*Мемлекеттік бюджет есебінен 7 жылға дейін жеңілдік ставкамен бөліп-бөліп төлеуге өңдеу кәсіпорнына құрал-жабдықтар алудың лизингісін жүзеге асыру;
*өңдеу кәсіпорнына ауылшаруашылық шикізаттарын сатып алуға арналған айналыс құралдарын толықтыруға жеңілдік пайыздық ставкамен банктен несие беру;
* ауылшаруашылық өнімідерін дайындау желілерін дамыту соның ішінде әсіресе алыс аудандарда жеке шикізат базасымен вертикальді ықпалдасқан өндіріс құру;
* өндірістің техникалық және технологиялық стандарттарын және өнімнің сапасын бақылауды халықаралық талапқа сәйкес келтіру;
* демпингкке қарсы тергеу жүргізу және бәсекеге қабілеттігі импорттаушы елдерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге негізделеген импорт өнімдері бойынша қорғау шараларын қабылдау; бәсекелесу қабілеті төмен тауар топтары бойынша ұқсас өнімдерді енгізу барысында импорттық баж салығын көтеру жағын қарастыру, сонымен қатар отандық өңдеу өнеркәсібін де тапшылық көріп отырған шикізаттың кейбір түрлеріне экспорттық тарифті көтеру.
ҚР АӨК терең дағдарысты басынан кешірсе де тұрақты жағдайда тұр, кейде табиғаттың құрғақ қолайсыз жағдайы мен құрғақшылық өсімдіктердің көп бөлігі шығындалады, және ол ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді. Мемлекет ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге тіке субсидия, жеңілдік несие, лизинг және т. б түрінде бюджеттік қаржы бөліп отыр. Бұған қарамастан ауылшаруашылығы өндірісі тәуекелінің жоғарылығына байланысты екінші деңгейлі банктік несиенің мөлшері шектеулі.
Мұндай жағдайда табиғаттың стихиялы күшінің зиянды зардабын жоюдың сенімді қаржы құралы (гарант) сақтандыру болып табылады, бірақ біздің еліміздің ауылшаруашылығы саласында оның рөлі әлі төмен немесе тіпті енгізілмеген. [27]
Осыған орай Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы Министрлігі 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚР «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі» Заңының жобасы жасалды. Бұл заң жобасы өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілерді табиғаттың қолайсыз жағдайы (құрғақшылық, үсік, қатып қалу, жылудың жетіспеуі, артық ылғал, бұршақ, нөсер, су тасқыны, боран, дауыл, табиғат апаты әсерінен болған өрттер, тасқын) зардабынан қорғау мақсатында олардың мүліктік мүддесін қорғайды, болған жағдай зардабынан шінара немесе толық түрдегі жойылған өнімге сақтандыру төлемін төлейді.
Осы заңда сақтандыру компаниясы өсімдікті сақтандыруға мемлекеттік қолдауды сақтандырудың 50% төлеу жолымен қолдау көрсетуі қарастырылған.
Осы мақсатқа 2003 жылы республика бюджетінен 1 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Қазақстанның АӨК-нін ғылыммен қамтамасыз ету Қазақстан ғылым және білім Министрлігі аграрлық зерттеу орталығының Ұлттық академиясына жүктелген.
Қорытынды шығара келе Республиканың ауылшаруашылығында соңғы жылдары төмендегідей ілгері басушылық байқалады:
Біріншіден, көпсалалы экономика тұрақтылық сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа қожалығы, корпоративті түрдегі кәсіпорындар да, шаруашылық серіктестерінде, акционерлік қоғамдардың санының арасында тиімді арақатынас пайда болды.
Екіншіден, ауыда біртіндеп өнімді өткізу және өңдеудің агросервистік қызмет көрсету саласы қалыптаса бастады, олар негізінен өзара тиімді экономикалық жағдайда жұмыс істеді.
Үшіншіден,заңнамалық –құқықтық база ауылда табысты шаруашылық жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Жерге, өнімді өткізу нарығына еркін кіру бастамашыл, жаңашыл фермерлерге, кәсіпорын басшыларына табысты арттырып, ауылшаруашылығы өнімін мол өсіруге мүмкіндік береді.