І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет3/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Адамның белсенділігі оның әрекетшілдігінің көзі - қажеттенуін
қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылы. Ғалым-психологтар Қ.Жа-
рықбаев, Ж.Түрікпенов және басқалары пікірлері бойынша жалпы
ағзаның анатомиялық-психологиялық қасиеттері мен тұлғаның
қайсыбір қасиеттерінің дамуына жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа
пайда болуы мүмкін, бірақ бұл мүмкіндіктер тек тәрбиеге байла-
нысты жүзеге асады.


Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын
талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі - ол -
рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол,
белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық
білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету
(ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін
сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және
біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман.
Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы
түсініп, өз пәнін жетік білуге тиіс. Ендеше, болашақ кәсіби маманның
мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:
1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық
үдерістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін
ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін бола-
тын жағдайда артта қалушылықты реттеуі оқытушылардың негізгі
құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы
мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-
тұлғалық, құзырлық және т.б.).
2. Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық,
көпмәдениеттілік, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге
асыра білуі.
3. Білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге
асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар,
ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары
оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып саты-
лап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған
білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби
іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдердің тәжірибеде
жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдануы арқылы олардың
кәсіби әдісі жинақталады. Сөйтіп, кәсіби іс-әрекеттің технологиясы
мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш: тұлғалық, мазмұн-
дық, процессуалдық тұрғыда кездеседі. Бұл
қырлар педагогтарға тән пәндердің жеке
ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді.
Болашақ мұғалімдер «адам-адам» жүйесінде әсер ете білуі керек.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден алған білім жүйесі болашақ
мұғалімдерге оқу орнының педагогикалық үдерісінде ізгілікті қарым-
қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Бұл тек қана балалармен
үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұғалімнің идеялық-адамгершілік ұстанымы тәрбие жұмысының
әдістемесінде көрініс табады.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағ-
дайына бейімдеу қажет.
Психологиялық бейімделу - педагогикалық үдерісте субъектілердің
психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық
бейімделу - оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін
меңгеру. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарының деңгейлес және саты-
лас үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де
болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.
Болашақ жаңа қоғам мұғалімін қалыптастырудың басты
бағдарына шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы
жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-
қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының
жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен
шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі.
Олар төмендегілер:
1. Болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге
үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі
(өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалдық көңіл-күйді көрсете
білуі, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері,т.б.).
2. Жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау,
есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу).
3. Әлемдік білім беру кеңістігінің даму үрдісінде өтіп жатқан
ықпалдас үдерісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және
мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі.
4. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып, Отан игілігі
үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін
өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - педагог біліктілігінің
дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру,
Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің
даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім
беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің
маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын
жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму үрдістерін қоғам
дамуының тұрақтылығы мүмкіндігіне сәйкестендіріп реформалауды
қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орын-
дарында сапа менеджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп
жатыр. Басты мақсат - білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру,
елдің индустриялық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету,
т.б.жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.
Оқытушының өз шеберлігін, біліктілігін, тұлғалық және кәсіби өсу
аясын кеңейтуге ұмтылуы өзін-өзі тәрбиелеусіз және өз бетімен білім
алуынсыз мүмкін емес. Әртүрлі ғылымдар бұл ұғымдарды әртүрлі
түсіндіреді, бірақ анықтамаларында белгілі бір бірлік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет