Б нұсқасы 5. 5-суретте бес материялық нүктенің орын ауыстырулары көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координаттар осіндегі проекцияларын табыңдар?
6. 6-суретте материялық нүктенің А-дан В-ге дейінгі қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаттарын, орын ауыстырудың координаттар осіндегі проекцияларын, орын ауыстыру модулін табыңдар.
7. 7-суретте материялық нүктенің А-дан Д-*ге дейінгі қозғалысының АВСД траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаталарын, жүрілген жолды, орын ауыстыруды, координаттар осі бойымен орын ауыстыру проекцияларын табыңдар.
8. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып,900 бұрыш жасап бұрылып, тағы 30 км ұшты. Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңдар.
С нұсқасы 9. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2 км, содан соң солтүстік бағытта тағы 1км жүзді. Катердің орын ауыстыруы мен бағытын геометриялық салу арқылы табыңдар.
10. Туристер алғашында солтүстік - батысқа қарай 400м, содан соң шығысқа қарай 500 м жүріп, солтүстікке қарай тағы 300м жүрді. Геометриялық салу тәсілі арқала олардың орын ауыстыруының ммодулін және бағытын табу керек.
2. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс А нұсқасы 11. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1.5t.Осыны түсіндіретін сурет салып (х осін оңға бағыттап), бақылау басталар мезеттегі автомобиль мен адамның орындарын анықтаңдар.Олар қандай жылдамдықпен және қай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездесті?
12. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t, x2=150-10t ,х 2=150-10t ңдеулерімен берілген. X(t) тәуелділігінің графиктерін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
13. Екі дененің қлзғалыс теңдеулері былай берілген : х1=x01+υ2x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=24м, υ1х4,2м/с. x02=87 м, υ2x=2,7м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.
14.Екі дененің қозғалыс теңдеулері былай берілген: х1=x01+υ1x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=63м, υ1х = -6,2м/с; x02= -12м, υ2x=4,1м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.