I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет8/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

Әнгімелесу әдісі арнайы педагогтар, мүмкіндіктері шектеулі оқушылар және олардың ата-аналарынан қажетті деректер жинау үшін жүргізіледі. Әңгімелесудің сапалы нәтижесін сенімділік қарым-қатынаста жетуге болады, талаптың бірі алдын ала қойылатын сұрақтарды кемтар балалрдың ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу қажет (жас, даму деңгейін ескеруі тиіс, сөздер түсінікті болуы тиіс, жауап беруге уақытты ескеру қажет т.с.с. ). Әңгімелесу барысында жауптарды және өзгеше жағдайларды міндетті түрде хаттау талап, кейін жауаптарды арнайы педагогтар талдап, қажетті әрекет жүргізеді.
Эксперимент. Арнайы педагогикада оқыту әдіс, тәсілдердің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексерудің тұрі - эксиеримент. Педагогикалық эксперимент оқыту, тәрбиелеу немесе түзетушілік, дамыту барысында ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған тәжірибе. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалық - қандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдай ұйымдастыру. Бұл әдістің ерекшелігі зерттеуші қойылған мақстатқа сәйкес педагогикалық процестің шарттарын өзгертуі мүмкін. Педагогикалық экспериментің негізгі мақстаты - ғылыми болжамды тексеру, міндеттерді шешу. Деректеуші эксперимент Педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған. Ал үйретушілік эксперимент нақты бала немесе ұжымдағы балалар дамуындағы, оқыту мен тәрбиелу, түзету жұмысындағы өзгерістерді бақылау, салыстыру мақстатында жүргізіледі. Экспериментті жүзеге асыру, ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуді және алынған деректерді хаттау талап (жазбаша хаттама, бейнетаспаға түсіру т.б.)
Арнайы әдебиеттерді оқу. Бұл әдіс арнайы педагогиканың проблемаларын шешудін ең алғаш кезеңінде пайдаланады. Арнайы әдебиеттер тізіміне жатады:

  • арнайы педагогикалық әдебиеттер (монографиялар, оқу және әдістемелік құралдар, оқулықтар).

  • периодикалық басылымдар (ғылыми мақалалар);

  • басқа байланыс ғылымдар білім жөнінде ғылыми әдебиеттер (психология, жалпы педагогика, арнайы педагогиканың пәндік салалары, психодиагностика т.б.);

  • анықтама әдебиеттер мен сөздіктср (дефектологиялық, логопедиялық, сөздіктер, педагогикалық энциклопедиялар т.б.).

Арнайы әдебиеттерді зерттеу арнайы педагогиканың тарихи дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесін, арнайы педагогтардың ізденіс пен жетістіктерімен танысуға жол ашады.
Арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында келесі жұмыс түрлері жүзеге асады:
кітапдерек - зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған дерекгік әдебиеттер тізімі;
реферат жазу - жалпы тақырып бойынша бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;
конспектілеу - жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар:
аннотациялау - кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша қорытынды мазмұнын жазу;
сілтеме беру - әдеби деректе келгірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет