2.5 Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазіргі қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі мәселелеріне ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Республикалық деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асыру органы – Білім және ғылым министрлігі болып табылады. ҚР Үкіметі жаныдағы жастар ісі жөніндегі Кеңес – ҚР Білім және ғылым министрлігімен басқарылатын кеңесу органы мен Республикалық азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнінідегі кеңесі қызмет атқарады. Облыстық деңгейдегі жастар саясатын жүргізуді реттеу бойынша Ішкі саясат департаментіне жүктелген. Қалалар мен аудандарда бөлімдер жүзеге асыруға жауапты.
«ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес екі жылда бір рет жалпыреспубликалық Қазақстан жастарының форумы өткізіледі. ҚР мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен қалыптасуының құқықтық негіздерін ҚР 2004 жылдың 7 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы анықтайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады.
ҚР мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
Жастардың құқықтық және заңды мүдделерін қорғау;
Жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау;
Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын жүзеге асыру;
Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
Жастардың денсаулығын сақтау және нығайту;
Жастардың рухани және адамгершлік тұрғысынан дамуы.
ҚР мемлекеттік жастар саясатының негізгі қағидалары:
Ерекше әлеуметтік-демографиялық топтағы жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін көздеу;
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдықтары;
Жастар мәселелерін шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мен қалыптпастырудағы жастардың тікелей қатысуы.
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.
Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:
1) 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;
2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;
3) Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
4) Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
5) Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған бағдарламасы;
6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;
7) Бизнестің жол картасы — 2020;
8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;
9) «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы;
10) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стартегиялық жоспарлары.
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:
1-бағыт - «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;
2-бағыт - «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;
3-бағыт - «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады: 1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең; 2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.
Бірінші кезеңдегі жұмыстардың ең маңыздылары: жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады; жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады; «Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады; «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге-де жастар бастамалары өз жалғасын табады; техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерінің мәліметтер базасы, оның ішінде сертификатталған enbek.gov.kz сайтында бұдан кейін жұмысқа орналастыру үшін құрылады; азаматтық білімнің, азаматтық белсенділікті көтермелеудің жаңа әдістері енгізіледі («Қоғамға қызмет» курсы және тағы басқа); жастардың азаматтылық деңгейі артады; «Ертеңің үшін аянба!» еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады; жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы іске асырылады; жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын KZ» жобаларын іске асыру басталды; жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру басталады; 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды; салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру басталатын болады; «жас отбасы» категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде «Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).
Достарыңызбен бөлісу: |