I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет77/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

- сенсорнкалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең (ХҮІІІ ғ.-ХХ ғ. басы)
Бұл кезеңнің басында кереңдер мен соқырлар үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс еуропа мемлекеттерінде жылпығы бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемісіктері бар және ақыл-ойы кемтар балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кемтар балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылуымен ерекшеленеді. Ең маңызыдысы кемтар тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін занды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.
1817 ж. - Дания - кереңдерді міндетті түрде оқыту туралы акт;
1873 жыл- Саксония- соқыр, керең және ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылдады.
1881 ж. - Норвегия -саңырауларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1882 ж. - Норвегия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1884 ж. - Пруссия -көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім.
1887 ж. - Швеция - кедей және ақыл-ойы кемтар балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1889 ж. - Швеция - саңырау балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң.
1892 ж. - Пруссия- көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі
туралы Заң.
1893 ж. - Англия - соқыр, керең балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1896 ж. - Швеция - соқыр балаларды мінтетті түрде оқыту туралы Заң.
1899 ж. - Англия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1900 ж. - Пруссия- саңырау, соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларды
оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1914 ж. -Бельгия- көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң.
1920 ж. Нидерланды- ақыл-ойы кемтар, соқыр, саңырау және нашар естийтін балаларға білім беру туралы қағида.
Ақыл ойы кемтар балаларға арналған көмекші мектептер пен сыныптардың үдемелі дамуы жалпыға міндетті бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның енуімен тікелей байланысты. Мемлекет барлық балаларды оқыта отырып, аталмыш мерзімде білім стандартын меңгере алмайтын балаларға арналған білім жүйесін құруға мәжбүр болды.
Сенсорикалық кемістігі бар тұлғалардың азаматтық құқығын және мәртебесін тану ғана, керең-мылқау балаларға (Париж, 1770 ж.) және соқыр балаларға (1774 ж.) арналған алғашқы мемлекеттік арнайы мектептердің пайда болуына мүмкіндік берді. Дамуында кемістігі бар тұлғалардың тағдырына қоғам көзқарасының өзгеруін Ұлы француз төңкерісі еңгізді. Бұл психиатрияның күрт дамуына жағдай жасады. Ф. Пиннель, Ж,Эскироль, Ж, Итар дәрегерлер кемтар балаларды оқыту тәжірибесін емханаларда бастаған.
Ағылшын тифлопедагогы Г.Армитедж (1824-1894) өзі қайырымдылық ұжымының мүшесі бола тұра, көрмейтіндердің жанұясын аралап ата-аналары мен көрмейтін оқушыларға өмірлік қиындықтарды жеңу туралы ақыл-кеңестерін айтқан.
Бірақ дейді Армитедж, көбінде соқыр балаларды ақыл-кеңеспен қамтамасыз еткенін орнына оларға бір өзім нан берсең сол көбірек көмек болады дейді.
1892 жылы Лондон мен Лейчестер қалаларында ақыл-ойы кем балалар үшін алғашқы мектептер ашылды. Келесі он жылдықта Англияда ақыл-ойы кем балаларды күштеп жабық мекемелерде емдеуге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жанашырлары қарсы шығып, олардың қамқорлығы мен құқықтарын заңды түрде қорғауға ат салысты. Қоғамдық инициатива, 1913 жылы ағылшын парламентіне ақыл-ойы кем тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заң қабылдануына әкелді.
XX ғ. басында есту мен көруінде ауытқуы бар және ақыл- ойы кемтар балаларға арналған арнайы білім беру жүйесін нақтылы рәсімдеу уақыты болды.
Барлық Еуропа елдерінде арнайы білім беру жүйесі дамуының жалпы белгілері:

  • жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның қабылдануы;

  • кемтар балалардың білім алуға құқығын белгілеу;

  • арнайы оқыту жүйесінің қызметің реттейтін шағын нормативті-құқықтық базасын құрылуы;

  • арнайы мектептерді қаржыландырудың бастауы мен принциптерін анықтау;

  • мемлекеттік емес ұйымдарды (қайырымдылық қорлар мен ассоциациялар) қаржыландыру;

  • барлық аймақтағы балаларды арнайы біліммен қамту.

Ресей үшін 3 кезең мемлекет пен қоғамның түбірімен қайта құрылуына себеп болған екі тенкеріс үшін теңдессіз болды. Аталмыш жүйенің қалыптасуының алғы шарттары монархиялық Ресейде қалыптаса бастап, социалистік кезенде рәсімделді. Кезеннің басталуы керең-мылқауларға (1806 ж.) және соқырларға (1807 ж.) арналған алғашқы мектептердің ашылуымен танымал. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің 3 негізгі бағыты дамыды:

  • христиандық- қайырымдылық;

  • емдік-педагогикалық;

  • педагогикалық (мектептер мен балабақшаларда).

Кемтар балаларды оқытуды алғашқы тәжірибесін дәрігер-психиатрлер
(В.М. Бехтерев, С.С. Корсаков, В.П. Сербский, А.Н. Бернштейн, В.П.
Кащенко т.б.) бастаған. Ресейлік психиатрлер қоғамы 1880 жылдан бастап
психикалық ауру және ақыл-ойы кемтар балаларға арнайы мекемелерді
ұйымдастыруға белсене тырысуда. Аномальді балаларға арналған «алғашқы
жекеменшік мекеме» 1882 жылы Петербург қаласында ашылған
И.В.Маляревскийдің дәрігерлік мекемесі болды.
1904 жылы Киев қаласында ақыл-ойы кем оқушыларға арналған дәрігерлік-педагогикалық институт құрылды, онда сондай-ақ атақты профессор И.А.Сикорскийдің Ольга және Елена атты қыздары да оқыды. Бұл мекемге ақыл-ойы орташа «орташа» және «жеңіл» деңгейде бұзылған балалар қабылданды. Бұл жердегі тәрбиеленушілер жалпы білімдік және мамандыққа, еңбектену дайындығынан еткен.
Тек 1908 жылдан бастап ғана жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы занды еңгізу арқасында көмекші мектептер мен сыныптар ашыла бастады. Арнайы мектептер ашылуы мен арнайы білім беру жүйесі рәсімделмеді.
Олигофренопедагогика даму тарихында 1908 жылы Москва қаласында ашылған В.П.Кащенконың «кемтар балаларға арналған мектеп-саноториясы» ерекше орындардың бірін алады. В.П.Кащенконың осы мекемесі және барлық емдік-педагогикалық әрекеті дефектология тарихында аса маңызды орын қалдырған.
В.П.Кащенко (1870-1943) аномальді балаларды жалпы түрде оқыту мен тәрбиелеу процесінің іске асуы үшін белсенді ат салысқандардың бірі болады, сондай-ақ ал дефектология аймағындағы зерттеулер мен СССР-де дефектологиялық білімді шеберлікпен ұйымдастырушы ретінде өте танымал болды. 1905 жылы В.П.Кащенко кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясын ашуға дайындығын бастайды. Осы мақсатпен ол ынталы түрде балалар психологиясы мен психопотологиясының пайда болу белгілерін анықтаумен айналыса бастайды, оны А.Н.Бернштейн және Г.И.Россолимо жетекшілігімен жүргізіледі.
Кемтар балаларға арналған мектеп-санаториясы, кеңес дәуіріндегі дефектологиясының алғашқы және басты ғылыми-әдістемелік орталығы болуына тура келді.
В.П.Кащенконың ашқан мектеп-санаторийінде орталық жүйке жүйесінің әр түрлі аурулары бар балалар және ақыл-ойы кем балалар да тәрбиеленді. Ол өз әрекетін тәрбиеленушілермен нақты қарым-қатынас жолдарын іздеуге ептілікпен бағыттай ала білді. Бұл мектеп санаторийдің қызметкерлері үкімет басшылары жағынан репрессияға ұшыраған алдыңғы қатарлы педагогтар болды, олар С.Крюков, В.Бабыков, И.Воскобойниковтар.
Мектеп-санаторийдің маңызды міндеті тәрбиеленушілердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оқыту процесінде баланы өз еркіне, белсенділікке тәрбиелеу негізінде кемтарлықты жеңіп, оны жерітуге бағытталған. Бұл оқыту тәсілі тәрбиешілердің білімді меңгерудегі танымдық әрекетінің белсенділігіне негізделеді.
Кемтар балалардың білім алудағы кемшіліктерін түзетудің белсенділігін қамтамасыз барлық сабақтарда, барлық пәндерде кеңінен қолданатын, негізгі әдісі - қол еңбегі. Қол еңбегі сабағын В.П.Кащенко мен оның әріптестері қарастырып, ол тек ерекше оқыту пәні емес, сондай-ақ білім беру мен тәрбиелеудің негізгі, оқытудың жан-жақты тәсілі деп шешті.
В.П.Кащенконың мектеп-санаторийдегі оқыту процесін ұйымдастырудағы бір қызық жайт, онда барлық оқу пәндерінің өзара байланысы, органикалық байланысты тығыз қамтамасыз етілгендігі. Бұл оқушылардың білімге деген қызығушьшығын арттырып, білімдерін тереңірек қалдырады деп санаған. Сондай-ақ оқушылардың белсенділігін арттыруда көрнекіліктерді көптеп қолдану мен оқыту барысындағы қолданылатын түрі ойындар да баланың қызығушылығын арттыруда қамтамасыз етті.
Мұнда сондай-ақ тәрбие жұмысына да үлкен мән берілді, бұл жерде қызметкерлер балаларға белгілі бір сыйластықпен қараған, оларға үлкен кісі ретінде қарым-қатынас ұстады, мысалға, балалар мұғаліммен амандасуды ұмытып кетсе, мұғалімдер өздері бірінші болып балалардың амандығын сұраған; тәрбиеленушілердің шағымдары мен өтініштерін мұқият тындаған.
Тәрбиеленушілерден қатаң түрдегі бағынушылықты талап етпеген. Бұл жөнінде В.П.Кащенко мен С.Н.Крюковтың «Қиын балаларды тәрбиелеу және оқыту» деген кітабында жазылған.
Бұл мектеп-санаторийдегі балалардың жағымсыз қылықтарын В.П.Кащенко мен оның әріптестері «қатыгездік еріктің белгісі» және «қайырымсыздық» деп емес, керісінше ол оқушының қателігі, жолдан таюы немесе оның ауру жағдайының салдары деп қарастырған. Ал балалар ондай әрекет жасаған болса оны невроздар, уакытша аурудың белгісі ретінде санап, оларды уақытша төсекке жаткызып қояды. Бір жағынан бұл тәсіл шынымен-ақ балалардың нерв жүйесінің дем алуына әкелсе, екінші жағынан ол педагогикалық нәтиже беретіні де көрсетілген, яғни бала өзін «ауру» деп есептегісі келмей, өздерінің сау екендерін дәлелдеуге тырысқан.
Ал басқа түзету әрекеттер жүйесін айтатын болсақ олар: дене жаттығулары, таза ауада серуендеу, суға шомылу, түрлі ойындар өткізу, т.б. с.с. қысқасы, айта кететін бір жайт В.П.Кащенконың мектеп-санаторийінде жұмыс тәжірибелерінен арнайы балалар мекемелерінде осы заманғы мамандары да өзіне көптеген пайдалы кеңестер табуына болады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу ісіне жауапкершілік алық ағарту комитетіне жүктелді. Кеңестік Ресейде арнайы оқыту жуйесі қалыптаса отырып, кемтар балаларды қоғамнан оқшалайтын, сарапталған арнайы оқу мекемелерді құру қарастырылды. Арнайы білім беру негізі мекеме ретінде мектеп-интернаттар бекітілген. Кеңестік арнайы мектептің қалыптасуының аталмыш кезеңде атақты педагогтар өз бағасыз үлестерін қосты.
Сөйтіп, Ресейдегі 3 кезеңнің соңында керең, соқыр және ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы білім беру жүйсінің занды рәсімделу уақыты деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет