріне сәйкес бөлшектеу аркылы дамыту 70-80 жылдары да маңызды мэселе болып калған.
Сол уақытта республикада балалардың денсаулығы мен медицина аймағында үлкен жетістіктерге жетсе де, әртүрлі дене және ақыл-ой дамуында кемістіктері бар балалар саны көлемді болып қала берді және 1967 ж. олардың саны: мектеп жасындағы (7-15 жас) көруінде бүзылыстар бар 40 мың бала, естуінде бүзылыстар бар 64 мың бала, сөйлеуінде бүзылыстары бар 10 мың болды. Арнайы мектептер жүйесін кеңейтумен қатар олардың бөлшектеу тәжірибесі жүзеге аса берді.
Бірақ ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі материалды-техникалық қиындатты. Көптеген мектепте шеберханалар мен қосымша жайларды қажетсінді. Көптеген логопедиялық пункттер қолайсыз жағдайларда орналасты және көрнекі құралдарсыз жұмыс атқаруға мәжбүр болды.
Кемтар балаларды ана тілінде оқыту өте күрделі жағдайды болды, себебі арнайы мектептердің барлығында орыс тілінде оқытатын. 1969-1970 жылдары арнайы мектептерде 8317 окушы оқыды, солардың ішінде 1559 қазақ балалары болды. Сол уақытта арнайы мектептерде балаларды қазақ тілінде оқытуды ұйымдастыру өте баяу дамыды. Бүл мәселе қазақ тілінде окытатын сыныптар ашу арқылы шешілді. Сонымен 1969-1970ж.ж. көмекші мектептерде қазак тілінде 201 оқушы оқыды. Сағыз, Гурьев, Түркістан калалары мен Шымкент аудандарындағы көмекші мектептерде казак тілінде окытатын сыныитар ашыла бастады. Ауылда түратын ауытқулықтары бар балаларға тәрбие мен білім беру көптеген қиындықтарға үшыраған. Бүл жағдайдың себебі арнайы мектеп-интернаттардың көбісі қалалар мен аудандарда орналасуы. 1968-1969 оқу жылдарында арнайы 45 мектеп-интернаттардың, тек 12 мектеп-интернат ауылда орналасқан. Сонымен қатар ауылдағы арнайы мектептердің материалдык базасы нашар болатын және де ең негізгісі дефектолог мамандар жетіспеушілігі. Осыған байланысты онда окыту-тәрбие, білім беру, түзету-дамыту жүмыстардың сапасы оқушылардың әлеуметгік бейімделу мен кәсіби -енбекке дайындығына кері әсер тигізді.
1971 жылы 8 акпанда шыққан ҚазССР Министрлер Кеңесінін «Дене және ақыл-ой дамуында кемістігі бар балаларға тэрбие мен білім беру жағдайларын жақсарту туралы» жарлығына байланысты 1971-1973 ж.ж. ауытқулықтары бар балаларга 13 арнайы мектеп ашылды. Осы уақытта ең бірінші орынға арнайы мектеп-интернаттардың материалды-техникалық 198 базасын кеңейту, арттыру сүрақтары мен міндеттері алдыға қойылды. Осыған байланысты 1973 жылы Өскемендегі көмекші мектепке жаңа оқыту корпусын салды. 1974 жылы Талдықорғандағы көмекші мектептің жаңа типті ғимараты салынды.
1974 жылы медициналық-педагогикалық комиссия ауытқулықтары бар балаларды есепке алду белсенді жұмысының нәтижесін, мәліметтерден көрсетті республикада естімейтін және нашар еститін - 600 бала, кормейтін және нашар коретін - 570 бала, сойлеуі тілінде кемістігі бар - 2000 бала, ақыл-ойы кем - 2850, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар- 360 бала мектеп жасындағы бала арнайы окытумен қамтылмаған.
1977-1978 оқу жылы Алма-Аты каласында ауытқулықтары бар балаларға арналған 4 арнайы балабақша ашылды, олардың екеуі сөйлеуінде ауытқуы бар балаларға, біреуі естімейтін және ақыл-ойы кем балаларға арналған, сонымен бірге жалпы бапабақшада кемтар балаларға арналған 373 арнайы топ ашылды.
1984 жылы жалпы білім беретін және кәсіби мектептің реформасы басталды. Реформаның негізгі бағыттары: денсаулығына байланысты жалпы жағдайларда білім ала алмайтын балалар мен жеткіншектерге мектеп-интернатгар жүйесін, оқу мен тэрбиелеумен қатар жүретін арнайы оқыту мен тәрбие бере мекемелері мен сенсорлы мектептер ашуға және дамытуға бағытталған. Бұл мекемелерде балалар тегін оқиды, оларды мемлекет қаржыландырады.
Интернатты мекемелердегі тәрбиеленушілерді дәрігерлік тексеруден жылына 2 рет өткізеді. Диагностиканы өткізудің мәліметтері Қазақстанда дамуында ауытқулары бар балалардың контингентінің өсуін көрсетті. Бұл жерде дамудағы ауытқулықтарды ерте диагностикалаудың әзірленуінің жетілгенің дәлелдейді.
Мектеп реформаларының қозғаған міндеттерінің бірі республикадағы арнайы мектептер жүйесін дамыту, кеңейту. 1990 жылдың басында олардың саны 24398 окушысы бар 122 мектепке жетті. Кебісін кемекші мектептер қурады, олардың саны 18459 окушыны оқытатын 86 мектеп. Республикадағы балалар үйі мен мектептерді материалды қамтамасыздандыру, оқыту мен торбиелеуді жақсарту туралы комиссияның мәліметтерің талдау соңғы жылдары материалды базасының жетілгенің көрсетті. Сонымен, 1984 жылы ССҚР-нің мемлекеттік қаржысынан арнайы мекемелерге - 39,0 млн. сом бөлінді, ол 1970 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп.
1987 жылдың қыркүйек айында республикада ҚазССР Министрлер Кеңесінің «Ата-ана камқорынсыз калған балаларды материалды қамтамасыздандыру, оқу мен тәрбие беру жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу туралы» жарлығын әзірлеуді, жүзеге асыруды ұсынды. 1988 жылы балалар үйінде тағамдар мен дәрі-дәрмектер көбейтілді. Республикадағы мектептерде мұғалімдер мен тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін көтеруге байланысты әртүрлі жұмыстар жүргізілді. Қазақстанның көптеген арнайы мектептерінде әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық семинарлар ұйымдастырылды.
Отандық дефектолог-ғалымдары, оқытушылары дефектологияның дамуына үлкен үлес қосты.
1989-1990 оқу жылдарында Қазақстанда 8 типті 122 мамандандырылған мектеп жұмыс істеді, соның ішінде: 86 көмекші, 2 көрмейтіндерге арналған, 4 нашар көретіндерге, 12 естімейтіндерге және 6 нашар еститіндерге, 2 тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балаларға, 5 сөйлеуінде ауытқуы бар балаларға, 5 психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептер жұмыс істеді. Көмекші мектептен басқа арнайы мектептердегі окушылар әртүрлі оқу уақыттарында орта, толық аяқталмаған білім мен өндірістік-еңбектік даярлықтың білімін алды.
1991 оқу жылында арнайы мектептер жүйесі 124-ке, 1992 ж. 125 -ке жетті, ол жерде 21000 бала мен жеткіншектер білім мен тәрбие алды.
Бірақ 1993 жылдары арнайы мекемелер саны біраз кыскарды. 1995 оқу жылында арнайы мектептер 117-ге дейін кысқарды. Алматыда 3 көмекші мектеп өз жұмысын тоқтатты. Жұмыс істейтін мектептер материалдық жағынан үлкен қиындықтар басынан кешірді. Құрал-жабдықтар мен киім алуда қиындықтар туындады.
1 993-1998 жылдар аралығында республикада барлығы 28 арнайы мектеп жабылды. 90 жылдардың ортасында арнайы мекемелерде оқитын оқушылар саны азайып, керісінше жалпы мектептерде бұзылыстары бар балалар саны көбейіп кетті. Бұл процесс тек 1998-1999 жыл тоқтады. Осы кезенде арнайы мекемелер бастарынан үлкен қиындықтар кешірді, ол санитарлық-гигиеналық нормалардын бұзылуына алып келді, соның арқасында балалардың денсаулығы нашарлап, бұл жағдайлар оларға жағымсыз әсер етті. Балалар арасында әртүрлі аурулар пайда болды.
Мектептердің саңы 1998 жылы күрт азайып кемтар балаларды арнайы оқытудың қиын жағдайын білдірді. Сол кезден қазіргі кезге дейін арнайы мектептердің сегіз түрі қалыптасып, сегіз түрлі кемістігі бар балалар тобына арнайы білім беруде (естімейтін, нашар еститйтін, кермейтін, нашар көретін, сөйлеу тілінде ауытқуы бар, тірек қимыл-қозғалысында ауытқуы бар, психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқуылары бар балалар үшін).
Жалпы арнайы білім берудегі күрделі міндеттердің бірі - балалар ана тілінде окыту болды. Көптеген жерлерде кемтар балаларды ана тілінде оқу мүмкіндік жасалмаған жоқ, қазақ тілінде оқытатын арнайы мекемелер ашқан жоқ, қазақ тілінде мамандарды даярлау толығымен ұйымдастырылған жоқ.
Сонымен қатар кемтар балаларды интернаттарда оқыту тәжірибесі дәрстүрлі болып қалыптасқан, тек кемістігіне сәйкес арнайы мектеп-интернатқа жіберу білім алудың негізгі жолы болған. Бірақ жалпы мектептерде оқыту да орын алған, оның себебі арнайы мектептердің жетіспеушілігі, көптеген аймактарда жоқтығы.
Дамуында ауытқулары бар балалар санының көбеюіне байланысты диагностикалык жұмыстарды толығымен әзірлеу үшін, СССР Министрлер кабинетінің (1991) және ҚР Денсаулык сактау мен Білім Министрліктерінің (1993) жарлықтарына байланысты Қазақстанда үздіксіз жүмыс істейтін психологиялык-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) құрастырылды. Жалпы арнайы мектептер жүйесінің дамуы ғылыми түрғыдан негізделуін талап етеді. Сол себепті, ҚР Білім Министрілімен Министрлер кабинеті қолдауымен 31.03.1991 жылы Республикалык "Ақыл -ой және дене дамуында кемістігі бар балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту" ғылыми –тәжірибелік орталығы ашылған. Бұл орталықтың жұмысы шетелдегі кемтар балаларды оқыту мен түзетушілік қолдау көрсету тәжірибесімен танысуға мол мүмкіндік ашты. Сол кезден бастап біздің отандық арнайы білім беру саласында өзгерістер басталып, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен жүйені жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастыру мәселері қарастырылып жатыр.
Қорыта, отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын тапдай отырып, сол кездегі шешілмеген келесі мәселелерді байқауға болады, олар:
кемтар балаларды арнайы окыту туралы Заңдың жоқтығы;
арнайы педагогикалық қолдауды қажетсінетің барлық кемтар балалардың барлығын қамтамасыз етпегендігі, мысалы, зиятында терең ауытқушылығы бар, күрделі кемістігі бар балалар арнайы оқытудан сыртқа қалып отырған;
кемтар балаларды ерте жастан анықтап, тексеріп, арнайы түзету арқылы қолдаудың ұйымдастырылмағандығы;
отбасында кемтар балалары бар ата-аналармен дұрыс жүйелі жұмыстын жүргізілмеуі;
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тәуелді арнайы мектептердің көбісі интернат түрінде қызмет етуі, сол себепті біріншіден отбасында балаға көмек көрсету жағы толық ұйымдаспай, екіншіден баланы отбасында тұрып, ата-анасынан ажырамау құқықтары сақталмаған;
арнайы білім беру ұйымдарында арнайы даярлаған мамандардың жетіспеушілігі оқыту-тәрбиелеу жұмысының нәтижесіне жағымсыз әсерін тигізген; республикамызда көруінде ауытқуы бар, психикалық дамуы тежелген балаларды окытатын мамандар даярланбаған, соның ішінде өзекті мәселе мектепке дейінгі арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын мамандарды даярламау;
кемтар балаларды өз ана тілінде оқыту мәселесі және арнайы оқыту оку-әдістмелік қамтармасыз етудің күрделі сипаты;
кемтар балаларды есепке алу жұмысын толық үйымдастырылмаған;
арнайы білім беру ұйымдардың жетіспеушілігіне байланысты кемтар балаларды жалпы білім беретің мекемелерде оқыту тәжірибесінін басталуы, ол балалар қалай оқып жатқанын ешқандай ұйымдар қадаламаған;
Сонымен, өткен ғасырдың соңғы жылдары отандық арнайы білім беру жүйесі үшін ауыр тиген байқай отырып, сол жүйенің сақталып, әлемдегі жаңа бағыттарға сәйкес бет бұруын жетістік ретінде белгілеуге болады.
Республикадағы ауытқулары бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбие беруге байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің проблемалары мен әлсіз жақтарын ғана анықтап қоймай, оның болашақта даму беталысын анықтауға болады.