Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар: Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасу эволюциясынын құндылығы не?
Қазіргі уақытта отандық арнайы білім беру жүйесі эволюцияның бесінші кезеңімен қалай үйлеседі?
Қазіргі мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға деген қоғам көзқарасы қандай?
Әдебиет: Специальная педагогика /под ред. Н.М. Назаровой. - М. - 2001.
Замский Х.С. Умственно отсталые дети: история их изучения, воспитания и обучения с древиих времен до середины XX века. - М. - 1995.
Дәріс№ 42-43 Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінін даму тарихы Жоспары: Кемтар бар балаларға арнайы білім берудің алғышарттары.
Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы (1920-1945).
1946-1990 ж.ж. отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы
Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері.
1. Кемтар бар балаларға арнайы білім берудің алғышарттары ҚР-да мұмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын-қыстау кезеңнің мән-жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек. Басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің өз тарихы бар.
Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды.
Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің қарама-қайшы жақтарын анықтау және дамуында ауытқуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес шарттар құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы анықталған тарихи кезенде көрініс тапты.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық көзқарастар мен ой-пікірлерінің тарихи қалыптасу процесі қазіргі уақытқа дейін арнайы зерттелетін мәселе болып тұр.
Бұл жерде қазақ халқының педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері туралы зерттеулері мен көзқарастары тарихтың XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жиі кездеседі. Осы кездегі қазақ халқының жарқын болашағы, оның тәуелсіздігі мен бостандығы және рухани ерлеу жайында қалтыксыз қызмет етіп, оны осы жолда шыбын жандарын қиған аса көрнекті ғұламалар мен коғам кайраткерлері қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап, кең далада рухани-мәдени дамуының жаңа іргесін қалаган Ы.Алтынсарин, Абай атамыз, Ш.Құдайбердиев, С.Көбеев, А.Байтұрсынов және т.б. болды. Осы біртуар жандар педагогиканы және психология ғылымы саласында ғылыми еңбектер жазып, тәлім-тәрбиелік ғылымның ұлттық терминінің қалыптасуына бағасыз үлес қосқан.
Арнайы педагогиканың қазіргі күнде жетекші парадигмаларынын бірі гуманизация. Ал XIX ғасырда еңбек еткен Ы.Алтынсаринның шығармаларында педагогикалық гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүрек болу мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың принципінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ы.Алтынсарин өзінің атақты «Хрестоматиясында» жасөспірімдердің жан-дүниесі, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортак міндеті деп санаган. Ыбырай - оку тәрбие процесіне мұғалім рөлінде айырықша көңіл белген мұғалімнің алдында мынандай міндеттер койды: нағыз мұғшіім болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерін мықты санау қажет, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет. Осындай озық ойлар дене және психика дамуында түрлі кемістіктері бар балаларды окыту мен тәрбиелеу, түзету-теңгеру жұмыстарының негізгі қагидаларының бірі - әр баланың жеке ерекшеліктерін есепке алу қажет екені әр дефектологияда таныс.
А.Құнанбаев (1845-1904) тұлғалардың жан-жақты толық дамуына әсер ететін ағза мүшелерінің орны туралы көп жазған: «Құлық болмаса, не қаңғыр, дауыс жақсы, үн, күн, ән - еш бірінен ләззат ала алмасаң едік! Мұрын иіс білмесе, дүниедегі болған жаңа иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақ қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік, деген. Абай адамның сезім мүшелерінің дұрыс даму қажеттілігін анықтаған озат пікірлерін Шәкәрім, М-.Жұмабаев, М. Дулатов, Ж.Аймауытов еңбектерінде кездестіреміз. Адам баласындағы кез-келген кемістік ол соқыр не саңырау не туғанынан ақылы кемтар болса да өмірге деген көзқарасты өзгертіп қана қоймай, қасындағы адамдармен де қарым-қатынасын қиындатады.
Абайдың «Қара сөздерін» қарастырсақ бұл, 7, 19, 23, 34 сөздерінде жарық көрген. Өзінің 37-ші сөзінде: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім». Дамудың жақсы жаман болуы, ақылды ақылсыз болуы, тұқым қуалауышық негізіне байланысты ақсүйек тұқымынан шыққандар арқылы, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуын тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеген.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1899-1920) өзінің педагогикалық шығармаларында қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірген. Адам сыртқы дүниемен байланыстыра отыра біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады деген ақын С.Торайғыров өз шығармаларында сензитивті кезеңдер туралы жастық шақтың ерекшеліктеріне сипаттама берген. Ақын жастық шақта адамның ақыл-ойы, интелектісі өте алғыр, дүниені танып білуге құмарлығы күшті, сондықтан да осы кезде оқуға, білім алуға ерекше ұштасу қажет екені туралы айтқан.
Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) XX ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәдени әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандыкы, ғылыми ағартушылықты тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық пәлсапалық-психикалық дәстүрін жалғастырып халқына мол әдеби мұра қалдырған. «Анық пен танық», «Қазақ айнасы» шығармаларында Шәкәрім адамға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қасиетіне жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, тану, ұғыну – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасаған.
Спандияр Көбеев (1887-1956) өз педагогикалық еңбегін Ы.Алтынсариннің ағартушылық жолымен жүргізіп, халық арасында үлкен беделге ие болған. «Ол балаларды оқуға ынталандыру тәрбиесі» туралы еңбегінде: «Балаларды оқуға ынталандыру, оларды өнер-білімге қызықтыру, еңбекке баулу, балаларға мектепке ғылым негізін ұғындыру арқылы тәрбиелеуге болады» деген ой-пікірлерін көрсеткен. Ол сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмысының маңызды екені туралы өз еңбектерін де «баланың мінез құлқын түзету өте маңызды, өте жауапты жұмыс. Ашулануы да, асығуы да, әбірленгенді де білмейтін, ойы да шабандау, сезімі де шабындау бола алады. Мұндай балалар айтқанды да тез ұға қоймайды. Ал осындай баланы «түк ұқпайды», «меңреу» деп кінәлау дұрыс емес деген.
Осындай сол кездегі озат ойлар дефектологияның педагогикалық оптимизімінің қиғидаларын анықтады.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) өзінің қысқа өмірінде тұңғыш «Педагогика» атты оқулығын жазып, бала тәрбиесінің проблемасымен айналысушы мұғалімдерге үлкен көмек көрсеткен. Сол педагогика оқулығында «Жан көріністері мен дене көріністері арасындағы байлам» және «Өзінің Бақылау жолы» деген тарауларында «Сыртқы сезім әсерленулері аса қымбатты көру мен есту, бұлардан кейін сипап сезу» деп жазған.
Ж. Аймауытұлы (1889-1931) жас ұрпақты адамгершілік тәрбиелейтін еңбектер жазған. Олар тәрбие жетекші «Жан жүйесі және өнер таңдау».
Аймауытұлының психологиялық мұрасы туралы айтатын болсақ оның 12 тараудан тұратын «Психология» атты еңбегінің маңызы зор. Осы кітабын қарастырсақ «Дененің кейбір мүшелері, олардың қасиеттері» деп аталатын тарауында, ол адамның жан қуаттары жүйке саласы, кызу, тежелу процесі, ми бөліктері, олардың қызметі негізгі сезім мүшелері иіс сезімі, құлақ және дәм, тері т.б. дәйекті түрде мағлұмат берген. Ол «Педагогикалық жетекшілік» атты танымал оқулығанда психофизиологиялық мәселелерге байланысты сұрақтарды қарастырды. Оларға: сананың пайда болуы мендамуын, адам санасының ерекшеліктерін, психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін, мидың қызметі мен оның функцияларын, сезім мүшелері құрылымының психикалық процестерін, негізгі танымдық процестер анализделетін және олардың физикалық негіздерінің ашылуын жатқызуға болады.
Осындай ғылыми терең ойлар арнайы педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі кемістіктің күрделілігіне қарамастан меңгеруге мүмкіндік бар екенін анықтаған. Дәлел ретінде Ж.Аймауытов «Нүр күйі немесе күйлі сөз» деген поэмасында Жібек деген ананың жана туған нәрестесіне толғанып айтқан жырымен жазған.
Ең алғаш дамуында кемістігі бар балаларды арнайы мекемелерде оқытудың көрінісі Шоқан Уәлихановтың інісі Макежанді (1844-1923) Петербор қаласындағы саңырауларға арналған училещесінде білім алуы. Макежан 10 жасында сол училещеге қабылданып, Петербор қаласында (канцелярия), суретші болып Омбы қаласында жұмыс жасаған. Замандастары Макенің естімейтіндердің сөйлеу тілін жақсы меңгерген, білімді адам деп айтқан.
Сонымен бұл көзқарастар арнайы педагогиканың теориясы толықтыра тарихи дамуына ерекше орын алатыны күмән келтірілмейді. Жалпы біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі Ресейлік кемтар балаларды оқыту тәжірибе негізінде қалыптасқан.