І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар – студент тұлғасының құндылық бағдарын қалыптастырудың негізі



бет15/52
Дата06.01.2022
өлшемі417,2 Kb.
#15088
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
1.7 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар – студент тұлғасының құндылық бағдарын қалыптастырудың негізі

Құндылық категориясы адам әлемі мен қоғамға ғана қолданылады. Бұл ұғымның адамнан тыс және адамсыз болуы мүмкін емес, себебі «құндылық» ұғымы заттар мен құбылыстардың адамзаттық мәніне ие. Олай болса, құндылықтар әлем мен адамға қатысты әлеуметтік үдерістермен өндірілген маңызды жағдайлар мен құбылыстар. Ол қоғамда әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға байланысты орнығып, бекітіледі. Сонымен қатар құндылық - әлеуметтік субъектіге, оның қажеттіліктері мен қызығушылығын қанағаттандыру тұрғысынан алғанда маңызы бар материалдық немесе идеалдық заттар.

Сондықтан құндылықтар әлемі, кең мағынада, мәдениет әлемі, бұл адамның рухани іс-әрекет саласы, оның адамгершілік санасы, тұлғаның рухани байлығының бағасы мен өлшемі болып табылады.

Тарихқа үңілсек, құндылықтар туралы алғашқы түсінік сонау антика заманында өмір сүрген ежелгі грек ғалымдарынан бастау алады. Сократ «құндылық - адамның өмірді бағалауы», Платон «құндылық - өмір сүру», Аристотель «құндылық – адамның даналығы, яғни қандай да болмасын құнды нәрсені таба білуі» деп есептесе, Ф.Ницше құндылықты мәндік категория емес, тек бағалау немесе субьектінің әлемді тануындағы ішкі тәжірибесі деп пайымдайды.

Тарихи дәуірде өмірдің әр кезеңіне байланысты қоғамның мақсатына қарай құндылықтарға деген көзқарастар өзгеріп отырған. Қ.А.Иассауи мұсылман философиясының адамгершілік құндылықтарын (адамгершілік, кісілік һәм имандылық және т.б. қасиеттер) әлемдік деңгейге көтеріп, адамды тәрбиелеудің алтын діңгегі деп есептесе, Әл Фараби рухани құндылықтардың ішінен «қайырымдылық» феноменін ерекше атап көрсеткен.

«Құндылық» сөзінің екі жақты тілдік мағынасы (объекті құндылықтардан тұра ма, әлде объект дегеніміздің өзі құндылық па?) кездеседі: бірінші жағдайда, заттық құндылық, ол заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері; екінші жағдайда, субъективті, яғни сана құндылығы, ол жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, әдемілік пен ұсқынсыздық, нормалар мен қағидалар, идеал туралы нормативті түсініктер формасында айқындалатын қоғамдық ой, қоғамдық сұраныс пен баға беру, мақсат және оған жетудің жолдары.

Философтар заттық және субъективтік құндылықты адамның дүниеге қатынасының екі жағы: объектісі әрі субъектісі ретінде қарастырады. Демек заттық құндылық баға берудің объектісі болса, субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі.

Құндылық көпмағыналы пәнаралық сипаттағы ғылыми ұғым әр түрлі ғылым салалары тұрғысынан түсіндіріледі:



  • қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде, құндылық - нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық, заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін, керектігін білдірсе;

  • орысша-қазақша сөздікте құнды зат, мәнділік, қазына, байлық деп аударылады;

  • философиялық сөздікте, құндылық адам мен қоғам үшін жағымды және жағымсыз мәні (қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарындағы жақсылық пен жамандық, мейірім мен опасыздық, көркемдік пен ұсқынсыздық, т.б) айқындалатын қоршаған әлем обьектілерінің өзіндік әлеуметтік айқындаушысы;

  • психологиялық сөздікте құндылық қоғам үшін әлеуметтік-тарихи маңызы бар, «жеке адам» өмірінің болмысын анықтайтын құбылыс; қоғамдағы моралдық қарым-қатынас;

  • педагогикалық сөздікте құндылық адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсетілетін қайырымдылығы, тұрақтылығы, мейірімділік тәрбиесі ретінде анықталады.

  • Қазақ Совет энциклопедиясында құндылық объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін, объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайтын философиялық-социологиялық ұғым;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет