Ұлттық тәрбиенің көздері: Мақал-мәтелдер – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндер.
Мәтелдер – тұжырым-тұспал өлеңде, сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде беріледі. Мысалы, «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» т.б.
Жұмбақтар – нақты бір зат туралы тұспалдап ұқсатып, бейнелеп, айту арқылы баланы ойлату танымдық білімдік, ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп тұжырым жасау.
Батырлар жырларында ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде батырлардың ерліктері жырланады. Батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілік шынайы патриоттық сезім дәріптеледі (Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс батыр т.б.).
Эпостық шығармаларда батырлар – айтқан антта, берген сертте тұратын табанды жандар. Олар жауына да әділетті, досына әдепті, халқына мейірімді қарсыласына қатал, елі үшін кешірімді де қайырымды.
Батырлар жыры осындай тәрбиелік әсер етуімен қатар, өткен замандардан мәлімет береді, жаңа заманның артықшылығын қадірлеуге себепші болады, оймен бірге тілді де дамытады, халықтың тұрмыс-салтын, ой-арманын айқындайды, жеке адамдардың өзін-өзі тәрбиеленуіне, мінезқұлықтарының қалыптасуына себепші болады.
Ертегілер бала тәрбиесінде ерекше орын алады. Ол баланың қиялын дамытуға, келешекке сеніммен қарауға, ақымақтық пен ақылдыны ажырата білуге, ел қорғайтын, халқын қастерлеуге, хайуанаттардың киесі бар оны сүйе білуге тәрбиелейді. Қазақ ертегілері төрт мыңға жуық сан-алуан. Оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял ғажайып ертегілер, тұрмыссалтқа байланысты батырларға, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөліенеді.
Ырым – халықтың жақсы ниетінен туындаған ғұрып. Қазақ халқының ырымдары әрқашан жақсылықтың нышаны ретіндегі өнегелі өсиет болып дарыған. Ырым сөздер арқылы жас ұрпақты жат қылықтан бойын аулақ салдыру көзделген. Мәселен, «Кісіге қарап керілме», «Жағыңды сүйенбе», «Бос бесікті тербетпе» т.б.
Рәсім – сөзі ырымды білдіреді. Рәсім - әртүрлі жауапты қажеттіліктен туындаған ырымның бөлшектері.
Бата – халықтың рухани алатын құдіретті сенім күші. Ол сенімін ақтайтын абзал азаматтарға талантты жастарға, көптің жүгін көтеретін адамдарға немесе үлкендер жақсы іске риза болған жағдайларда берілетін ақ тілек.
Әдет-ғұрып – бұл адамдардың өзара қарым-қатынасында, мінезқұлқында, іс-әрекетінде, күнделікті өмір сүру барысында және ерекше бір жағдаяттарда тұрақты орныққан ереже.
Дәстүр – адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың арқасында сақталады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды мүмкінділігі – жалпы адамзат мәдениетіне үлес қосуымен, адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын қарым-қатынасты, тұрақтылықты ретке келтіріп отыруында.
Дін – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі әр ұлттың өзіндік ерекшелігіне байланысты рухани байлығы. Дін көпқырлы мәңгілік құндылықтардың жиынтығы болғандықтан, онда адамгершіліктің негізі жатыр деп болжаймыз. Ислам дінінен туындап отырған ең құнды өсиет, насихаттар - ізгіліктің алғышарты. Дін өзінің мазмұны арқылы қоғамның материалдық және рухани байлығының көзі, ол дінге сенген адамдардың тәні мен жанының тазалығын және адамгершілік қасиет-сапаларының байлығын дәріптейді.
Қоғамдық сананың көне формасының бiр түрi - өнер. Өнер объективтiк шындықты көркемдiк бейнелер арқылы бейнелеп көрсетедi. Көркемдiк бейне құбылыстарды нақтылы сезiмталдықпен, барынша ерекше, типтiк тұрғыдан ашып көрсетедi. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенiң, объективтiк пен субъективтiктiң материалдық және идеялықтың диалектикалық ерекшелiгiнiң бiрлiгi болып табылады.
Дәстүрлі өнер дегенде қазақ халқының қол өнері шығармаларын, оюөрнек композицияларын, дәстүрлі сәулет өнерінің өзіндік келбетін туралы айтылады. Дәстүрлі өнер студент жастардың көркемдік талғамын қалыптастыру мен қатар олардың теориялық білімдерін жетілдіреді, тәжірибеде олады еркін қолдана білуге үйретеді, шығармашылық ізденістерге итермелейді және рухани мәдениеттілікті, жеке тұлғалық сапаны дамытады.
Қазақтың халық әндерінің ерекшеліктерінің бірі - халықтылығы, оны жасаушы халықтың өзі және фольклордың өзге түрлері сияқты сол халықтың ұжымдық іс-әрекетінің жемісі болып табылады. Ғасырлар бойы ұрпақтанұрпаққа тарату үстінде әр орындаушы өз бойындағы білімін, біліктілігін жетілдіре көркемдік қасиеттерін байытып отырды. Халық әнінің келесі ерекшелігі - оның тарихилық сипаты. Ән мазмұнынан елдің әдет-ғұрып, салтсанасын, эстетикалық-адамгершілікті сезімдерін танумен бірге мол елдің басынан кешен оқиғасын, тұрмыс-тіршілігін танып білуге болады, яғни ... фольклор шығармалар өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кезкелген туындылардан анағұрлым шыншыл, әсерлі, де көркем»,-деген пайымдауларын жас ұрпақтың отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дамытудағы заман шежіресі ретінде қарастыруды меңзейді. Қазақ әндеріндегі философиялық ой терендігі үнемі дидактикалық мәселелермен қатар қалыптасқан.
Мағынасы құнарлы қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та өнегелі өсиетпен, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сақилалы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық көзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әндерінің дидактикалық, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Сондықтан, қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында студент жастарды ұлттық рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттілігі арта түседі. Мұндай жағдай студент жастарды өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес.
Адам құқығының өнегелi күшi басқа жалпыадамзаттық құндылықтар сияқты мыңжылдықтар бойына жинақталып, адам мiнез-құлқының негiзгi мотивациясы мен реттеушiсi қызметiн атқарды.
Сонымен қатар әрбiр халықта бұл үрдiс мәдени қатынаста өз көрiнiсiн тауып, тұлғаны әлеуметтендiру жолына қатысы бар өзiнiң ұлттық ерекшелiктерiне, дәстүрiне ие болды. Адамдардың өмір бейнесі, салт - дәстүрі олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани, мәдени дәрежесімен, қалыптасқан әдет – ғұрыптарымен де анықталады. Әдептілік, имандылық, мейрімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтифаттылық, қонақжайлылық сияқты халқымыздың қалыптасқан осындай асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білуде әрбір тәрбиеші, ұстаз этнопедагогиканың сан ғасырларда қалыптасқан салтдәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жастарға жан-жақты терең үйрету.
Әр халықтың мәдени құндылығының қайнар бұлағы - ұлттық салт - дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және оны терең меңгере отырып, болашақ маманды инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болып табылады.
Британдық ғалым Карен Армстронг «The battle for God (Тәңір үшін талас)» атты еңбегінде миф туралы былай деп жазады: «Мифті рационалды жолмен танып білу – қате. Аңыздарда жасырылған ақиқат сырларды сурет өнері, поэзия, мүсін өнері, музыка сияқты жүрекпен ғана сезіне аласың. Мифтер салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға араласып, сіңісіп олармен біте қайнасқанда ғана барлық ырымдар мен тыйымдарға эстетикалық жағынан жан бітеді. Мазмұны киелі аңыздармен байытылған салттар мен ғұрыптар ғана сакральды мәнін ашып, тіршіліктің терең сырларына бойлауға мүмкіндік береді.
Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалаған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді, қоғамда және белгілі бір ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Сондай-ақ, дәстүр көпшілік қауымға ортақ мәдениетті түрде қолданыс табатын әдет-ғұрыптың жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды» - деп тұжырымдайды.
Сондықтан ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері халықтық педагогикада тәрбие құралы, әрі өткен ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мәдени мұрасы ретінде қарастырылғанына көз жеткізуге болады. Ол біріншіден, белгілі бір қоғамдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарының қалыптасқан жүйесі; екіншіден, белгілі бір мақсат көздеген адамдардың іс-әрекеті; үшіншіден, шығармашылық, ұлттық ерекшелік сипаттағы рухани мәдениеттің бір саласы болып табылады.
Яғни, халықтың салт-дәстүрлері – белгілі бір қоғамдағы адамдардың белгілі бір мақсат көздеген рухани мәдени қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін қалыптасқан іс-әрекеттердің жиынтығы.
Адамның дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге атанып кеткенге дейінгі іс әрекетіне байланысты салт-дәстүрлерге түсініктер беріліп, қазақтың ауыз әдебиетіндегі айтыс, терме-толғауларындағы, бесік жырындағы, ертегі, аңыз-әңгімелердегі, мақал-мәтелдердегі салтдәстүрлердің түрлерінің көрініс табуы айқындалады.
«Халықтық салт-дәстүрге белгілі бір қоғамдағы адамдардың белгілі бір мақсат көздеген рухани мәдени қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін қалыптасқан іс-әрекетерінің жиынтығы», - деп анықтама беріледі.
Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді.
Салт-дәстүрлердің ерекшеліктері оның ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыруымен, өмірде халық тұрмысында қолданып өзінің жалғасын тауып, кейбір дәстүр қоғамның қажетіне жарамсыз болып қалуымен сипатталады. Салт-дәстүрлердің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар: дәстүр – халықтың қалыптасқан іс-әрекеттері мен қызмет жүйесі; дәстүрдің мыңдаған жылдар бойы халықтың тұрмыстық қажеттігін өтеуге бағытталуы; дәстүр – халық арасында кең тараған, халықтың барлық адамдарына таныс іс-әрекеттер жүйесі.
Қазақтың әрбір салт-дәстүрі бірін-бірі қайталай бермейді, сонымен қатар олар халықтың белгілі бір мұқтажын өтеу мақсатында қолданылатындығы мәлім. Ұлттық салт-дәстүрлер тарихи көне үдеріс, ол қоғамның дамуына байланысты өзгеріп жаңарып өмірге қажеттілері жаңа мағынаға ие болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған. Қазақ халқының салтдәстүрлері адамның қарым-қатынастарына негізделген бірнеше түрлерге бөлініп, белгілі білімдер жүйесін құрайды.
Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің тәрбиеге байланысты төмендегідей жіктелетінін болашақ маманды даярлауда ескеру қажет: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің білімдері; тұрмыс салт-дәстүрлерінің білімдері; кәсіпке байланысты салт-дәстүрлерінің білімдері; өнерге байланысты салт-дәстүрлер білімдері; үйлену мен үй болуға байланысты салт-дәстүрлер білімдері; той және мерекеге байланысты салт-дәстүрлер білімдері; қазіргі жаңа салт-дәстүрлер білімдері және т.б.
Ұлттық тәрбие негізін құрайтын фольклор, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер қазақ ұлтының тарихи өмір белестерінің көрінісі ретінде және ұлттық құндылықтар болып есептеледі.