А деңгейі 57. Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады?
58. Балқу температурасындағы 100 г темірді сұйыққа айналдыруға керекті энергияны анықтаңдар.
59. Балқу температурасындағы массасы 5 кг қалайының , немесе 1,5 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.
60. Балқу температурасындағы 11 кг қорғасынның немесе 2 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.
61. Температурасы 100º С, массасы 10 г су буы конденсацияланғанда, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді ?
62. Қайнау температураларындағы: а) массасы 500 г спиртті; б) массасы 10 г суды буландыру үшін қанша жылу жұмсалады?
63. Температурасы 57º С, массасы 200 г сынапты буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?
64. Қайнау температурасындағы аммиакты буландыруға 364 кДж энергия жұмсалған. Буланған аммиактың массасын табыңдар.
В деңгейі 65. 32º С температурада алынған массасы 100 г қалайыны балқыту үшін қандай жылу мөлшері керек болады?
66. 10º С температурада алынған 2 л су қатқанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?
67. 20º С температурада алынған массасы 24,5 кг алюминийді балқыту үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
68. 20º С температурада алынған көлемі 15 л суды 0º С температурадағы мұзға айналдырғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?
69. Температурасы -20º С мұздан температурасы 20º С , массасы 5 кг су алу үшін қанша энергия керектігін есептеңдер.
70.Қалыпты қысымдағы температурасы 100º С, ал массасы 8 кг су буы конденсацияланғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерімен қанша мұзды ерітуге болады?
71.27º С температурадағы массасы 0,5 кг қорғасын кесегін балқыту кезінде қанша энергия алады?
72.Температурасы 100º С су буы конденсацияланып,пайда болған су 0º С-қа дейін суынады.Су буының массасы 1 кг болса, қандай жылу мөлшері бөлінеді?
73. Темірден жасалған бұйым 800º С –тан 0º С температураға дейін суып, 0º С темперратурадағы 3кг мұзды толық ерітті. Темір бұйымнан бөлінген энергияның бәрітек мұзды ерітуге ғана жұмсалатын болса, темір бұйымның массасы қандай еді?
С деңгейі 74. Массасы 300 г қалайыны балқытты. Егер олардың бастапқы температурасы 32º С болса, қалайыны қыздырып және балқыту үшін қанша жылу мөлшері кетті?
75. -5ºС температурада алынған массасы 100 г мұзды балқытып және алынған суды 20ºС температураға дейін көтеру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
76. Сыйымдылығы 1,2 л кофейникті температурасы 15ºС сумен толтырып, плитаның үстіне қояды. Плитадан алғаннан кейін булану нәтижесінде кофейниктегі судың көлемі 50 см3 азайса, суды қыздыруға және қайнатуға қанша жылу мөлшері жұмсалған?
77.Бастапқы температурасы 10ºС , көлемі 0,5 л су чайникте қайнап буланған. Қандай жылу мөлшері жұмсалған?
78. 0ºС температурадағы мұзды еріту үшін, массасы тура осындай мұздың температурасын 1ºС-қа өзгертуге қарағанда қанша есе артық энергия қажет болады?
79. температурадағы массасы су буы конденсацияланғанда және пайда болған су 20 С-қа дейін суынғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
80. Температурасы 14 С судан көлемі 5 л дистильденген су алу үшін қанша жылу мөлшері керек болар еді?
81. температурасы 0 С массасы 100 г мұзы бар калориметрге, 100 С температурадағы бу жіберілді.Егер мұздың бәрі еритін болса, калориметрде қанша су болады.
82. 0 С температурада алынған қорғасынды 1 кг нефт жағып, соның жылуы арқылы балқытты.Егер қыздырғыштың ПӘК-і 80% болса, онда қанша қорғасынды балқытуға болады?
83. -10 С температурада алынған, массасы 200 кг қардан 20 С температурадағы су алу үшін, ПӘК-і 40% қазанға қанша ағаш жағу керек болады?