Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
Оқытудың қол жетерлігі Оқыту арнайы мектеп оқушылардың жасына, даму деңгейіне және кемістіктің түріне сәйкес қол жетерліктей болуы керек. Бұл принцип арнайы педагогика үшін өте маңызды.
Қол жетерліктің елеулі белгісі - қабылданатын білімнің оқушы санасында бұрыннан меңгерілген білім деңгейімен байланысы. Егер бұл байланыс қалыптаспаса, онда білім арнайы мектеп оқушыларына қол жетпестей болады. Бұл жағдайдың себептері: материалдың күрделілігі, оқыту әдістерінің сай еместігі, ал негізгісі оқушылардың таным ерекшеліктері .
Білім баланың жеке тәжірбиесіне, сол жеке тәжірбисге оның бөлігі ретінде енсе қол жетерлікке айналады.
Оқушының өміріне және кол жеткен табысына айналған осы бейне қоршаған әлемнің кез келген құбылыстарымен, заттарымен қатынаста болады, өйткені, материалдық дүниені ақыл-ойы арқылы бейнелеудің басқа танымның жолы жоқ және барлығы өзара байланыста.
Негізінде белгілі мен белгісіздің байланысының теориялық шекарасы да, шегі да жоқ. Адамзат жинақтаған білімнің бәрі өзара байланысты. Әлем шексіз, сондықтан да адам танымының шектеуші мүмкіндігі бар. Бірақ кез келген уақытта деректер, идеялар, теориялар түрінде білімдер жиынтығының белгілі бір шегі мен көлемі болады. Осыдан танымның шектелген шындығы мен шексіз мүмкіндігінің арасында қарама - қайшылық туады. Осы қарама -қайшылықты шешу тәсілдері ақыл - ойдың жеке дамуымен болады және оқу материалының игерілуінің қол жетерлігінің әртүрлі дәрежесі анықтайды.
Арнайы оқыту үшін қол жетерліктің шекарасы, оның өлшемі аса маңызды мәселе. Оқу материалының қол жетерлігі және түсінілу мүмкіндігі арнайы мектептегі оқыту әдістері мен мұғалімнің шеберлігі және оқушылардың ойлау даму дәрежесіне тәуелді болады.
Оқу материалының оқушылардың дамуына пайдалы және қажеттілігін ажырата білу керек. Қоршаған әлемді дұрыс көре біліп, түсінуге мүмкіндік беретін кез келген білім пайдалы болады.
Оқытудың қол жетерлік принципі білімге және оның өмір тәжірбиесіне негізделген болуы қажет және оқылатын білім жүйесі жалпы дамудың тереңірек деңгейіне өтуге кемектесуі немесе осы етуді қамтамасыз ететін бағыт жасауы керек. Накты дамудың жақын аймағын дамудың езекті аймағына айналдыру арқылы жүзеге асады. Окытудың белгілі жағдайында оқу материалының окушының даму міндеттерін шешу үшін қажеттігіне кез жеткізетіндей болуы керек.