I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 56.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс



бет64/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

§ 56.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылы 25 маусымда патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19 бен 43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысына алу туралы» жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілде айында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен бұрмалаушылыққа жол ашқан болатын.


Қазақтардың туған жылы туралы жазбаша құжаттарының болмауы отарлық әкімшіліктің ойына келгенін істеуге ыңғайлы болды. Байлар мен ауқатты адамдар пара беріп, балаларын «ауру» немесе «кәмелетке жасы толмаған» деп әскерден алып қалды, ал олардың орнына кедейлер, олардың балалары жіберілді. Сонымен қатар, 1916 жылы 23 тамызда генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығымен басқармалардың лауазымды адамдары, төменгі полициялық шенділер, болыстар, имам, молда, мүдәрістер, село және ауыл басшылары, жоғары және орта оқу орындарындағы оқушылар, дворян және құрметті азаматтық құқықтарын пайдаланатын адамдар қара жұмысқа шақырудан босатылды.
Қозғалыс стихиялы түрде басталып, 1916 жылы шілденің аяғы мен тамыз айының басында көтеріліс барлық Қазақстанды қамтыды. Көтерілістің ірі аудандары Жетісу мен Торғайда болды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кедейлер, шаруалар, жұмысшылар, батырақтар, қолөнершілер болды. Көтерілісшілер әскерге шақырылушы азаматтардың тізімдерін тартып алып, жойып берді. Қарыз және салық жөніндегі қолхаттар мен жер беруге арналған құжаттарды өртеп, болыстық басқармалар мен ауылдарын талқандады. Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көзқарасы (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б.)
- қарсыласпай бұйрықты орындау;
- соғыс аяқталған соң, қазақ ұлттық автономиясын құру;
- қару-жарағы мықты патша армиясымен қарсыласпай, олардың жазалау шараларынан халықты аман сақтап қалу;
- патша үкіметімен барлық жағдайды ымыра арқылы жүзеге асыру т.б.
Революцияшыл-демократияшыл зиялылардың ірі тобы бұл көтерілісті қолдап, көтеріліске қатысты. Олар: Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Т.Рысқұлов, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов, А.Иманов. С.Меңдешев, Б.Алманов т.б. Олар қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Осы жылы қазан айында Жетісудағы көтеріліс қатаң басылып тасталды. Жетісу - 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы болған. Көтеріліс басшысы - Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин; Қарқарада Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов; Меркеде Ақкөз Қосақов тағы басқалар болды. Бекболат Әшекеев көтерілісті ұйымдастыруда шеберлік көрсете білді. Халықты жазалаудан құтқару мақсатында патша үкіметіне өз еркімен берілді. Жетісуда 347 адам өлім жазасына кесілді, 178 адам каторгалық жұмысқа жіберілді, 129 адам абақтыға қамауға алынды. Патшаның жазалаушы әскерлері тек қана көтерілісшілерді емес, сонымен қатар бейбіт халықты да айуандықпен жазалап отырды. 300 мыңға жуық қазақ-қырғыдар туған жерлерін тастап Қытайға ауып кетті.
Көтерілістің ең ірі ошақтарының бірі Торғай жерінде қалыптасты. Қазақтарды тыл жұмыстарына шақырған патша жарлығы Орынборда 1916 жылы 28 шілдеде жарияланды. Торғай облысының әкімшілігі болыс басшыларын, қадірлі ақсақалдар мен ауыл старшындарының съезін өткізді, мұнда патша жарлығын жедел түрде орындауға шешім қабылданды. Бірақ қазақтар наразылығы күн сайын өрши түсті.
Торғайдағы көтеріліс ұзақ әрі табанды, ұйымдасқан түрде өтті. Торғайдағы көтеріліс өзінің ұйымшылдығы және билікті бір орталықтан басқаруымен ерекшеленді. Көтерілісшілер Торғай облысының ханы етіп Әбділғафар Жанбосыновты, сардарбегі Амангелді Имановты сайлайды.
1916 жылы қыркүйек айында Торғайдағы көтерілісшілер саны 20000-ға жетті. Амангелді Иманов Қостанай, Торғай, ақмола, Семей жерлеріндегі көтерілісшілерді қол астына біріктіре білді. Көтеріліске жан-жақтан қосылған өте көп болды. 1916 жылы қарашаға қарай Торғайдағы көтерілісшілер саны 50000-ға дейін жеткен. Амангелді Иманов көтерілісшілер армиясын шебер ұйымдастыра білді. Көтеріліс ұлт-азаттық, империализм мен отаршылдыққа қарсы сипатта болды.
Көтерілістің жеңілу себептері:
- Көтеріліс бытыраңқы болды;
- көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді;
- жазалау отрядтарының күші басым болды, көтерілісшілердің қару-жарағы мықты болмады;
- патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдалана білді;
- ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады;
- байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды;
- патша үкіметі ең алдымен көтеріліс басшыларының көзін жойып отырды. Мысалы, Бекболат Әшекеевті Боралдайда дарға асты. Жәмеңке Мәмбетов түрмеге қамалды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Ресейді қамтыған революциялық дағдарыстың маңызды элементтерінің бірі еді. Оның бұқаралық сипат алуы, қазақ қоғамының барлық топтарының қатысуы, жалпы ұлттық ұран көтеруі, мемлекеттік биліктің институттарын құру әрекеті 1916 жылғы оқиғаны ұлт-азаттық көтеріліс ретінде, патшалық Ресей отарларының арасында болған алғашқы көтерілістердің бірі ретінде бағалауға мүмкіндік береді.
Көтеріліс Қазақстан халқының революциялық сана-сезімінің өскенін, отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет