Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңымен танысу, оқу және конспектілеу.
ҚР жастар саясаты тұжырымдамасының ерекшелігін ашып көрсетіңіз.
Қазіргі бірлестіктер мен ұйымдар студент жастардың ұлттық тәрбиесіне ықпалына сипаттама беріңіз.
Жастармен жүргізілетін жұмыстар мазмұнының негізгі бағыттарын атап көрсетіңіз.
Әдебиеттер
Пірәлиев С. Жаһандану үдерісінде жастарға ұлттық тәрбие берудің рөлі. Ұлттық тәрбие. Таңдамалы лекциялар курсы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. -276б. (6-16б.).
Төлеубекова Р.К. Қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізі. Монография. - Алматы, «Комплекс», -2001.-295б.
Әбен Е. Дала даналары. Алматы: Қазақстан даму институты,2001
Сәдуақасұлы Ә. Дәстүр мектебі. Алматы,2003
Қирабаев С. Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті. Ұлттық тәрбие. Таңдамалы лекциялар курсы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. 276б. (112-1125б.).
Айталы А. Ұлттану. –Алматы: Арыс, 2000
МолдабековЖ. Қазақтану және жаңару философиясы. - Алматы. Қазақ университеті. 2009. - 282 б.
Қазіргі қоғамда жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ұлттық тәрбие. Таңдамалы лекциялар курсы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. -276б. (61-90б.).
2.6 Студент жастардың әлеуметтік-тұлғалық мәселелері
Жастық өз уақытын білмейді. Р. Хорезми Студент жастарды тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыт олармен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыс. Жастардың арасында нашақорлық, ішімдікке салынушылық, жасөспірімдердің жезөкшелікке салынуы, бақылаусыз қалған және тастанды балалардың саны өсуі, қоғамның мәдени-моральдық бастауларын бұрмалау мен елемеу, мінез-құлықтың қоғам тәртібіне мүлдем сай болмауы, яғни жастардың әлеуметтік-тұлғалық мәселелері соңғы кезде өршіп барады.
Бұның барлығы ұрлыққа, тонауға, бұзақылыққа жəне т.с.с. заң бұзушылықтарына əкеледі.
Мінез-құлық жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекетттерінің нәтижесі болып табылады. Темпераменттің негізгі қасиеттері базасында қалыптасса да, мінез-құлықты темперамент анықтамайды. Мінез-құлықтағы қалыптасатын моральды, интеллектуалды, эстетикалық даму деңгейлеріне, тәрбиенің қосар үлесі мол.
Мінез-құлық пен жеке тұлға арасындағы айырмашылықтың мәнін Ю.Б.Гиппенрейтер былай түсіндіреді: «...мінез-құлық белгілері, адамның қалай әрекет ететінін көрсетеді, ал тұлғалық белгілер, адамның не үшін әрекет ететінін көрсетеді. Мұнда адамның өзін-өзі ұстау әдістері мен тұлғалық бағыты, біріне-бірі тәуелді еместігі: бір ғана әдістің көмегімен, әртүрлі мақсаттарға жетуге болады және керісінше, бір мақсатқа жету жолында, әртүрлі әдістерді қолдануға болады».
Мінез-құлық типі, адамның дұрыс әлеуметтендірілуіне тікелей әсер етеді, ол әлеуметтік-психологиялық бейімделудің әртүрлі формаларында байқалады, оған патогендік формалар да жатады. Жеке тұлғалық дамудың әртүрлі дисгармониялық типтері туралы айтқанда, қалыпты тұлғалық дамудан ауытқу дәрежесі сөз болады, яғни мінез-құлықтың патологиялық типтері сипатталады. Қазіргі кезде, адамның әлеуметтендірілу қиындығын туғызатын мінез-құлыққа, негізінен девиантты мінез-құлықты және психопатияны жатқызады. Ал акцентуация, әлеуметтік-қарым-қатынас қиындықтарын туғызуы ықтимал, уақытша күйлер болып табылады.
Қазіргі кезде девиантты мінезқұлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі — психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй жəне т.б.); екіншісі — «əлеуметтендіру — дезадаптация — оқшаулау» құқықтық, мəдени жəне əлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты əлеуметтікке қарсы мінезқұлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делинквентті (құқыққа қарсы) жəне криминалды (қылмыстық) мінез-құлық жатады. Психологиялық сөздікте девиантты мінез-құлық «адамның белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-əрекеті, қылығы» деген мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психология, педагогика, психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу нысаны болса, əлеуметтік құбылыс ретінде əлеуметтану, құқық, əлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пəні болып табылады. С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық жəне т.б.;
қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған əрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау жəне т.б.;
əлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке жəне əлеуметтік мəселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау жəне т.б. жатады.
Девиация – (ауытқу, яғни, қалыптан ауытқыған мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық – адамның мінез-құлқы мен тәртібіндегі теріс, деструктивті құбылыстар (нашақорлар, қылмыскерлік, жезөкшлік, өзіне-өзі қол жұмсау жіне т.б.).
Девиантты мінез-құлықтың себептеріне отбасындағы қолайсыздықтар, ата-ана ажырасуы, маскүнемдігі және ата-ананың қаражатпен қамтамасыз ету немесе жеке тұлғалық тәрбиелеуге қабілетсіздігі жатады. Сонымен бірге, оқушының жасқа сай дағдарыс кезеңі, жалғыздығы, мінезінің түсініксіздігі мен оқудағы сәтсіздітер, нашар үлгерім – міне, мұның барлығы, мінезқұлықтың ауытқуына әкеп соқтырады.
А.Г.Абрумова мен Л.Я. Жезлова дивиантты мінез-құлықты 4 бөліп қарастырады: