Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
Оқытудың саналылығы мен белсенділігі Білім мен іскерлікті меңгерудегі саналылықты қамтамасыз ету -арнайы педагог әрекетінде аса күрделі мәселе. Жалпы оқытуда саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың оқу материалын сапалы түсінуіне, мектептегі оқытуды сананың қатысуында, танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған. Ал арнайы мектепте бүл принципті жүзеге асыру қиын, ауыр жағдай, өйткені оқушылырдың дамуындағы ерекшіліктер өз әсерін тигізеді.
Арнайы мектепте білімді игерудің сапасы көп жағдайда сабақта жүргізілетін жаттығуларға тәуелді болады. Бір ережедегі жаттығулардың бірнеше жүйесі тандалып алынады, өз кезегінде олар игеру түрлі дәрежесінің болуына ықпал жасайды.
Оқушылардың, әсіресе бастауыш сыныптарда оқу ынтасы, көп жағдайда, оқытудың нәтижесін анықтайды. Оқушының өз бетімен ойлауына, дайындығына талапты біртіндеп күшейту керек, сол кезде ілімдерді игеру жасампаздық сипат алады. Арнайы оқытуда оқушылардың оқу жұмысына қатынастарына зейін аудару керек.
Бұл принципті жүзеге асыру үшін ең бастысы - оқушы үшін оқу материалы және оның танымдық іс-әрекетінің қандай мәні бар екендігін түсіну керек. Белсенділік әрдайым адамның қоғамдық мәнінің нақты бағыттарын, оқушы үшін мәні бар обьектілерге жинақы бағытталғандығын көрсетеді. Білімді меңгеруде оқушының белсенділігі әртүрлі және мұғалім талаптарына сәйкес болмауы мүмкін. Мұғалімнің зейіні ойлаудын логикалық операцияларына аударылса, оқушының ойлау белсенділігі мысалдар мен көрнекіліктерде. Арнайы мектеп оқушылар ережелерді жаттап меңгеруде қиналады, ал мысалдарды есте қалдыру, көрнекілікпен жұмыс жасау жеңіл және қызықты.
Саналы меңгеру - яғни фактілерді ажырату, олардың мәнін түсіну, арасындағы байланыс пен қатынастарды анықтау. Саналылық нәтижесі -дұрыс ұғым түсінікті бейнелейтін және тәжірибеде қолданылатын ғылыми негіздегі білімді қалыптастыру. Бұл принциптің естімейтін балаларды оқытуда маңызы ерекше, өйгкені бұл балаларда ауызша сөзбен айтылған материалдарды меңгеруде қиындықтар кездеседі. Н.Б.Морозова. Т.В.Розанова, И.М.Соловьев мәліметтері бойынша мәтінді толық түсінбеу байланыстарды (заттар арасында, уақыт пен құбылыстар арасында) байқауда қиындыктар туғызады. Ал ақыл ойы кем балалар берілген материалдың негізгісі мен қосалқысын ажырата алмайды өздерінің әрекетін түсінбейді және ұзақ уақыт бойы мұғалімнің сөзін тыңдай алмайды. Сабақтағы оқушының белсенділігі туралы оның мүғалім сұрағына жуап беруге дайындығы жолдастарының пікіріне өз пікірін қосу, өз бетімен сұрақ қою дерек пен дәлелдерге сүйену. Мұғалім саналылық пен белсенділікке түрлі құралдар мен тәсілдерді пайдалана отырып қол жеткізуі мүмкін, мысалы техникалық оқыту құралдар арқылы. Ал кемтар балаларды оқытуда саналықпен белседілікке қол жеткізу үшін келесідей негізгі талаптар ескеріледі;
қайталап түсіндіру, түсінбеген жерлерін анықтау және түзету;
өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Саналылық пен белсенділік принципін пайдаланудың нәтижелілігі оқушыларда қалыптасқан танымдық белсенділік және өз бетімен жұмыс істеу деңгейіне байланысты анықталады.