Байланысты: Физикадан деңгейлік тапсырмалар 7-9 классов
Өткізгіштің электр сыйымдылығы. Жазық конденсатордың сыйымдылығы А деңгейі 216. Өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріліп, оны 100В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын Фарад (Ф), микрофарад (мкФ),пикофарад (пФ) есептеңдер.
217. Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар, ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3 кВ.
218. Конденсатордың паспортында былай жазылады: «150 мкФ,200В». Осы конденсаторға қандай ең үлкен электр зарядын беруге болады?
219. Егер өткізгішке 10-8Кл заряд берілсе, онда оның электр потенциалы 100 В-қа көбейеді. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңдар.
220. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ.Егер астарларының арасындағы кернеу 100 В болса, онда оның әр астарындағы зарядты табыңдар.
221. Егер конденсатордағы заряд 4нКл және сыйымдылығы 2000пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады.
В деңгейі 222. Арасында ауа бар жазық конденсатор екі пластинадан тұрады. Егер әр пластинаның ауданы 10-2м2, олардың арақашықтығы 0,5*10-2 м болса,осы конденсатордың сыйымдылығын табыңдар, егер осы конденсаторды глициринге (ε=56,2) оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді.
223. Сыйымдылығы 1400пФ конденсатордың бір-біріне қабаттасқан екі пластинасының аудандары 1,4*10-3м2,пластиналар арасындағы диэлектрик слюда (ε=6).
224. Жазық ауалық конденсатор екі квадрат пластинадан тұрады, олардың арақашықтығы 10-3м. Конденсатордың сыйымдылығы 1 Ф-қа тең болса, бұл пластинаның әрқайсысының ұзындығы қандай болады?
225. Жазық конденсатордың пластиналары аудандары 36 см2 екі жалпақ металл пластинадан тұрады, олардың ортасында қалыңдығы 0,14 см слюда пластина тұрады. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең болады?Егер конденсатордағы кернеу 300 В-қа тең болса, ондағы заряд қандай болады?
226.Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтықта орналастыру керек?
227. Бір конденсатордың сыйымдылығы 200пФ, ал екіншісінікі 1мкФ.Конденсаторлардағы бір ғана тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқан кезде оларда жинақталған зарядты салыстырыңдар.
С деңгейі 228. Сыйымдылығы 200пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы 0,2 см (ε=2) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелектерді желімдеп жапсырады.Бұл дөңгелектің диаметрі қандай болу керек?
229. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000пФ. Осы конденсаторларда бірдей заряд қорын алу үшін оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар.
230. Ауа конденсаторларының пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400В-тан 50В-қа дейі кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
231. Жазық конденсатор кернеуі U=200 В, ток көзі арқылы зарядталды. Сонан соң конденсатор осы ток көзінен ажыратылды. Егер пластиналардың арақашықтығын бастапқы d1=0,2мм-ден d2һ0,7 мм-ге дейін арттырсақ және пластиналар арасындағы кеңістікті слюдамен толтыратын болсақ, онда олардың арасындағы кернеу қандай болар еді. Слюданың диэлектрлік өтімділігі ε=7-ге тең.
232. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?
233. Жазық ауа конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Егер оның заряды 0,5 мкКл, ал пластиналарының ауданы 500 см2.