Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
26. Механикалық толқындар А нұсқасы 325. Мұхиттардағы толқынның ұзындығы 270 м-ге дейін, ал периоды 13,5 с дейін болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын табыңдар.
326. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын тудырса, онда осы дыбыстың судағы жылдамдығы қандай болады?
327. Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15 с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған.
328. Дыбыс шағылатын бөгетке дейінгі қашықтық 68 м. Адам жаңғырықты қанша уақыттан кейін естіді.
329. Толқындардың таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдейфазаларда тұрған көршілес нүктелердің ара қашықтығын анықтаңдар.
330. Теңіздің кеме астындағы тереңдігін эхолот арқылы өлшегенде ультра-дыбысты жіберу және қабылдап алу мезеттерінің уақыт аралығы 0,6 с болып шықты. Теңізді кеме астындағы тереңдігі қандай?
Б нұсқасы 331. Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?
332. Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын , ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
333. Қозғалмай тұрған бақылаушының жанынан 10 с-та 4 толқын жалы өтті. Бөлшектердің тербеліс периоды қандай?
334. Ауаның температурасы 150С болғанда, адам дауысының шектік жиіліктері 64 Гц-тен 1300 Гц-ке дейінгі дыбыс толқындарының ұзындығын табыңдар.(дыбыстың жылдамдығы 340 м/с)
335. Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Егер де тербеліс жиілігі 725 Гц болатын болса, қарсы фазада тербелетін ең жақын нүктелердің ара қашықтығы қандай болады?
С нұсқасы 336. Атылған оқ және оның дыбысы 680 м биіктікке бір мезгілде жетеді. Оқтың бастапқы жылдамдығын есептеңдер, оқтың қозғалысына қарсы кедергі ескерілмейді.Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.
337. Суда пайда болған когерентті толқындардың екі жүйесі біріне-бірі қарама-қарсы таралады. Жүрістерінің айырмасы 1)6 м, 2) 6,25 болатын толқындардың түйіскен нүктелерінде нені байқауға болады? Толқын ұзындығы 50 см.
338. Тербеліс көзінен 12 м және 14 м қашықтьқтағы екі нүктенің тербеліс фазаларының айырмасын анықтаңыздар.Тербеліс периоды 0,4 с, ал тербелістің таралу жылдамдығы 10 м/с.
339 Тербеліс көзінен ара қашықтықтарының айырмасы 25 см болатын дыбыс толқынының екі нүктесінің фаза айырмасын табыңдар. Тербеліс жиілігін 680 Гц, ал дыбыстың тарау жылдамдығын 340 м/с деп алыңдар.
340. Көлде жүзіп бара жатқан катерден шыққан толқын жағалауға 1 мин-тан кейін келіп жетті. Ол толқынның көршілес жолдарының ара қашықтығы 1,5 м, ал жағаға бірінен соң бірі келіп соғылған екі толқын арасындағы уақыт 2 с болып шықты. Катер жағадан қандай қашықтықта өтті.