І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет7/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Алайда, қандай-да бір жеке құзыреттілік туралы ақпараттардың
жоқболуы немесе оның қызмет көрсету денгейінің төмен болуы, жеке
тұлғаның толығымен және басқа құзыреттіліктердің даму дәрежесі туралы
қатеқорытындылар жасалуы мүмкін. Құзыреттіліктің ерекшелігі сонда, ол
алынған білімді, бар іскерліктері мен әрекеттің белгілі әдістерін іс жүзінде
қолдану сияқты жеке тұлғаның қабілеттерін ғана бейнелеп қоймайды,
сонымен катар жеке тұлғаның үздіксіз өздігінен жетілуі процесінде
шынайылық объектерін, жаңа ойлар мен ақпараттарды құру қабілеттерінің
бар екендігіне куә бола аламыз.
Құзыреттілік сыртқы белгіленген әрекеттерге қарағанда неғұрлым
күрделі құбылыс болып саналады, ол өмірде кездесетін ситуациялық
жағдайлардың неғұрлым тиімді шешімін табуға көмек беретін, адамның
шынайылықты қабылдаудың белгілі бір қасиеті деп айтуға болады.
Жоғары оқу орнындағы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін бірнеше
топтарға жіктеуге болады және ол күрделі міндеттердің бірі болып
есептеледі. Құзыреттілік жеке тұлға құрылысында өзінің мазмұны мен не
үшін арналғанына (коммуникативті, әдістемелік, ұйымдастырушылық және
т.б.) байланысты ғана ажыратылмайды, сонымен бірге жеке тұлғаның даму
процесінде алатын роліне де байланысты жіктеледі.
Көптеген ғылыми жұмыстарды талдайтын болсақ, оларда базалық және
негізгі (ключевые) құзыреттері кездеседі. Базалық құзыреттер-
білім, іскерлік пен қабілеттілік негізінде қалыптасатын белгілі бір іс-әрекет
түрлерінде байқалатын және жеңіл белгіленетін құзыреттер. Ключевые
(Е.В.Бондаревская, И.А.Зимняя, Г.Халаж, А.В.Хуторский және тағы
басқалар) құзыреттер жеке тұлғанын барлық әлеммен қатынасында
орындаған іс-әрекетінің мәні мен оның рухани әлемін бейнелейтін, сонымен
қатар іс-әрекеттің барлық түрінде байқалатын, өлшеу және есептеу үшін өте
күрделі болып табылатын құзыреттер.
Кейбір зерттеулерде құзыреттер басқаша жіктеледі, олар: стандартты,
негізг жоне жетекші. Мұнда стандартты құзыреттер дегеніміз - жеке
тұлғаның қызмет етуінсіз немесе ұйымдастыруынсыз мүмкін болмайтын
құзыреттер; негізгі -әлеуметтік - экономикалық нарықтағы бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ететін құзыреттер; жетекші - бұл болашақта
инновациялық, диалог түрінде және динамикалық негізінде жаратуға, іске
асыруға мүмкіндік беретін құзыреттер.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, жалпы маманның кәсіби құзыреттілік
түрлеріне келесілер жатады:
практикалық (арнайы) құзыреттілік - кәсіби еңбегінде қолданылатын
техника мен технологияларды білуі, білімінің жоғары деңгейде болуы мен
маманның кәсіби өсуіне қатысты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және
шығармашылықіс-әрекетінің нәтижесі;
әлеуметтік құзыреттілік - өзіне жауапкершілікті ала білу мен
шешімді қабылдау қабілеті, топтасып бірлесе шешім қабылдауға қатысу,
зорлық-зомбылықсыз жолымен дауды реттеп отыру, басқа де мәдениет пен
дін өкілдерімен тиімді өзара әрекеттесу;
психологиялық құзыреттілік- қызу, жалынды мәдениетін
қабылдаусыз, рефлексия іскерлігі мен дағдысынсыз, жеке тұлғалар
арасындағы өзара әрекеттестік пен өздігінен іске асыру тәжірибесінсіз, онда
кәсіпшілік жеке, толык смес болып қалатындығын түсінеміз;

меңгеруін қарастырады;

  • коммуникативтік құзыреттілік- бұл шет тілдерді білуін

жобалау, сөйлеу мәдениетінің жоғары деңгейде болуы;

  • экологиялық құзыреттілік - қоғам мен табиғаттың жалпы даму

заңдылықтарын білуге негізделген және кәсіби іс-әрекетіндегі экологиялық
жауапкершілік;

  • валеологиялық құзыреттілік - салауатты өмір сүру

денсаулықты сақтау аумағындағы білім мен іскерліктің бар болуын білдіреді.
Жоғарыда аталған құзыреттіліктің түрлері адамның кәсіби іс-әрекетінде,
кәсіби қарым-қатынас жасауда, кәсіби жеке тұлға ретінде қалыптасуында
байқалады және оны даралығының кемелденуін белгілейді. Жоғары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет