I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет48/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Арнайы білім беруде тәрбиенің ерекшелігі неде?

  2. Тәрбие принциптерін атаныз, олар мүмкідіктері шектеулі баланы тәрбиелеуде қалай жүзеге асады?

  3. Арнайы мектепте адамгершілікке тәрбиелеу өзгешілігі не білдіреді?

  4. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары қандай?

  5. Дене тәрбиесінің міндеттері қандай?

  6. Мүмкідіктері шектеулі баланы отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері қандай?



Әдебиеттер:

    1. Сурдопедагогика / Под ред М.И.Никитиной. - М, 1989 г.

    2. Обучение детей с нарушениями интеллектуального развития (Олигофренопедагогика) под ред. Б Л. Пузанов. Учебное пособие - М. - 2001.

    3. Мастюкова Е.М., Московкина А.Г. Семейное воспитание детей с отклонениями в развитии. - М. - 2003.



Дәріс № 22-25
Қазіргі арнайы білім беру жүйесі


Жоспары:

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері.

  2. Кемтар балаларға ерте көмек көрсету жүйесі.

  3. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.

  4. Арнайы мектептер жүйесі.

  5. Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдары.

  6. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби білім алуы, оларды кәсіби бағдарлау.

  7. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.



Түсініктер: арнайы білім беру ұйымдары, түзету кабинеттері, оңалту орталык, логопедиялық пункт, кәсіби білім, әлеуметтік көмек, әлуметтік бейімдеу
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері:

  1. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары;

  2. Түзету білім беру ұйымдары;

  3. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;

  4. Арнайы білім беру ұйымдары;

  5. Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған білім беру ұйымдары.

Арнайы білім беру мекемелерінің мақсат - міндеттері, оның принциптері:
1.Арнайы білім беру мекемелерінде кемтар балаларды оқыту
жұмыстары, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді
медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру
мен кәсіби диагностика жүргізу, оналтудың жеке бағдарламасын әзірлеу,
медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер
көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
2.Арнайы білім беру мекемелерінің мақсаттары:
1) туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау; балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру;
2) кемтар балалардың дене, психика және өзге де кабілеттерінің орнын толтыру немесе оларды қалпына келтіру, олардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру, неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу болып табылады.
3.Арнайы білім беру мекемелерінің міндеттері:

  • кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алу;

  • арнайы білім беру және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;

  • кемтар балаларды әлеуметтік бейімдеу;

  • кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау;

- халықты әлеуметік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарымен арнайы білім беру ұйымдарын сабақтастыру болып табылады.
4.Арнайы білім беру мекемелердін қызметі келесі принциптерге
негізделеді;

  1. кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау және оңалту көмегін көрсету кепілдігі;

  2. кемтар баласы бар отбасы мен арнайы білім беру ұйымдар мамандарының ынтымақтастарына;

  3. балалардың қабілеттердін шектелу дәрежесіне, жасына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ерте колдау мен білім алуға қол жеткізуіне және тең құқықтылығына;

  4. әрбір балаға жеке дара колдау көрсетуді саралауға

"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңында кемтар балаларға білім беруді ұйымдастыру келесідей көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі білімді - үш жастан бастап, бастауыш және негізгі жалпы білімді жеті-он жастан бастапалуына болады. Бұл ретте мемлекеттік білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі жалпы білім берудің ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиіс.
Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар. Мемлекет кемтар балаларды кәсіби даярлауға жәрдемдеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет