ІІ Бөлім. «Желаев нан өнімдер» акционерлік қоғамына ұйымдастыру-экономикалық сипаттама
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені еліміздің біртұтас халықшаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол Қазақстан экономикасының маңызды құрылымдық буынына кіреді. Бұл кешенде республиканың материальдық кешенінде қызметкерлердің 40% жұмыс істейді және олар ұлттық табыстың 50% құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенінің даму тиімділігі, деңгейі ауылшаруашылығы өнімдері тауарларын тұтыну бойынша, тұрғындардың талабын қанағаттандыру дәрежесіне сонымен қатар эліміздің экономикасының жалпы жағдайына белгілі бір мөлшерде тәуелді болады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені ірі дән өндірумен, әсіресе ұндық, жармалық және нан пісіруге сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы жер, су, минеральдық-шикізат, энергетикалық және басқа да ресурстарға бай, оларды тиімді пайдалану өнедірісті жүйелі түрде арттыруға және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Егер Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімінен тек ауылшаруашылығында және өнеркәсіп салаларында өндірілетін азық-түліктік емес өнімдерді (мақта, жүн, тон, тері бұйымдарын) шығарып тастасақ, республиканың агроөнеркәсіп кешенінің азықтүліктік кешенінің үлесіне шамамен 80-85% қалады. [27]
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені-экономиканың құрамдас бөлімшелерінен, өндірісте ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, және өңдеуге маманданған кәсіпорындармен олардың салаларынан тұратын, сонымен қатар ауылдық жерлерге материальдық-техникалық және агрохимиялық қызмет көрсету мақсатында ауылшаруашылығы мен өңдеуші өндіріс үшін өндіріс құралы болып табылатын біртұтас экономикалық жүйе.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені және оның басты буыны-ауылшаруашылығы ұзақ уақыт бойы терең дағдарысты басынан кешірді. Қазақстанның ауылшаруашылығы бірнеше онжылдықтар бойы халық шаруашылығының басқа салаларының қажетіне қызмет етті. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі кенеттен күрт түсті. Егін егу аумақтары екі есе қысқарды егін өнімі төмендеді. Егін алқаптары қуарып, шабындық, жайылым кері кетті. Ауылшаруашылығы өндірісін қалпына келтіру үшін құрал тапшылығы қатты байқалды.
Салаларды мемлекет тарапынан қолдау және нарыққа өнімді өткізуді сақтау бойынша нақты шаралар қолданылмады, ең бастысы өндірістік және ауылшаруашылық тауарларының құны сәйкес келмеуі жылдан-жылға жағдайды қиындатты.
Агроөнеркәсіптік кешенннің дамуына жүргізілген әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар нәтиже бермеді.
Ауылдағы реформалар да нәтижесіз болып шықты. Бір тұтам экологиялық жағынан жарамсыз жерінен басқа шаруаның ештеңесі болмады да қайта құрумен бірге құрдымға кетуге қалды. Республиканың ойлап тапқан алға басушылық пргрессивті реформалары нәтижесінен ірі тиімді жұмыс істейтін щаруашылық құрылымдары құлады, пайда болған ұсақтары техникамен, айналымдық құралдармен қамтамасыз етілмеді, нарықтық жағдайға қабілетсіз болғандықтан банкротқа ұшырады.
1990 жылдардан бастап ауыл шаруашылығының және өңдеуші өнеркәсіптің ақырғы өнім өндіретін барлық салаларының өнімі қысқарды.
Шығынның өсуі, өндірістің құлдырауы, реттеуші өндірістік байланыстардың бұзылуы, өнімді сатып алушылардың болмауы, (әсіресе бидай мен картопты және мал өнімдерін) мал мен құс санының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соқты. [27]
1992-93 жылдардан бастап материалдық-техникалық ресурстар мен техника бағасының өсуіне байланысты жағдай тіпті қиындады. Осы себептерге байланысты кейбір шаруашылықтар қажетті минеральды тыңайтқыштар, алқаптағы беретін өнім деңгейіне әсер ететін өсімдікті қорғау құралдарын сатып алуды қысқартты немесе сатып ала алмады.
Өңдеуші өнеркәсіптің де, сақтау базасының да маңдайы шылқып тұрған жоқ еді. Бұл салалардың кәсіпорындарында тенологиялық қару-жарақтардың тозуына байланысты қолмен атқаратын еңбек түрінің үлесі -50% жетті. Өңдеуші кәсіпорын мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі дамуының арасындағы сәйкессіздік бірте-бірте арта түсті.
Дамудың төмен деңгейі және материальдық-техникалық жағдайдағы өндірістің, өнімді өңдеу және сақтаудың сәйкессіздігінің өсуі дәнді және майлы дақылдар дәнінің 25-30% жоғалуына алып келді Картоптың бақша өнімдері жалпы түсімінің 50% -нан көп мөлшері пайдаға аспады. Көкөніс өнімдерінің тек 5% ғана өңделді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында басқа елдермен салыстырғанда тамақ өнімдерінің түрі 4-5 есеге аз болды.
2001 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімінің құлдырауы 51%-ға жетті, бұл кезде ТМД елдерін тұиас алғандағы құлдырау -38% құраған еді, егін алқабының көлемі 37,4, мал шаруашылығы 18,7, алмал бас саны 58,2 ден 39,7%-ге түсті, ал жалпы шаруашылық шығыны-80%-ға жетті. Мемлекет пен қоғамның алдында ауылшаруашылығын құтқару мәселесі, күйреудің, банкроттың алдын-алу іс шараларын ойластыру тұрды.
Соңғы жылдардағы жүргізілген талдау барлық инфрақұрылымдарды сақтап тұрған ірі ауылшаруашылығы кәсіпорындары (бұрынғы колхоздар мен совхоздар) жақсы жұмыс жасап тұрғандығын көрсетті. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда ұсақ меншік иелері ірі тауар өндіруші ұжымдармен шаруашылығы тең болуы қажет. Бірақ жергілікті орында жүргізілетін ұжымдық шаруашылықтарды ұсақтандыру саясаты, қожалықты фермаға айналдыру кері әсерін тигізіп отыр. Аграрлықтар негізінен материалдық-техникалық базаның болмауынан, жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің қымбаттығынан күйзеліп, банкрот ұшырады.
Көптеген ғалымдар мен ауылшаруашылығы мамандарының пікірі бойынша Қазақстан Республикасындағы және басқа ТМД елдеріндегі матерниалдық өндірістің терең дағдарысқа ұшырауының негізгі себебі болып табылатындар: бұрынғы жоспарлы- әкімшілік құрылымның жойылуына байланысты шаруашылықты басқарудың жоғалуы, Қазақстан өнеркәсібінің ұсақ салаға мамандануы мен нарықтың шарықтау жағдайында өндірістік кооперация бойынша қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзіліп қалуы.
Мұндай жағдайда өмірлік маңызы бар мынандай сұрақ көлденең тұрады: агроөнеркәсіптік Қазақстанды кешен- ауылшаруашылығының негізгі өнімдерімен қамтамасыз ете ала ма? Осы міндетті шешу үшін қандай шаралар қолданған жөн.
Бұл үшін-кешенді шараларды шешуді соның ішінде маңыздысы- агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталатын экономикалық реформаны тереңдетудің ғылымға негізделген бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында таяудағы жылдар ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттарын анықтау қажет.Нарықтық қатынас табиғи-климаттық, еңбектік, өндіріс потенциалын үнемді пайдалануды ең жоғары деңгейде талап етеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдерін шығару барлық тауар өндірушілерге, өндіріс құралдары мен өнімдерінің жаңа иелеріне тиімді болуы шарт. Ал бұған АӨК құрылымында қалыптасқан жағдайға терең талдау жасамай, оның әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыруды түбегейлі өзгерту қалай қажет болса тап солай Қазақстанның және Достастық елдерінің азық-түлік нарығында қалыптасатын коньюнктураны да түбегейлі өзгертусіз қол жеткізу мүмкін емес.
ҚР Елбасының ң экономиканы дамыту бағдарламасында стратегиялық мақсат ретінде жоғары дамыған индустриялы қоғам және әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономика құру басты мақсат болды. Ол -Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту негізгі міндет екенін атап көрсетті.
«Барлық стратегиялық басымдылықтың алдында»- АӨК дамуы жүреді, оның жүйелі және шешімді реформалануы, сонымен қатар тұтыну нарығын өндіріс тауарларымен толтыру жүретіндігін айтты Н. Назарбаев
Президенттің бағдарламасына сәйкес ауылшаруашылығы секторындағы мемлекеттік саясат –бәсекеге қабілетті өнім өндіретін және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін басқа да ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді тұрақтандыруға жалпы экономикалық жағдай қалыптастыратын тиімді салаларға қолдау көрсететіндей болып құрылуы керек.
Республикадағы жер заңнамаларын жетілдіруге және жер қатынастарын, жер нарығын дамыту, құруға және қозғалмайтын мүлікке арналған құқықты мемлекеттік тіркеу жүйесін және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған жер реформасы жалғасуда. [27]
Агроөнеркәсіптік кешенде экономикалық өсуді қамтамасыз ету және қаржылық –тұрақты ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қалыптастыру мақсатында болашақта ауылшаруашылығы өнімін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда.
Таяу жылдарға арналған ауылшаруашылығы саласындағы Үкіметтің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мыналар болды: бәсекеге қабілетті өндірісті және ішкі сауда да өткізу сиымдылығын арттыру, ауылшаруашылық экономикасын қаржыдан қыспау.
Үкімет ауылдық жердегі нарықтық өзгерістердің дамуын қолға алып отыр.
Азық-түліктік дақылдардың мемлекеттік қорын жаңарту және төтенше жағдайлар кезіне тұқымдық дәннің мемлекеттік ресурсын қалыптастыру шараларын жүргізуді қарастыруды, элеватор жұмысын лицензиялау бойынша және еліміздің дәнді дақылдар ресурсына мониторинг жариялау жұмыстары өз жалғасын табуда. Мемлекеттің бұдан былайғы дән және тұқымдар сатып алу және өткізуге араласуы тек мемлекеттік ресурстарды пайдалану және жаңартумен ғана байланысты болады.
Елбасы пікірі бойынша дәнді дақылдар шаруашылығының тұрақтануын арттырудың негізі- өндіріс мәдениетін арттыру есебінен соның ішінде технологиялық тәртіпті сақтау, шаруашылық жүргізуге экономикалық әдістерді енгізу, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүруі тиіс.
Техникалық саясаттың таяу жылдардағы міндеті біртіндеп дән жинау техникалары паркін жаңарту, оған сервистік қызмет көрсетуді бірыңғайлау болып табылады.
Ауылды техникамен қайта жарақтандыру негізінен лизингтік қатынастарды дамыту арқылы жүзеге асады.
«Қазақстан дамуының 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясы-ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің несиелік ресурсқа қол жеткізуін қамтамасыз ету,ол ауылдық несиелік серіктестік құру жолымен жүзеге асады.
Аграрлық секторды несиелеу көлемінің артуына кепілдік құрал ретінде «Дәндік қолхат» институттарын енгізуді қажет етеді. 2003 жылдан бастап бұл инстиут жұмыс істей бастады және біршама жетістікке қол жеткізді. Аграрлық секторды несиелеуге сыртқы қарыздар және екінші деңгейлі банктер қатысады. Қазіргі таңда көптеген ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер ІІ-деңгейлі банктен жеңілдік жағдаймен несие алады, бұл олардың әріқарай алға қойған мақсаттарына жетуіне көмектеседі.
Экспорттық-импорттық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстаннан шықпайтын ауылшаруашылық техникалары мен оларға қосалқы бөлшектерді сырттан әкелуге баж салығы салынбайды.
Құнарлы топырақты қалпына келтіруге және суармалы жерлердің тиімділігін арттыру үшін Елбасы ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерінің минеральді тыңайтқыштар сатып алуына мемлекеттік жәрдем ақша ұсынып отыр.
Жер учаскелерін кепілге алу және жерді пайдалану құқығы мәселелері бойынша нормативті құқықтық актілерге өзгеріс енгізілді.
Жүргізілген іс шаралар нәтижесінде дағдарысты басынан өткізген агроазық-түліктік секторда жаңа өндірістік қатынастар қалыптасып, өндірістің бүкіл әлемдік жүйесі шегінде ұлттық экономиканың ашық жария және ауылшаруашылығы өнімдерін сату жағдайында халықшаруашылығы салаларының тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңде бұл сектор тұрақтана бастады. Бұл жағдайда басты міндет-халықаралық саудадағы құқықты шектемеу және республиканың өндіруші саласы мен аграрлық сектордың табыстылығын, азық-түліктік қауіпсіздікті сақтай отырып, тауар және қызмет көрсету нарығына нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында аграрлық саясат өндірістік қатынастарды қайта құруға бағытталды. Агроөнеркәсіптік секторда
нарықтық шаруашылық жүргізудің негіздері құрылды, өндірісті ұйымдастырудың, көтерудің әдістері түбірімен өзгерді. Бүгінгі күні Қазақстаннның аграрлық өндірісінің 99% жеке меншік иелері ұсынып отыр, бұлар нарықтық қалыптасудың жалпы ережесімен жұмыс істетіндер.
2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарламада жаңа аграрлық саясат тұжырымдалды, ол төмендегідей кешенді сипаттан тұрады: тек қана ауылшаруашылығы өндірісі оның нысаны болып табылмайды, ауылшаруашылығы техникаларымен, минералды тыңайтқыштармен, қаржымен қамтамасыз ету жүйесін, өнімді, жер мен су ресурстарын сатып алу, ғылыми және консультациялық қызмет көрсету дамыту азық-түлік нарығын қанықтыруды қамтамасыз етуші барлық азық-түліктік кешені жалғасы болып табылады.
Ауылшаруашылығы өндірісі және өңдеуші кешеннің дамуын үйлестіру, оны маркетингтік стратегияға бағдарлау мемлекеттік агроазықтүліктік бағдарламаның негізгі басым бөлігі болып табылады.Бұл төмендегі факторларға негізделген:
1) Өңдеу салалары ауылшаруашылығы шикізаттарын өткізудің кепілденген нарығы болып табылады. Өңдеуді арттыра отырып, ауылшаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуін қамтамасыз етеміз.
2) Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы өнімдері еліміздің ішінде ғана пайдаланылады және шикі күйінде сыртқа шығарылады, ал нарық азықтүліктік шикізаттың шетелдік дайын өнімімен толып тұр.Оны пайдалана отырып біз еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсу мүмкіндігін, отандық тауар өндірушілер табысының өсуін жіберіп аламыз және керісінше шетелдік өндірушілердің азық-түлік өндіруін қаржыландырамыз.
3) Тауар өткізуге шекара ашылған жағдайға,еліміз бүкіләлемдік тауар өндірушілер қоғамдастығына кіруге дайындық жүргізуде, Ол кезде шетел тауарына тәуелді болу тіпті күшееді, сондықтан алдын-ала отандық өнімнің бәсекеге қабілетті болуын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдау қажет.
Ақыр аяғында ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы –бұл өздік мақсат емес. Оның тиімді болуы өндіріс пен сатудың балансыланған нарығынының болуы мен ғана мойындауға болады. Бұл мақсатқа жету үшін сыртқы және ішкі нарықтағы жағдайға талдау жүргізіп, отандық өнімдердің салыстырмалы түрде артықшылықтарын анықтауға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру амалдарын қарастырып, нарықта экспорт саясатын қарқындатуға, таяу және алыс шетел нарықтарындағы экспорттық саясаттың ролін дамытуға, сапасыз шетел тауарларынан ішкі нарықты қорғау мақсатында ішкі нарыққа мемлекеттік бақылауын күшейтетін іс шаралар қабылдануы қажет. Ауылшаруашылығы өндірісі өзінің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты экономиканың басқа салаларымен бәсекеге түсе алмайтындығын ескеріп және әлемдік тәжірибе дәлелдегендей жоғары табыс әкелетін секторлар артықшылығын біркелкілеуге бағытталған мемлекеттік реттеудің сыртқы саясатын жүргізу қажет. Бұдан шығатын қорытынды шетелдік тауарлармен бәсекеде отандық тауарөндірушілерге тең жағдай жасау қажеттігі туындайды.Осылайша отандық өнімнің бәсегеге қабілеттігінің өсу мәселесі Алдағы уақытта мемлекеттік стратегияның кезек күттірмейтін бірінші міндетіне айналып отыр. [27]
Сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттік өлшемі бойынша ауылшарушылығы өнімдері мен олардың өнімдерін өңдеудің негізгі түрлеріне ауылшарушылығы Министрлігі талдау жүргізіп, баға берді.Бүгінгі таңда тек бидай, мақта және бидайұны ғана экспрттық әлеуетке ие болып отыр, қалған өнімдер сыртқа шығарылмайды. Мұның барысында да сапа көрсеткішінің төмендігі мен тасымалдау бойынша шектелуге байланысты бидайдың да сыртқа шығарылу үлесі төмендеп отыр. Бидайдың сыртқы нарықтық потенциаль сиымдылығы-12 млн тонна. Дәстүрлі Ресей нарығы өз бидайларымен толып тұрған жағдайда бізге азық түлік нарығынан басқа бағыттар іздеу қажет. Қазір Қазақстан бидайы оннан астам елге шығарылуда. Біздің экспорттық құрылымымызда Ресей -46%, Украина-21%, Түркия -17,5%, Иран-10%, Италия-7,2%, Испания-6,5% пайыз үлеске ие болып отыр.
Мұның барысында Ресей мен Украинаға шығарылатын бидай үлесі қысқаратын болса, онда Ауғанстанға, Иранға, Норвегияға, Италияға, Қырғыстанға, Түркияға, Сауд Аравиясына, Эстонияға шығарылатын бидай үлесі артар еді. Шетелден импорттайтын елдердің арасына -Тунис, Судан, Иордания, Марокко кіре бастады.
Осылайша ауылшарушылығы өнімдері резервінің және негізгі өңдеу өнімдерінің өсуіндегі негізгі мәселе-ішкі нарықты және импорт алмастырудың талабын қанағаттандыру болып табылады.
Бүгінгі таңда агроөндірістік кешенге мемлекеттің қолдау көрсетуі-30 млрд теңгеге тең, ал егер жанама субсидиялауды яғни салықтық жәрдемді, бере жақты кейінге қалдыруды, сыртқы қарызы бойынша кепілдікті ескеретін болсақ-онда ол-80млрдты құрайды. Қазақстанда ауылшаруашылығын қолдауға арналған республика бюджетінің шығыны ішкі жалпы өнімнің -0,7% ға жетті Қазақстандағы 1 га жыртылатын жерге мемлекеттің көрсететін қолдауы-7,5 долларды құайды, бұл көрсеткіш АҚШ-пен салыстырғанда 15 есеге артық болып отыр.
Қазіргі уақытты агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы үшін АӨК-ге тікелей қолдау қаншалықты дәрежеде болса, тап сондай мүмкіндікті ішкі нарықты қорғауға және реттеу сферасына көрсететін қарқынды мемлекеттік саясат қажет. Отандық өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттігін тұрақтандыру бойынша төмендегідей механизм ұсынылады: