2. Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі Білім алушыларды аттестаттау әдістемссінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы «2» наурыз № 166 бұйрығымен бекітілген
Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі
1. Негізгі ережелер 1. Осы Ереже «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 6 - тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ереже:
1) білім алушылардың теориялық білімінің накты деңгейін белгілеу және оқу жоспарының міндетті құрамдас бөлігінің негізгі пәндері бойынша олардың практикалык дағдыларын түсіну;
2) осы деңгейді білім стандартының талаптарымен және оқушылардың нақгы танымдык мүмкіншіліктерімен жакындастыру;
3) білім алушылардың жеке және типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндерін зерделеудің оку бағдарламалары мен күнтізбелік -тематикалық кестесін орындау;
4) білім алушыларды қорғауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оқу жүктемесін регламенттеу бөлігінде олардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуді белгілейді.
2. Ақыл - ойы кенжелеп қалған балалардын (дамуында интеллектуалдық бұзылушылықтар бар балалар) оқу жетістіктерін өлшеуге қойылатын талаптар 3. Ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға (дамуында интеллектуалдык бұзылушылыктар бар) арналған арнайы (түзету) ұйым (көмекші мектеп) негізгі және орта білім бітіргені туралы құжат бермейтін кемтар балаларға арналған арнайы түзеу білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің арасындағы жалғыз ұйым.
4. Психофизикалык дамуының ерекшеліктеріне және бұзылыстарының барлығына карай сапалы, толык келемде бағдарламалық материалды жекелеген оқушылар ғана игеріп алып кетуге қабілетті. Қалған балалар бағдарламалармен толық таныса алады, ал оның ішінде білім мен дағдыларды олардың бір бөлігі ғана табысты меңгереді. Оқушынын оқуда аса жоғарын әтижелерге жетуіне ұмтылуы оның ынталы, орындаушылык, шыдамдылык, уақыт пен күш жұмсай білуінде көрінеді, бірак кабілетінің жоктығы, ақыл - ой дамуының кемістігі окушыға бағдарламалык материалды игеруде айтарлыктай жетістікке жетуге кедергі жасайды. Сондыктан көмекші мектептердің мұғалімдердің алдында барлык балаларға бірдей білім беру міндеті тұрған жоқ.Кейбір окушылар окудың, жазудың, есептің бастапқы дағдыларын үйренсе, коршаған орта, қоғам өмірі жайында аз мөлшерде білім алса, үжымда болуға және онда еңбек етуге үйренсе, мектепті бітіргеннен кейін когамдық өндіріске енуге қабілеті болса, өзін қамтамасыз ете отырып, өз бетінше өмір сүрсе де жеткілікті болады. Мектепті бітіргеннен кейін бітірушілер негізінен окуды жалғастырмайды.
5. Ақыл - ойы кенжелеп қалған балаларды гуманистік және жеке оқыту принципі олардың білімі мен дагдыларын бағалауда стандартты емес түрғыдан қарауды талап етеді. Осы үйымдардың негізгі міндеттері ақыл - ойы жетіспейтін балаға әр жақты педагогикалық қолдау көрсету. Әрбір оқушы өте қажетті және игере алатын білім келемін меңгереді.
6. Мүғалім баланың танымдық мүмкіндіктерін алдын - ала зерделеп алып, жеке оқыту бағдарламасын дербес белгілеуге қүқылы, бүл ретте оқыту деңгейін жасанды түрде төмендетуге жол берілмейді.
7. Білімді бақылаудың барлық түрлері (ауызша, жазбаша, практикалық) білім алушылардың қызметін уэздемелеу және ынталандыру күралы ретінде ғана дәстүрлі бес балдық шкала бойынша бағалау ұсынымдалады
8. Білім алушылардың білімін бағалау кезінде алған білімдерінің толықтығы мен дұрыстығы, сондай - ақ мүғалім беретін көлемдегі дағдылардың қалыптастырылатындығы ескеріледі. Мүғалім 1,2,3 және 4 сараланған топтың оқушыларына оқыған сабағы үшін немесе тоқсандық және жылдық қорытындысына бірдей баға қоюға қүқылы, бірақ әрбір оқушыга өзінің деңгейі мен алған білім көлемінде койылады.Бүл ретте әрбір пэн бойынша сыныптық журнал алфавит бойынша емес сараланған топқа бөлінуіне сәйкес толтырылуы тиіс. «5» бағасы 2,3,4 топтағы оқушыларға тоқсандык немесе жылдықтың қорытындысы ретінде мүғалімге білім беру көлемін үлғайтуға және балаға қойылатын талаптың деңгейін арттыру қүқын береді. «5» - ке бағаланған 1 - ші топ окушылары көмекші мектеп бағдарламасын озық окуына болады. Қорытынды «2» бағысы қайта екінші жылға қалып оқуына себеп болып табылмайды. Бала келесі сыныпқа көшіріледі, бірақ оның оқу деңгейі төмендетіледі.
9. Түзету циклы пәндері бойынша білімді бағалау жүзеге асырылмайды.
10.Ауыстыру емтихандары көмекші мектепте жүргізілмейді.
11.Ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған арнайы (түзету) үйымдарында оқу, еңбекке баулу сабағының емтиханымен аякталады, ол практикалық бакылау жүмысы мен мамандық бойынша ауызша емтиханнан түрады. Оқушылардың кэсіби даярлығының жай - күйін тексеру оқу материалының толықтығы мен қиындығына койылатын екі деңгейден тұрады:
оқуда кенжелеп қалған балалар үшін олардың үлгерімінің төмендігі даму кемістігінін тереңдігі мен кең таралғандығына негізделеді;
кәсіптік бастауыш даярлығының бірінші кезеңін меңгеруге қабілетті аса мықты оқушылар үшін.
12.Екі кәсіпті игеретін оқушылар бір пән бойынша бітіру емтиханын міндетті түрде, екінші пәнді еркі бойынша тапсыруы тиіс.
13.Ақыл - ойы кенжелеп қалған оқушылардыц алған төменгі бағаларының көрсеткішін мүғалімді аттестаттау кезінде оның әдістемелік сауаттылығының өлшемі ретінде пайдалану жіберілмейді.