І Бөлім. Интернет туралы негізгі түсінік және оның аспектілері
1.1 Іnternet жұмысы: ұйымдастырылуы, құрылымы, әдістері
Белгілі бір нысанды игеру және онымен жұмыс істей білу үшін оның жалпы сипаттағы құрылғысын, тетіктерін, жұмыс істеу функцияларын білу қажет. Бұл білім жұмыс дағдысын жүйелеуге көмектеседі, ұсынылған нұсқаулықпен жаттанды механикалық әдіспен жұмыс істеуден сақтайды. Мұндай саналы жұмыс дағдысы жүйеден күтілетін мүмкіндіктерді пайдаланып, кемшіліктердің, ақауларды алдын ала біліп отыруға және қалыпты жағдайдан басқа - бұзылған, сервердің, бағдарламамен қамтамасыз етудің алмасуы сияқты жағдайларға бағдарлануға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады.
Бұл бөлімде біз дестелер жалғауышы желісін және желіні ТСР/ІР хаттамасы қағидасымен құрудың артықшылықтарын қарастырамыз. Мұнда коммуникацияны басқарудың төмендегідей негізгі қағиалары қарастырылады: ТСР және оның туысы UDP Бұлар –жүйені қалыптастырушы негізгі желінің элементтері. Сонымен қатар (DNS) атындағы аймақтық желі элементтерінің маңызына тоқталамыз.
Қазіргі заманғы желілер көпдеңгейлі қағидаға негізделіп құрылған. Екі компьютер арасын байланыстыру үшін оларды табыстыру ережесін құрып, қарым-қатынас тілін, олардың жіберген сигналдарының нені білдіретіндігін анықтап алған жөн. Осы аталған жұмыстар және ережелер хаттама деп аталады. Желінің жұмысы үшін әртүрлі көптеген төмендегідей хаттамалар жинақтап алу керек: физикалық байланыс басқарушысы, желі бойынша байланысты бекітуші, әртүрлі ресурстарға қол жеткізу және т. б. Көпдеңгейлі құрылым көптеген хаттамалар мен қатынастарды біріктіру, тәртіпке келтіріп, жүйелеу мақсатында жобаланған. Осы модельдегі деңгейлердің өзара әрекеттесуі-субординарлық сипатта. Әрбір деңгей тек көрші (жоғарғы және төменгі), және сызық шетіндегі ұқсас деңгейлермен- виртуальды нақты әрекеттесуі мүмкін.
Нақты әрекеттесу дегеніміз-тікелей әрекеттесу, тікелей ақпаратты беру, мысалы, деректерді жедел жад аймағынан басқа бағдарламаға көшіру. Тікелей беру барысында деректер барлық уақыттарда да өзгеріссіз қалады. Виртуальді әрекеттесу дегеніміз ортамен әрекетесу және деректердің берілуі; мұндай деректер беру барысында-ақ белгілі болып, анықталып қалады, алдын-ала келісілген әдіспен түрі өзгереді. [5]
Мұндай әрекеттесу хатты, сәлемдемені бір фирмадан екінші фирмаға беру тізбегіне ұқсас. Мысалы, фирма директоры газет редакторына өзінің фирмалық бланкісімен хат жазады оны хатшыға жолдайды. Хатшы қағазды қапсырмаға салып қапсырады да марка жапсырып, поштаға жібереді. Пошта тиісті пошта бөімшесіне жібереді. Ал пошта бөлімшесі хатты алушыға-газет редакторының хатшысына береді Хатшы қапсырманы ашып редакторға жолдайды. Мұнда тізбектің бір буынынан хат өтпесе тізбек бұзылады: егер хатшы болмаса қағаз хатшының столында шаң басып жата береді.
Мұнан біздің байқағанымыз ақпарат (мәтіні бар парақ) көптеген сатылардын өтіп, өңделіп жоғарыдан төмен қарай беріледі. Қызметтік ақпараттың жылжуы бірте-бірте өседі (пакет, қапсырмадағы мекенжай, пошта индексі; хат-хабарлар контейнері; пошталық вагон, пошталық вагонның тағайындалған станциясы және т.б.) әрбір өңдеу кезеңінде өзгереді және ең төменгі деңгейге дейін-пошталық көлік транспортымен (автокөліктік, теміржолдық, әуе және т.б.) тағайындалу пунктіне жеткізіледі. Тағайындалу пунктінде қайтадан жоғарыдағы ға кері процесс-контейнер ашылады, хат-хабарлар шығарылады, қапсырмадағы мекенжай оқылады, пошташы мекенжай бойынша (хатшыға) жеткізеді, ол қапсырманың ішінен хатты алып оқиыды да жеделдігін, маңыздылығын анықтап, осыған орай жоғары тұрған тұлғаларға жолдайды. Директор немесе редактор осылайша виртуальды түрде тікелей байланысқа түседі. Газет редакторы шын мәнінде бастапқы ақпаратты дәл, бүтін күйінде қолына тигізеді. Бастапқы тұлғалар бұл ақпаратты жеткізу мәселелерімен айналыспайды, қатыспайды. Хатшылар да виртуальды түрде тікелей байланысқа түседі. Редакция хатшысы да директор хатшысы жіберген ақпаратты толық, бүтін күйде алады. Хатшылар шын мәнінде хаттың жету-жетпеуіне бастарын ауыртпайды. Осыған ұқсас байланыстар және процесстер эталондық ISO OSI модельдерінде болады. Нақты физикалық байланыс тек қана ең төменгі деңгейде жүреді (пошталық тізбектер ұқсастығы: ұшақ, поезд автокөлік). Қалған барлық деңгейлердегі өзара горизонтальдық байланыс ақпараттың әуелі төменнен жоғарыға, онан кейінең төменгі деңгейге жетуі жүзеге асады, ал мұнда нақты берілу жүреді, екінші шетінде тиісті деңгейге дейін кері берілу жүйелі түрде жүреді.
ISO OSI модельдері өте күшті стандартталатын вертикальді деңгейаралық байланыстан тұрады. Мұндай стандарттау кез-келген деңгейдің (өнімімен) стандарты және көрші деңгей стандарты бойынша (тіпті ол әртүрлі өндірушілермен жұмыс істесе де) жұмыс істейтін өнімдер бірыңғайлығына кепілдік береді. Деңгейлер саны шамадан тыс көп болса да бірақ мұндай жағдай талап етілетін жұмыс түрін дәл бөлуде- артық күрделі жағдай туындамас үшін және нақты пайдаланушы қажеттігіне бейімделетін стандарт шегінде қала отырып, құрылым құруы қажет.
Деңгейлерге жалпы қысқаша шолу жасайық:
О деңгейі –физикалық ортамен байланысты- бұл сұлба шын мәнінде сигнал тасымалдаушы. Бұл деңгей кабель, радиожелілерді қосатын ақырғы құрылғы -аралық деңгей болып табылады. Кабель көптеген әртүрлі түрлер мен типтерден: экрандалған және экрандалмаған, коаксиальды, оптикалық талшықтардан тұрады. Мұндай деңгей сұлбаға кірмейді, ол тек ортаны көрсетеді және ештеңені сипаттамады.
Деңгей-1
-физикалық. Бұл деңгей байланыс желілері бойынша екі тармақты ақпарат берудің физикалық аспектілерінен тұрады. Нақты толық сипат береді. мысалы, кернеу, жиілік, беру ортасының табиғаты. Бұл деңгейге байланысты қолдау міндеті және биттік ағынды беру-қабылдаудан тұрады. Негізінен қатесіз жұмыс істейді.
Деңгей-2
-арналық. Деректер байланысы. 1-деңгей арқылы және деректер (кадр деп аталатын) блогын қатесіз беруді жүзеге асырады, беру барысында бұрмалануы мүмкін. Бұл деңгей биттік ағындағы бастапқы және соңғы кадрды анықтауы керек, физикалық деңгеймен берілетін деректерден қалыптасатын кадрлар немесе жүйелілік қатенің болуын тексеру және түзету рәсімдері кіреді. Бұл деңгей (және тек осы деңгей) кодтау, таңбалау, әдісімен биттік жүйелілік сияқты элементтерден тұрады. Желі элементтері арасында тікелей байланыс жүретін учаскеге деректер пакетінің дұрыс берілуіне жауапкершілікте болады. Беру орталығын басқаруға қол жеткізеді. Оның күрделілігіне байланысты арналық деңгей екі деңгей астына бөлінеді: МАС –ортаны басқаруға қол жеткізу және LLC- арнамен логикалық байланысты басқару. МАС деңгейі желіні басқаруды жүзеге асырады. LLC деңгейі МАС деңгейі қарамағында жүреді және деректері бар хабарламаны алады және жібереді.
Деңгей-3
- желілік. Бұл деңгей екінші деңгей туғызған мүмкіндіктерді желінің кез-келген екі нүктесіндегі байланыстарды жүзеге асыруға пайдаланады. Аралас болуы міндетті емес.Бұл деңгей хабарды байланыс арнасы арқылы көп желімен немесе бірігіп жұмыс істейтін желілермен жүргізетін болғандықтан яғни деректерді жіберетін жолды-маршрутты анықтайды. Маршруттау көп деңгейде өтеді. Адрестерді өңдеуден өткізеді сонымен қатар демультиплексирлейді. Бұл деңгейде бағдарламамен қамтамасыз етудің негізгі міндеті көзден алынған ақпаратты іріктейді, таңдайды, оларды пакетке айналдырып түрлендіреді және тағайындалған нүктеге дұрысталған хабарларды жібереді.
Желілік деңгейдің жұмыс істеуінде екі түрлі әдіс бар Біріншісі-бұл виртуальды арна әдісі. Бұл арнаның байланысы сеанс басталуын шақырудан басталады да сол арқылы ақпарат беріледі; беру аяқталғаннан кейін арна жабылады (жойылады). Бастапқы жүйелілікті сақтай отырып пакетті беру тіпті ол әртүрлі маршрут арқылы жүрсе де жүзеге асады яғни виртуальды канал динамикалық түрде қайта жібереді. Мұның барлығында деректер пакеттеріне тағайындалған пункттің адресі кірмейді, себебі ол байланысты орнату барысында анықталады.
Екінші әдіс-дейтаграмм әдісі Дейтаграммдар тәуелсіз, олар барлық қажетті ақпаратты қайта жіберуден тұрады.Соған қарамастан бірінші әдіс сияқты келесі 4 деңгейге жібереді. 4- деңгей деректер берудің сенімді арнасы, деректерді қатесіз бұрмалаусыз жібереді және тағайындалған пунктіне пакетті дәл жеткізеді, екінші әдіс жұмыстың келесі деңгейінен қатемен жұмыс істеуді және қажетті адреске жеткізілгендігін тексеруді талап етеді.
Деңгей-4
- тасымалдау. Компьютер желісінде атқарылатын процесстер арасына хабарлама пакетін қайта жіберуді регламенттейді. Деректер берілуін ұйымдастыруды аяқтайды, маршрут бойынша өтетін деректер блогын бақылайды, деректер блогының берілу берілу дұрыстығын, олардың жинақылығын, сақталуын, жүру тәртібін ақпаратты блоктардан жинайды немесе дейтаграммамен операциялайды яғни тағайындалу пунктінен қабылдауды бекіту лебізін күтеді, жеткізілу мен адресаттау дұрыстығын, тексереді, егер сигнал берілмесе жіберу дейтаграмма қайталайды. Траспорттық хаттама аясында тасымалдау сапасының 5 класы мен басқарудың тиісті рәсімі қарастырылыған. Осы деңгей көптеген желілер мен шлюздер арқылы байланысты қамтамасыз етуге арналған дамыған және сенімді адресаттаудан тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл деңгейлердің міндеті кез-келген нүктеден ақпаратты желінің кез-келген жеріне дәл жеткізу болып таылады. Тасымалдау деңгейі- барлық жоғары деңгейлерден кез-келген детальды және деректер берудің ақауын жасырады, бұл берілуді нақты техникалық таратуға тәуелсіз ақпаратты қабылдау-беру деңгейінің астында жатқан стандартты әрекеттесуді қамтамасыз етеді. [7]
Деңгей-5
-сеанстық. Пайдаланушыларды байланыстыратын өзара байланысты үйлестіреді. Бұл деңгей пайдаланушыларға байланыс орнатады, авриямен аяқталған сеанстарды қайта қалпына келтіреді. Осы деңгей желінің картографиясына жауапты- ол компьютерлік атауды аймақтыққа (домендық) түрлендіреді және керісінше операциялайды. Ол компьютер мен құрылғыны емес, желідегі жұмыстарды үйлестіреді, олардың өзара әрекеттесуін қолдайды, қолданбалы деңгей процестері арасындағы сеансты басқарады.
Деңгей-6
-деректерді ұсыну деңгейі. Бұл деңгей берілетін ақпаратың синтаксисі мен семантикасынан тұрады яғни екі әрекеттесетін компьютер арасында берілетін ақпаратты алуды қалай түсінетіндігі, қалай ұсынылатындығы жөнінде өзара түсінік орнатады.
Мұнда мәтіндік ақпаратты қайта кодалау және бейнелеу, сығу, қайта ашу, желілік файлдық жүйені қолдау процестері, деректердің абстрактілі құрылымы жүреді.
Деңгей-7
- қолданбалы. Пайдаланушы мен желінің арасындағы интерфейсті қамтамасыз етеді, адамға пайдалануға қажетті барлық қызмет түрлерін туындатады. Осы деңгейде мынандай 5 қызмет түрі атқарылады. Файлды беру, терминальдық қол жеткізуді жою, хабарламаны электронды түрде беру,
анықтағыш қызметі мен желіні басқару жұмыстары жүреді. Мынандай міндеттер шешіледі: пайдаланушыға (бағдарламашыға) оның қажеті мен мүмкіндіктеріне, қиялы мен ойына, біліміне сәйкес нақты тарату процесі жүреді. Терминалдық түрдің жүзден артық әртүрлі хаттамаларымен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |