Жалпы тәртіпке кері мінез-құлық. Бұл қоғамдағы тұрақталған, жалпыға бірдей міндетті тәртіпке бағынбау болып табылады.
Қоғамға қарсы немесе антиәлеуметтік мінез-құлық. Бұл қоғамдағы жалпыға ортақ, әдептілік нормаларын бұзу.
Делинквентті мінез-құлық – құқық бұзу әрекеттері. Ұрлық, кезбелік, қылмыс жасауға бейімділік т.б.
Аутоагрессивтік мінез-құлық – өзіне-өзі қол жұмсау, күйзеліске түсуге бейімділік т.б.
Девианттық мінез-құлықтың түрлерін 1-2 суретте берілген.
1 сурет. Девианттық мінез-құлықтың негізгі түрлері
Девианттық мінез-құлық
Заңға қайшы мінез-құлық
Деструктивті мінез-құлық
Құқықтық іс- әрекеттер
Ішімгерлік,маскүнемдік, нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік, жезөкшелік
Биморальдық мінез-құлық
Асоциалды мінез-құлық
Қылмыс
Зинақорлық, фанатизм, конфор-мизм, мазохизм
2 сурет. Девианттық мінез-құлық формаларын индивидуалдық классификациялау
Негативті ауытқу
Девиация
Нейтралды ауытқу
Позитивті ауытқу
Негативті ауытқулар- шындық нормалардың қандай да бір ауытқуларды да қарастырады (моральдық және құқықтық). Осындай қоғамға тұтастай немесе жеке тұлғаға зиян келтіреді, сол үшін де тек қана қатардағы ауытқулар емес (девиация,аномия), патология ретінде қарастырады.
Заң бұзушылық
Қылмыс
Деликт
Моральдық іс-әрекет
Позитивті ауытқулар – бұл қандай да бір жалған нормалардан ауытқу (моральдық және құқықтық). Осындай ауытқулар тек қана қоғамға зиян келтірмейді, ол қарама-қарсы оның прогрессивті дамуындағы жоспарларына пайдалы.
Қылмыс - ол қылмыстық құқықтың қандай да бір нормаларын бұзатын аутқуды айтамыз.
Деликт – бұл қандай да бір норманың құқықтық түрін бұзатын азаматтық, административтік және басқа да ауытқулар.
Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары осындай.
Девиантты мінез-құлықтың индивидуалды формалары массалық аутқудың формаларына сәйкес келеді, олар әдебиеттерде мынадай түсініктермен анықталады, «девианттық», «заң бұзушылық», «қылмыскерлік», «деликвенттік», «аморальдық».
Сонымен, девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады.
Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқорлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мекемелерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Кейбір ғалымдар оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
Достарыңызбен бөлісу: |