Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.
Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың сыныптардың белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пункті ашу 14-16 сыныптар болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20 - 30 адам, ауылдық жерде 15-25 адам оқиды.
Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің бастауыш мектеп - бала бақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балалар оқу - тәрбие орталықтар басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.
Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктына ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетико -фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, кекештену, сөйлеудің айту жағы бұзылған (дислалия, дизартрия, ринолалия)) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтар мен кіші топтарға бөлу үшін тізімде тіркеледі.
Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтық) сабақтар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау келесі талаптар бойынша:
сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам;
СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам;
ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам;
кекештенумен - 4-6 адам;
дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі.
Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар, сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда немесе "Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау", "Бейнелеу өнері", "Еңбек және құрастыру" бойынша сабақтар кезінде жүргізіледі.
Кейінгі уақытта, жалпы бұзылыстары бар және тіл кемістігі бар балалардың санының ескені байқалады. Бала - бақшалардың ортаңғы топтарында, тіл кемістігі бар балалар 60 % - құрайды. Олардың жартысынан көбі, I – дәрежелі тіл кемістігі бар балаларға жатпайды және арнайы тілдік топтарға бөлуге де жатпайды. Біз мұндай жағдайдан шығудың себебін логопелдиялық пунктердің ашылуы және кызмет істеуі деп білеміз.
Ауданда, қалада, облыста жалпы білім беретін мекемелер жанында бірнеше логопедтік пункт болған кезде аудандық (қалалық), облыстық, әдістемелік кабинеттерде немесе қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарында мұғалім - логопедтердің әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.
Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация (ПМПК) қызметі (ҚР Білім және ғылым министрілігінің №744 бұйрығымен бекітілген (14.ІХ.2004 ж.).
ПМПК - арнайы білім беру ұйымдарының түрлерінің бірі болып табылады, 60 мын 0- 18 жасқа дейінгі балалар үшін облыстың (республикалық маңызы бар қалаларында, Астанада) әкімдерінің шешімдерімен ашылады.
ПМПК дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді медициналық-педагогикалық-психологиялық тексеруді өткізіп, оларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік, медициналық, педагогикалық қолдауға деген құқықтарын бекітіп, ата-аналарына (өкілдеріне) кеңес беру бағытында кешенді қызмет етеді.
ПМПК-ға балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары жібереді, ата-аналар ешқандай құжаттарсыз өз еркімсн баруға құқылы.
Алғаш тексеруде баланы толық, кешенді келесідей мамандардан қарайды: невролог, психиатр, психолог, арнайы педагог, логопед. Барлық тек серулердің нәтижелері баланың жеке даму картасына тіркелуі тиіс. Бұл карта ПМПК-да 5 жыл сақталады, кейін архивке өткізіледі.
Баланы тексеру процедурасы ПМПК тексеру мақсатына сәйкес етеді. Маманның баланы тексеру жекеше басқа мамандардың қатысуымен жүзеге асады, ата - аналардың қатысуы нақты жағдайдың ерекшелігімен анықталады. Баланы тексеру әдістемесімен қамтамасыз ету әрбір маман өзі белгілейді. Әр маманның тексеруіне хаттама жүргізілуі тиіс, баланы тексеру жоспар мазмұнымен сәйкестеледі.
Мүмкіндіктері шектеулі баланы тексерудің нақты қорытынды тек кешенді келесімі бойынша ғана беріледі. ПМПК-ң қорытындысы баланың даму ерекшеліктерін көрсете, медициналық, психологилық, педагогикалық, әлеуметтік қажеттіліктерің, оларды қамтамасыз ету шараларын, лайық білім беру ұйымың бекітеді.
ПМПК штатына міндеті түрде келесі мамандар кіреді: психиатр, невропатолог, сурдолог, офтальмолог, педагог-психолог, мұғалім-логопед, дефектологтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог, медициналық статист, бухгалтер, санигар.
Бала дамуындағы кемістікті терең тексеру қажет болған жағдайда ПМПК құрамында диагностикалық-түзету топтар ашуға болады.
Қазіргі уақытта дамуында күрделі, ауыр кемістіктері бар балалар мен жеткіншектердің арнайы білім, тәрбие алып және әлеуметтік бейімделуі үшін жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдары кеңінен ашалып жатыр. Бұл орталықтар: психологиялық-медициналық оналту мен түзету, педагогикалық, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен мамандыққа бағдарлау, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек бала мен оның отбасына, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету қызметтерін атқарады.
Күрделі және көптеген кемістігі бар балалар мен жеткіншектер үшін жаңа үлгідегі арнайы мекемелер моделі құрылған. Мұндай білім беру мекемесінің (Псковск қаласындағы емдік-педагогикалық орталық) он жылдык тәжірибесі күрделі және көптеген бұзылыстары бар балаларды білім беру кеңістігіне қосу керектігін көрсетті.