І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері



бет37/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Екінші кезеңде жастардың жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен қанағаттану-деңгейі артатын болады, оның ішінде: жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 20%-ға артады; жастардың барлық деңгейдегі маслихаттардағы өкілеттілік-деңгейі 14%-ға дейін өседі; мемлекеттік қызметкер жастардың мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санынан үлесі 30%-ға артады, оның ішінде «А» корпусындағылар саны да өседі; жастардың профилактикалық тексеруден (скринигтік зерттеулерден) өтуі-деңгейі артады; «Іске сәт!», «Еңбекқор», «Отандастар», «Алға, Қазақстан!», «ҚарқынKZ» жобаларын іске асыру жалғасады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық шарттарды құруды және жастардың рухани, мәдени, білім берудегі, кәсіптік, дене бітімі тұрғысынан дамуы, жалпы қоғам мүддесі үшін оның шығармашылық қасиетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Полиэтникалық болып табылатын Қазақстан Республикасы үшін қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда жастар ортасындағы этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынас әлеуметтік-экономикалық фактор секілді маңызға ие. Сол себепті жастар ұйымдарының қызметін оларды жаңа тиімді жұмыс орындарына тарту арқылы жандандыру, жастарды әлеуметтендірудегі және оларды тұтас экономикалық, саяси және социомәдени кеңістікке біріктірудегі елдің шығындары мен жоғалтуларын шамалау (минимизация) мақсатында әртүрлі жастар ұйымдарының қызметін мемлекет тарапынан үйлестіру қажет. Жастардың саяси ұйымдары болашақ көшбасшы, сарапшы, ұйымдастырушы, жалпы болашақта ел саясатын анықтайтын және оның өміршеңдігін жүзеге асыратын мамандарды айқындайды.

Жастар ұйымдары мемлекеттік аттестациялау мен білім беру ұйымдарын аккредитациялау, жоғары оқу орны рейтингін құру, Бірыңғай ұлттық тестілеуді жүргізу жұмыстарын жүзеге асыру үшін жұмылдырылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәліметі бойынша мемлекетте 700-ге жуық әрекеттегі жастар және балалар қоғамдық ұйымдары, республикалық бірлестіктер мен қозғалыстардың филиалдары тіркелген.

Қазіргі таңда республикадағы мақсаты мен міндеті айқындалған, жастар мәселесімен айналысатын бірегей ұйым – «Жас Отан» жастар қанаты. «Жас Отан» жастар қанатының негізгі мақсаты жастардың жан-жақты дамуы, рухани-адамгершілік, парасатты және денелік күш қуатын арттыру үшін, әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға, партияға жәрдемдесу болады. Міндеттері: жастар арасында іскерлік белсендікті және кәсіпкерлікті дамыту, жас адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету; жасөспірімдер арасында, құқық бұзушылық, нашақорлық және жастар арасындағы басқа келеңсіз тенденциялардың алдын алу және күресуде уәкілетті органдарға жәрдемдесу; ғылым, мәдениет, білім, өнер және т.б., неше түрлі салада, ғылыми-зерттеу, ақпарат жұмысын ұйымдастыру және қатысу; жастар саясаты мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ заң жобалары мен басқа нормативтік актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды, тиісті мемлекеттік органдарына әзірлеу және енгізу; өкілетті билік органдарына, жастар қатарынан кандидаттарды ұсыну; дөнгелек үстелдер, конференциялар, жастар саясатына арналған лекцияларды өткізу.

Алматы қаласының жастар қоғамдық бірлестіктер Ассоциациясының негізгі бағыты жастар ұйымдарына шартты мақсат пен міндетті іске асыру, жастарда ойдың жаңа үлгісін қалыптастыру және табысты тұлғаның капиталы ретінде, әлеуметтік капиталдың ойын орнықтыруда көмектесу болатын, Алматы қаласының жастар қоғамдық бірлестіктер Ассоциацисы (ЖҚБА) қызметін атап өту керек: жастар ұйымдары жұмысы мен басқару принципіне инновациялық жолды әзірлеу; жастар саясатын іске асырудағы жастар ұйымдары үшін жалпы біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру; жастар секторы жұмысын мемлекеттік билік органдарымен, халықаралық ұйымдары бизнес құрылым өкілдерімен серіктестік ара қатынасын құру. ЖҚБА Жоғары және Орта арнайы оқу мекемелерімен негізгі үш бағытпен жұмыс жасайды: білім, әлеуметтік сала және жастардың спорттық тәрбиесі. «Мемлекеттік қызмет мектебі», жетім балалар үшін қайырымдылық акциялар, спорт жарыстары, сияқты жобаларды іске асырды.

Жастардың Алматы қалалық одағы заң тұлғалардың бірлестігі, ең бірінші жастар бірлестіктерінің бірі «АнтиСПИД» Республикалық жастар қоры, «Прокьюремент» Ассоциациясы, Қазақстан балалар және пионерлер ұйымдарының Одағы, КВН Суперлигасы және басқалар мүшелері болған, «Қазақстан жастар Одағы» болды. Қазақстан жастар Одағы ТМД елдерінің және алыс шет елдерінің жастар ұйымдарымен жұмыс істейді (атап айтқанда, Ресей жастар Одағы және Беларусь жастар Одағы). Ерекше мағына балалар үйлері, оңалту орталықтары, интернаттар, кедей топтары мен кәрі адамдарға арналған жұмыстарға бөлінеді.

«Жастардың салауатты өмір сүруі үшін» (РҚБ ЖСӨС) Республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін атап өтуге болады. Қызметтің негізгі мәні - жастар ортасында салауатты өмір сүруін насихаттау, жастар мен жасөспірім арасында нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегушілікпен күресу. Ұйым, СӨС қалыптасу проблемасында мамандандырылған қалалық және республикалық бірлестіктерімен, сондай-ақ, PSI-Орталық Азия ұйымымен, «Қызыл крест және Жарты ай қоғамы» халықаралық қоғаммен және БҰҰ өкілдігімен белсенді қатысады. Елдің көпшілік оқу орындарында белсенді қызмет жүргізеді. Ұйымның филиалдары - Ақтау, Атырау, Петропавловск, Павлодар, Семей, Тараз қалаларында ашылды және жетістікпен жұмыс жасап жатыр.

Сонымен бірге Елбасы бастамасымен қалыптасқан республикалық «Жасыл Ел» еңбек отрядының алматылық штабы қызметін атап өту керек. 2005 жылы «Жасыл Ел» отрядтары қызметінде, қаланың 16 жоғары оқу орындары, 500-ге жуық студенттері жазғы жұмыс кезеңінде еңбекке тартылды. Жастарды жұмысқа орналастырудан басқа, «Жасыл Елдің» алматылық штабы, мезгіл-мезгілмен экологиялық мәселелерге қоғамның және жастардың назарын тарту бойынша, «Таза Әлем», «Менің таза қалам», «Халықтың бірлігі – таза Қазақстан үшін», «Сау ұрпаққа -таза таулар», «Алматы махаббат қаласы, гүл қаласы»сияқты акцияларды өткізеді. Ағымды еңбек маусымында, Алматы қаласы бойынша 750-ге жуық студентті жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Студенттік құрылыс отрядтары (СҚО) маңызды жастар ұйымдары болады. СҚО отрядтарының үлесі дәл Алматы қаласына келеді. 2005 жылы 40-қа жуық отряд құрылды, 1307-ге жуық адам жазғы кезеңге жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастырудан басқа, СҚО өз мүшелерінің мәдени және патриоттық тәрбиесіне назар аударады. Жұмыс төрт бағыт бойынша жүргізілді, тек құрылыс отрядтары емес, сондай-ақ, педагогикалық, медициналық және темір жол отрядтары құрылды. Осы жылы жазғы жұмыс кезеңінде 1500- ден астам студенттерді жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Халықаралық студенттік қозғалыс (бағдарлама) - SIFE қаланың жастары арасында, 1995 жылдан Орталық Азия аймағында жұмыс істейтін, Халықаралық студенттік қозғалысы- SIFE өте әйгілі. SIFE қызметі, Жоғары оқу орындарында, рынок экономикасының принциптеріне оқыту және ағарту мақсатында, студенттік командаларды құруға жолданды. Кәсіпкерлік қызметтің дағдысына ие болған, еркін кәсіпкерлік идеясын тарату үшін, қозғалыс мүшелері білім және бизнес жобаларын әзірлейді және олардың іске асырылуына айналадағыларды қатыстырады. Сонымен бірге кәсіпкерлікпен айналысады. SIFE Қозғалысының Казақстандық бұтағы Алматы қаласының және Республиканың барлық ірі Жоғары оқу орындарында жұмыс істейді.

Қазіргі қоғамдағы жастардың белсенділігін арттыру жолдарының бірі - студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының басты мақсаты университетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады. Негізгі міндеттері: студенттік қоғам ұйымдарының қызметін үйлестіру, университет және студенттік топтар деңгейінде студенттік өзін-өзі басқарудың заманауи түрлерін енгізу, оқу және тәрбиелік үдерістерінің тығыз бірлігінде студент жастардың арасында көпшілікке арналған мәдени және қоғамдық-саяси шараларды қамсыздандыру негізіндегі мерекелердің барлық түрлерін ұйымдастыру, жастардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жүйелілік жұмыс, атқарушы органдармен ортақ жұмыс жүргізу үшін қарым-қатынастарды іске асыру, әр түрлі тақырыптарға пікір сайыстар мен диспуттарды өткізу. Студенттік құрылыс жасақтары мен басқа да еңбек жасақтарының жұмысын жандандыруболып табылады. Қазіргі студент жастардың өзін-өзі басқаруы Қазақстан қоғамы дамуының жаңа үрдістеріне негізделген.

Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.

Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады. АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін-де береді. АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген. Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу. Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда, ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар, ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар. Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген. Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан. Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік-деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған.

Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік-деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:

- жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, ресурстардың топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі әлеуметтік-экономикалық саланы қамту);

- ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндетіне арналған жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі;

- жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;

- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде мақсатты топқа нақты сегментация беру;

- жауапты орындаушының кәсіптілігі мен барлық деңгейдегі тең орындаушылардың ұйымдылығы.

Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады. Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және, ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады. Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.

Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

1. Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

2. Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

3. Еңбекке құрмет;

4. Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

5. Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

6. Қиындықтан қорықпай табысқа жету;

7. Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

Жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылатын болады. Ол: еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік болады.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады. Сонымен қоса, еліміздің білім ұйымдарында студенттер кеңесі, клубтар желісі және т.б. ұйымдар дамитын болады.

Жастармен жұмыстың жеке блогы «Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылатын болады.Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары дамиды. Танымдық фактор ретінде жастар экотуризмі дамитын болады. Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қомқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ» жобасы іске асырылатын болады.Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» жалпыхалықтық жобасы әзірленіп, жүзеге асыру жоспарланады.

Мықты, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу ұйымдастырылатын болады, оның ішінде, жастар саясаты саласындағы оқиғаларды жариялап отыратын республикалық жастар газеті, аналитикалық журнал, телебағдарлама, толықметражды көркем және документалды фильмдер, телесериалдар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер шығарылады, «e-zhastar» интернет-порталы құрылады.

2017 жылы 28-Бүкіләлемдік Қысқы универсиадаға сынды оқиғаларға көптеген жастардың қатыстыра отырып іс-шаралар өткізу жоспарланады.

2015 жылы жастардың әлеуметтік-қорғалатын тобын қолдау, тұрмыстық жағдайын жақсарту, өз жұмысын құру мүмкіндігі мен еңбекпен қамтамасыз ету жүйесі дамитын болады. Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары аясында жүзеге асырылатын болады.

Қоғамдық жұмыстар жүйесін дамыту, жастар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және «Жастардың еңбек биржасын», жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етудің жастар орталықтарын және жастардың еңбек нарығында бейімделу орталықтарын құру жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру жалғасатын болады.

Осы жобаларды жүзеге асыру барысында ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бизнес-қауымдастық өкілдері белсенді түрде тартылатын болады. Жастарды қоғамдық жұмысқа тарту жастар еңбек жасақтарын құру жолымен жүзеге асатын болады. Бұл жастар әлеуметтік жасағы, жастар құқық тәртібі жасағы, ауылды дамыту жасағы мен көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеп, қайта жаңғырту жасағы.Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің түлектері үшін деректер базасы құрылатын болады, оның ішінде, сертификатталған, «enbek.gov.kz» сайтынан жұмыспен қамтуда нақты болжам жасалып, жоспарлауға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде, жастарға консультациялық және тренингтік қызмет көрсететін еңбек нарығына арналған жастарды бейімдеу орталығын құру жоспарланады.

Әлеуметтік жұмыс жүйесі сипаты жағынан тарихи қоғамдық бола тұра, сонымен бірге өте күрделі және ашық жүйелер қатарына жатады. Әлеуметтік жүйе белсенді түрде ақпарат алмасып отыратын және тығыз қызметтік қарым-қатынаста болатын жүйелер қатарына, яғни, экономика, саясат, мәдениет, білім беру, медицина т.б. жатады. Әлеуметтік жұмыс жүйесінің динамикалық сипаты оның белгілі бір мәдени-тарихи жағдайларда даму процесінің ерекшелігімен айқындалады.

Тәжірибелік қызмет ретіндегі әлеуметтік жұмыс жүйесі төмендегідей элементтерден тұрады:


  • Әлеуметтік жұмыстыңобъектісі мен субъектісі бұл жүйеде кім қызмет етеді және ол қызмет кімге бағытталған деген сұрақтарға жауап береді.

  • Әлеуметтік жұмыстың негізгі сфералары басты әлеуметтік проблемалар шешілетін салаларды қамтиды да (денсаулық сақтау, білім беру, түрлі қоғамдық орындар, өндіріс т.б.), қоғамның, мәдениеттің, қоғамдық сананың, идеологияның, саясаттың даму деңгейін анықтайтын әлеуметтік жұмыс мазмұнының қалыптасуына ықпал етеді.

  • Әлеуметтік жұмыс институттарына өздерінің жетекші қызметі солардың көмегімен іске асырылатын әлеуметтік қызметтер мекемелері, орталықтар жатады.

  • Әлеуметтік жұмыстың әдістері - әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылуы үшін қолданылатын спецификалық әдіс-тәсілдер кешені.

  • Әлеуметтік жұмыстың формалары әдетте, оның институттарымен және әдістерімен тікелей байланысты; Клиенттердің өмірлік маңызды проблемаларын шешуде бір реттік, жүйелі түрдегі, көп деңгейлі, ұзақ мерзімге арналған бағдарламалар қарастырылуы мүмкін.

Күрделі иерархиялық болып табылатын әлеуметтік жұмыс жүйесінде түрлі жүйелік деңгейлерді бөліп көрсетуге болады:

  1. Жалпыұлттық көлемде клиенттердің өмірлік маңызды проблемаларын шешуге жағдай жасайтын қоғам мен мемлекеттегі ұйымдар мен мекемелер Ұлттық деңгейді құрайды. Қазіргі күнгі Қазақстанда бұларға - түрлі комитеттер мен министрліктер жатады.

  2. Аймақтық деңгейді оның табиғи, климаттық, экономикалық, демографиялық және т.б. ерекшеліктері сипаттайды. Аймақтық деңгейдің ерекшелігі оның әлеуметтік жұмыс бағыттарының қай саласы басым болып табылатындығында.

  3. Муниципалдық деңгей ең алдымен қалалық, аудандық деңгейдегі әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға күш салады (мысалы, білім беру бөлімдері мен әлеуметтік қорғау басқармасы балаларды немесе қарт адамдарды қамқорлыққа алуы мәселелерін шешкен кезде).

  4. Жергілікті деңгей нақты микросоциум және оның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерімен байланысты келеді.

Әлеуметтік жұмыс жүйесі қоғамдық сипатта (қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан немесе қазіргі заманғы Скандинавия елдерінің тәжірибесі), сондай-ақ, мемлекеттік сипатта (кеңестік дәуір) болуы мүмкін. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс жүйесін мемлекеттік – қоғами деп атауға болады.

Дүниежүзілік әлеуметтік жұмыс тәжірибесі институттар типін жалпыпрофилдік және арнаулы деп бөледі. Жалпыпрофилдік институттарға нақты қауым, коммуна, муниципалитет тұрғындарына, т.б. шағын территориялық әкімшілік бірліктеріне қызмет ететін мекемелер (АҚШ-тағы коммьюнити-орталықтар, Швециядағы әлеуметтік қызметтер бюросы, Германиядағы әлеуметтік бөлімдер, Ресейдегі әлеуметтік қорғау бөлімдері, т.б.) жатады. Бұл мекемелердің мақсат-міндеттері – адамдардың тұрғылықты жеріне мейлінше жақын орналасып, барлық мұқтаждарға алғашқы әлеуметтік жәрдем көрсету. Жалпыпрофилдік мекемелердің ерекшеліктері белгілі бір елдегі әлеуметтік көмек моделінің ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Германиядағы әлеуметтік бөлімдер өзіне тікелей қатысты міндеттермен қатар кей жағдайда соттардың немесе басқа да муниципалдық ведомстволардың (мысалы, түрлі әлеуметтік көмек беру жағдайларында өтініштер жазу, балаларға қамқорлық көрсетуді бағалау, өзара көмек топтарына ақыл-кеңестік көмектер беру т.б.) жұмыстарын қосып атқарады. Швециядағы әлеуметтік қызмет бюросы әлеуметтік жоспарлау ісіне (қауымдағы демографиялық және де басқа әлеуметтік процестерге қатысу; әлеуметтік қызмет жүйесін дамытуға өз ұсыныстарын қосу, т.б.) де белсене араласады. Сексен жыл көлемінде барлық Скандинавия мемлекеттерінде дерлік, өскелең жас ұрпақты қорғау жұмыстарымен айналысатын Маннергейм лигасы құрылды. Көптеген заманауи әлеуметтік көмектер осы лиганың инициативасымен ұйымдастырылған болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағындағы бала құқықтары жөніндегі омбудсмен арнайы құрылымын құруға арналған «Бала құқықтарын қорғау және бала құқықтары мониторингісінің тетіктерін жасау» бастапқы жобасын 2006 жылдан бастап өткізу турасындағы ақпарат берілген. Жоба 2005-2009 жылдарға арналған әріптестік бағдарламаның бөлігі ретінде Қазақстан Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Аталмыш жобаның негізгі серіктесі – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Омбудсмен кеңсесі, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және 10 мен 17 жас аралығындағы 3 мың бала. Балалар омбудсмені – бұл балалар мен жас өспірімдерге арналаған адвокат, яғни мектептерде, отбасында және т.б. мекеме орындарында балаларға өз құқықтарын қорғап қалуға көмектесетін адам. Қазіргі заманғы балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелейтін ең ірі орталықтардың бірі - 1986 жылы 13 наурызда Парижде ашылған Виллет қалашығы. Бұл қалашықты ашудың мақсаты - «балаларда таңғалуды, армандауды, ләззат алуды; өздерінің күштерін сынап көруді ояту, өз білімдерін тереңдетуге; жедел эволюция ғылымдарына, өндіріс және мәдениет жайында ой толғауға итермелеу...». Қалашықта қойылған барлық экспозициялар, көрмелер, спектакльдер әр балаға қол жетерліктей, ойын формасы түрінде, демонстрацияны меңгеру арқылы зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуге еркіндік беріледі. Батыстың дамыған елдерінде көптен бері балаларға ақшаны аяуға болмайтыны, бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігі жайында шешім қабылданған болатын. АҚШ-та мемлекет әлеуметтік көмектің минималды деңгейін және оның қол жетерліктей болуын қамтамасыз етеді. Қаржыландырудың негізгі қағидасы – ақша төлемінің мерзімін және көлемін шектеу, өздерін жоғарғы жалақының көмегімен қамсыздандыру. Сонымен қатар көмекті қажет ететін балалары бар отбасыларға 180 жуық федералды – штаттық арнайы бағдарламалар да жасалған. Бұл бағдарлама бойынша көмек тек отбасындағы пайда өмір сүру деңгейінен төмен болған жағдайда ғана көрсетіледі. Кедейлік деңгейінің шекарасы үнемі қарастырылып отырады. Ақшалай көмек көрсетумен қатар, тауар сатып алуда, коммуналды, медициналық және білім алу қызметтерінде көптеген жеңілдіктер жасалынған. Күн сайын штаттық қызметкерлер қиын жеткіншек жастағы балалармен, жалғыз басты ата-аналармен, қарт адамдармен жұмыс жасайды. Өзінің алты қабаттық офисінде ассоциация қызметкерлері орналасқан, бассейн, спортзалы, тренажерлер орналасқан, төбесінде ойын ауласы да бар. Ассоциация бағдарламасы барлық жас аралығындағы балаларға сабақтан кейін кейбір жұмыстар тапсырып, өздері үшін ақша табуға көмектеседі. Осы арқылы бала өз уақытын үнемді пайдаланады, бос уақытын қажетсіз іс-әрекеттерге жұмсамайды.

Еуропалық мемлекеттердің көбісі, әлеуметтік көмек көрсетуде «Мемлекеттің барынша аз көлемде араласуы» қағидасын басшылыққа алған. Олардың даму тарихында, көп жағдайда көмек мемлекет тарапынан емес, жеке қорлардың көмегімен көрсетілген. Батыс еуропа елдеріндегі мемлекет балаларға және отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуде белсенді араласады деп айтуға әбден болады. Ай сайын, отбасындағы кіріс пайданың деңгейіне қарамастан, бірінші баланың дүниеге келуіне байланысты мектепті аяқтағанға дейін (16-18 жас) ақшалай жәрдемақы төленеді. Әсіресе, жоғары білім алғысы келген балаларға қоғам ерекше көңіл бөледі. Мысалы, ФРГ, Нидерланд және т.б. мемлекеттерде жәрдемақы 27 жасқа дейін төленеді, ал оның сомасы жас ұлғайған сайын өсе береді. Скандинавия мемлекеттерінде, әсіресе, Швецияда, Финляндияда өмір сүру деңгейі жоғарғы көрсеткіштерге ие. Бұнда әр бала тегін білім алады, балабақшаға барады. Бұндағы әрбір әлеуметік көмек арнайы ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелермен қатал қадағаланып отырады. Арнаулы мекемелерхалықтың белгілі бір категорияларына: әлеуметтік баспаналар, ребилитациялық, диагностикалық орталықтар және т.б. әлеуметтік қызмет көрсетеді. Барлық модельдер аясында мұндай мекемелер көптеп саналады және олардың жұмысы нақты проблема жағдайында кәсіби көмек көрсетуге бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет