Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Арнайы педагогиканың әлеуметтік-мәдени негіздері Арнайы педагогиканың әлеуметтік мәдени негіздері XX ғасырдың ортасына дейін шетелде және кеңес дәуірінде тараған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың концепциясы философияның ықпалымен қалыптасты (В.Штерн, А.Мессер). Оның негізін қалаған адамзаттың әлеуметтік пайдасын жариялаған философия. Осыған сәйкес, мектеп қоғамға белсенді және әлеуметтік пайдалы мүше тәрбиелеуі тиіс болды. Мұнда арнайы білім берудің құндылығы - кемістікті түзету арқылы кемтар тұлғаларды қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру болды.
Бұл контексте кемтар адамдардың қоғамға деген ауыртпашылығын алдын алу үшін, олардың кемшіліктерін түзету мен орын толтыру арқылы жалпы ортақ өндірістік еңбекке қосу мәселесі қарастырылған.
Бұрын қоғам мүмкіндігі шектеулі адамдарды алдын ала «қоғамның толық мүшесі емес» деп жариялап, оларды өз заңдарына бағындыру арқылы түзету жұмыстарын жүргізген. Ол кезде ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды қоғамға бейімдеу жұмыстары қарастырылмаған.
Өз тиімділігі мен прогрессивтік бағытына қарамастан өткен ғасырдың 20-жылдарында Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та аталмыш концепция беделінен айырылған. Бұл жағдайға жағымсыз әсерін шетелдердегі дискриминациялык идеялардың қозғылысы тигізген.
Бірінші әлемдік соғыс аяқталуымен мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды пайдасыз мүшелер деген ой-пікірлер кең тарап, биологиялық тазалықты сақтау бағытында дене және психикалық дамуында тұлғаларды қолдан ұрықсыздандыру туралы зандар бірқатар мемлекеттерде: АҚШ, Канада, Дания, Швейцария кейін Германияда қабылданған.
Бұл ой-пікірлердін таратылуына фашистік идеология өз рөлін атқарды. Сол кезде "әлеуметтік тиімсіз", "кемдерді" өмірден айыру, мүлде жер бетінен жою шараларының идеологиясын негіздеп, жүзеге асырды.
Сол кезде "әлеуметтік пайдасыз" тұлғалар қатарына ақыл-ойы терең зақымдалған, мүгедектер мен қартайған адамдар, туберкулез бен эпилепсиямен ауратындар нақты жоспар бойынша өлімге жазаланды. Сонымен қатар дефектолог педагогтар құдаланып канцлагерьде өлімге жазаланған.
Кеңес дәуіріндегі дефектология (арнайы педагогикада) мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамдық пайдалы мүшесі ретінде тәрбиелеудің әлеуметтік оңалту концепциясы тәрбиелеу туралы кеңес дәуріндегі педагогиканың концептуальді негізімен сәтті бірігіп кетті.
Бірақта қоғамның тұлға қызығушылығына деген көзқарасын біздің елімізде «екінші сортты адамдар» деген беделмен бекітілген. Осының салдарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы шектейтін - қорғаушы (патерналистік) бағытта жүзеге асырылды.
Дамуында аутқуы бар балалардың ата-аналары балаларын мектепке әкеле салысымен-ақ қоғамның «патерналистік» көз-қарасымен кездесіп қала берді, шындығы, қазіргі күннің өзінде-ақ білім беру жабық интернаттар түріндегі мекемелерде ұйымдастырылған. Яғни, ол дегеңіміз кемтар балалардың әлеуметтік өмірге қатысуындағы мүмкіншіліктерінің еріксіз шектелуіне әкеледі деген сөз. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар беделі төмен, қарапайым мамандықтарды игеруі, құқықтарын қорғау саласы нашар болғандық пен қатар үйреншікті өмірдің төмен сапасын мойындау -маргинализация жағдайын қалыптасуын туғызады. Маргинализация -дегеніміз әлеуметтік ортада қатынасу мүмкіндіктерді амалсыз шектеуді білдіретін ұғым, нақты әлеуметтік рөлдерді тандау, әлеуметтік қызметтерді орындау, әлеуметтік және мәдени ақпаратқа қол жеткізу т.б.
Патерналистік дәстүр тұлғанын мүмкіндіктерін амалсыз шектеуін білдіреді және әлеуметтік белсінділігін ғана төмендетіп қоймай біреудің қарауында болуға үйретеді және маргинализациялық көрсеткіштерді күшейтеді.
XX ғасырдың екінші жартысында, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде демократиялық, ұлттық-бостандықты жариялайтын қозғалыстар басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары өмірдегі ең жоғары құндылық - адам өмірі мен бостандыы екенін көрсетті. Сол кезде 1948 жылдан бастап "Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы" қабылдағаннан кейін, бүкіл әлем адамгершілік бағытын көздейтін халықаралық құқыктық құжаттар құра бастады.
Бұл контекстегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік тұрғыда қайта кұрылуына деген жаңа көзқарастың мәнінін негізі - ол адам қоғамға пайда әкеле ме, әкелмей ме, соған қарамастан әр қайсысының құқығын қорғап, бас бостандығының кепілдігін бере отырып тәуелсіздікпен еріктіліктің жоғарғы деңгейіне жету идеясы болып саналады.
Тәуелсіз өмір сүру материалдық тәуелсіздік қана емес, сондай-ақ қозғалыс әрекетін жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, күнделікті өмір жағдайында біреуге тәуелді болмауды білдіреді, яғни жалпы кең мағынадағы түсінік.
Осылайша қоғамдық пайдалы еңбек пен адамдардың әлеуметтік құндылығы - қазіргі әлеуметтік оңалтудың басты, жалғыз мақсаты болып саналмайды. Ең негізгісі ол рухани- этикалық және әлеуметтік -экономикалық ығыстыруды жою, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды маргинализаңия шараларын алдын алу. Осылайша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлемдегі қалыпты адамдар бейімделген заңға емес, өздерінің жеке бас жағдайларына сай заңдарға ғана бағына алатындай, тепе-теңдік мүмкіндігі туады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік мәдениетке енгізу және бейімдеудің қазіргі процесі тәуелсіз, еркін өмір сүру идеясының ңегізін қалаушы ретінде көрінеді. Мүгедектердің теңдігін қамтамасыздандырудың стандарттық ережесі (БҰҰ 1993) әлеуметтік проблемаларды шешудің қолайлы жолы ретінде - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіруді ұсынады. Арнайы педагог баламен жұмысты неғұрлым ерте жастан бастап, оның әлеуметтенуінің негізін қалыптастырады. Педагог біріктіруді 30 қамтамасыз ету үшін өзгеше (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы) және типологиялық ерекшелікгерін (нақты бір кемістігі бар тұлғаларға тән, ортақ) және психологиялық-педагогикалық амал-тәсілдер арқылы әрбір баланың әлеуметтену проблемаларын шешу жолдарын ескеруі тиіс.
Қазіргі арнайы педагогика мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қоғамға қосу мен бейімдеу үшін тәуелсіз өмір сүру идеясын негізгі екенің растайды. Арнайы педагогика дамуында кемістігі бар балалардың әлеуметтік-мәдени проблемаларын біріктіру мәселерін, әр топқа сәйкес зерттей отырып, өмір сүрудің базалық компонентерін анықтайды, олар: тіршілік ету мен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеттері, әлеуметтену, қарым-қатынас саласы мен рекреация.
Тіршілік ету - мүмкіндігі шектеулі тұлғаның қоғамның өндірістік және қызмет көрсету немесе зиятты еңбек ету және үй шарусы мен қаржы салаларында белсенді қатысуын қамтиды.
Әлеуметтену - адамның өмірдің барлық саласында қастерлі толыққанды қатысу үшін қоғам туралы білім мен дағдыларын меңгеру процесі мен нәтижесі, қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен кұндылықтарын меңгеруі.
Тұлғаның толық әлеуметтенуінің маңызды жағдайының бірі әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру - қарым- қатынас яғни коммуникация.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік қатынастарды меңгеру мен әлеуметтенуде көптеген қиындықтарға ұшырайды, өйткені ақпаратқа жету жолдары түрлі себептерге тәуелді шектелген.
Психологтар мен әлеуметтанушылар анықтағандай, дене немесе психикалық дамуындағы кемістік тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізетін негізі көрсеткіші және әлеуметтенудің жағымсыз сипатын білдіреді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қалыпты тұлғалар сияқты тек еңбек етуге ғана емес сонымен қатар күш денсаулығын қайта оңалтуға құқылы және өз демалысын өнімді, нәтижелі ұйымдастыра білуі тиіс яғни рекреация ету үшін жағдайды қамтамасыз ету.