Жауабы: 750 теңге.
Мына теңдеуді шеш: 5 + 4 · х = х + 23.
Жуабы: 6.
Бүлдіргеннің тосабын қайнату үшін 3 кг жидекке 4 кг қант салады. 16 кг қант үшін қанша жидек керек?
Жауабы: 12 кг.
Қызы 8 жаста, анасы 38 жаста. Анасының жасы қанша жылдан кейін қызынан 3 есе үлкен болады.
Жауабы: 7 жылдан кейін.
Күзде бақтан 600 кг алма және алмұрт жинап алды. Алмұртты алмаға қарағанда 2 есе көп жинады. Жиналған алманы кептіріп алды. Егер 10 кг алмадан 4 кг кептірілген алма шығатын болса, барлық кептірілген алма қанша?
Жауабы: 80 кг.
Бақылауға дайындалу үшін бала 30 есеп шығару керек болды. Бірінші күні бірнеше есеп шығарған ол, екінші күні тағы 8 есеп шығарды. Екі күнде шығарған есебінен екі есе кем есеп шығару қалды. Бала бірінші күні қанша есеп шығарды?
Жауабы: 12 есеп.
Жылан 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ жылжып жүріп барады. Жылан осы уақытта қанша аралықты жүріп өтеді?
Жауабы: 8 км.
Әлем мұхиты 4 мұхит пен 37 теңізден тұрады. Әр теңіз тек бір мұхиттікі. Тынық (Т) мұхитта Солтүстік (С) мұзды мұхитқа қарағанда 3 теңізі артық. Солтүстік мұзды мұхитта Атлант (А) мұхитынан бір теңіз артық. Атлант мұхитында Үнді (Ү) мұхитынан 4 теңіз артық. Әр мұхитта қанша теңізден?
Жауабы: Т – 13, С – 10, А – 9, Ү -5.
7 түйе мен он екі есектен құралған керуен жол жүріп келе жатты. Әр түйе есекке қарағанда 5 есе көп жүк артып келеді. Егер керуеннің барлық жүгінің салмағы 2 т 820 кг болса, әр есек қанша килограмм жүк артып келеді?
Жауабы: 60 кг.
Аулада қояндар мен тауықтар жайылып жүр. Қояндар санынан тауықтар санының 8-і артық. Барлығының аяқтарының саны 46 болса, аулада неше қоян, неше тауық жайылып жүр?
Жауабы: 5 қоян, 13 тауық.
Менің құрбыларымның барлығы үйлерінде өсімдіктер өсіреді. Алтауы кактус өсірсе, бесеуі шегіргүл өсіреді. Екеуінде кактус та, шегіргүл де бар. Менің құрбыларымның саны қанша?
Жауабы: 9.
Ұлы әкесінен 2 есе кіші, ал қызы 3 есе әкесінен жас. Үшеуінің жасын бірге қосқанда 77 жас шығады. Әрқайсысының жасы нешеде?
Жауабы: 42,21,14.
Дұрыс теңдік алу үшін А және Б әріптерінің орнына қандай цифрларды қоюға болады: АБ А Б = БББ?
Жауабы: А = 3, Б = 7. БББ = Б 111 = Б 3 37 = 373Б.
Жетіспейтін цифрларды қалпына келтіріңдер:
а) 123* б) 8614**
+ *3*1 + *3**64
3*12 *50*839
8867
Жауабы: а) 1234 б) 861475
+ 4321 + 639364
3312 1500839
8867
Бірдей әріптерге бірдей цифрлар сәйкес келеді, осыларды табыңдар:
АБВГ
+ ВБВА
ГВДАД
Достарыңызбен бөлісу: |