Мектепішілік тур
Мектепішілік турға есептің мәтіні алдын – ала дайындалады. Электрондық нұсқадан өткен бірнеше бетке жазылып конвертке салынып желімденеді. ІІІ тоқсанның басында қаңтар айында ұйымдастыру комитетінің төрағасы ( төрайымы ) аудандық білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісіне жібереді. Түсінік хатта олимпиаданы ІІІ тоқсан бітуге он күн қалғанға дейін өткізу керектігі туралы ескертіледі .
Мектепішілік олимпиада жеңімпаздарының арасынан он оқушыдан бір оқушы ( мүше ) команда құрылуы керек . Мектепте бұл тур бір күнде өткізіледі. Ереже бойынша математикалық апталықтың бір бөлігі болуы керек . Жарысқа 4- сынып оқушылары өз еркімен кез-келгені қатысуға құқылы . Мектеп директорының бұйрығымен комиссия құрылады. Комиссия мүшелері олимпиаданың толыққанды дұрыс өтуіне жауап береді. Сонымен бірге барлық қатысушыға бірдей жағдай жасалуы керек. Содан кейін бұл турдың қортындысы шығарылады. Бұл қортындыны сыныптан тыс сабақта жүргізеді. Егерде сыныптар көп болса, онда оларды бір жерге жинап есептерді талдап көрсетіп шығаруы керек. Ары қарай мектептің намысын ауданда қорғайтын оқушылардың тізімі жасалынады. Міндетті түрде , жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушылар марапатталуы тиіс. Мысалға мектеп директорының бұйрығымен жарыста ерекше көзге түскен оқушыларға алғыс жарияланады және ол оқушылар жиналысында айтылады. Бұдан кейін келесі аудандық турға дайындық жұмыстары басталады . Оған жауапты адамдар бекітіледі .
Мектеп олимпиадасына сабақта да , сабақтан тыс уақытта да ойдағыдай , табысты дайындауға болады . Бұл жерде нақты мақсат пен жүйелі жұмыс жүргізілуі керек.
Әлбетте сабақ уақытында аңғарымпаздыққа арналған стандарттан тыс есептерге бірнеше минуттық уақыт табуға болады . Егерде есеп сондай қиын болмаса , ауызша болса сабақтың басында беріп жіберуге, егер есеп аяқталмай қалса, үй жұмысын бергеннен кейін аяқтап жіберуге болады. Немесе аяқталмаған есепті үйге беріп, біраз ойлануға уақыт бөліп, содан кейін қайта қарастырса өте қызықты болар еді. Өздік, бақылау жұмыстарында стандартты емес есептерді қосымша берсе, бұл да тиімді болады. Оқушыларды дәстүрлі есеп сияқты көздерін үйрете беру керек . ІІІ тоқсанға мынандай есептер ұсынылады. І,ІІ тоқсанға бөліп – бөліп пайдалана беруге болады . Есептерді мақсатты түрде шешілуіне және қиындығына қарай немесе түріне қарай ( арифметикалық, геометриялық , логикалық ) деп бөледі. Егерде қиындық дәрежесіне қарай бір типті есептер кезіксе, онда күрделі емес есептен бастап шығару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |