2.3.Еңбекақы қорын еесептеу
Еңбекақы қоры – қаржыландыру кезіне қарамастан еңбекақы төлеу үшін кәсіпорын (фирма, ұйым, мекеме) есептеген барлық сома, ынталандырушы және өтемдік төлемдер, соның ішінде бағаның өсуіне және заңдарда кезделген нормалар шегінде табысты индекстеуге байланысты өтемдік, сондай-ақ жұмысшыларға жұмыс істелмеген уақыт үшін есептелген ақшалай қаражат, яғни кәсіпорынның барлық жұмыскерлерге белгілі бір кезеңде еңбекақы және әлеуметтік сипаттағы төлемақы төлеуге жұмсаған жиынтық шығыны. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекақы қорын кәсіпорынның өзі нарықтың жағдаятын жұмыс күшінің құнымен байланысты ахуалды, инфляция деңгейін, басқа да факторларды ескере отырып, дербес белгілейді, еңбекақы қорын есептеу кезінде кәсіпорындар әдетте жұмыскерлердің жалпы санын, орындалатын жұмыстардың көлемін, тарифтік жүйені және қолданылатын еңбекақы жүйелерін басшылыққа ала отырып, тікелей әдісті қолданады.
Еңбекақы қоры – жұмыскерлердің орындалған жұмыстарының саны мен сапасына сәйкес белгілі бір уақыт аралығына сай төленетін (ай, тоқсан, жыл) ақша қаражатының сомасы.
9 жұмысшыға арналған жалпы жылдық жалақы қорын анықтаймыз:
(2.4)
теңге.
2.1-кесте
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Балқаш-2» стансасы бойынша штаттық кесте