I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет66/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

§ 58.Алаш қозғалысы

1917 жылы Ресейде Ақпан төңкерісінің жеңісінен кейін қазақ даласында қоғамдық қозғалыстар басталды. 1917 жылы шілдеде Орынбор қаласында І Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі, автономия, білім, сот, дін, әйелдер құқы және тағы басқа. Съезд қазақтардың «Ресей Федеративтік демократиялық, парламенттік республикасының құрамында автономия» алу талабын жариялады. Съезд қарарларында жер мәселесі, оның ішінде қоныс аударуды тоқтату, қазақ жерін өзіне қайтарып беру, тағы басқа өткір мәселелер көтерілді. Съезд уақытында «Алаш» партиясы құрылды. Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы - Алаш партиясы болды.


ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық, саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден Ресей империясының Қазақстанда отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. Саяси партия құру үшін қажетті алғы шарттар қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» ұсынылды. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шора-и исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Жалпы, «Алаш» партиясы өзінің қоғамдық-саяси өмірінің алғашқы сәттерінен бастап-ақ алдарына негізгі екі мақсат қойған болатын: 1) қазақ халқын отарлық езгіден құтқару; 2) қазақ қоғамын әлемдік өркениет қауымдастығына енгізуді қамтамасыз ету. Бұл Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газеті төңірегінде топтасқан қазақ зиялы қауымы, Алаш азаматтарының белсенділігі арқасында, қазақ этносын құлдыраудан сақтап қалған іргелі оқиға болды.
Алаш қозғалысы - ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Жалпы отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары ұлттық демократияшыл зиялылар болды. Олардың басшысы Әлихан Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Досмұхаметдов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, М.Шоқай тағы басқалар.
Алаш қозғалысының басты мақсаты - қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзіне қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болды.
Алаш қозғалысы феодалдар мен байлардың, яғни үстем тап өкілдерінің және шаруалар мен жұмысшылардың мүддесін білдірді. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. Алаш қозғалысы көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет