І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері


II ТАРАУ. КӘСІБИ ДАМЫТУДА ПЕДАГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДАМУЫ



бет9/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
II ТАРАУ. КӘСІБИ ДАМЫТУДА ПЕДАГОГТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ДАМУЫ


2.1 Педагогикалық құзыреттілік - педагогикалық шеберліктің басты шарты
«Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің
үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам
мұғалімі: «рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі
мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық
білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі
көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін
сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық
және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары
маман» деп сипатталады. Бұл болашақ маман даярлау үлгісінде
оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың
маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі
білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесіне және эмоционалдық көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті
қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру
ретінде түсіндіріледі.
Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және
тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден,
ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі,
екіншіден, білім үлгісінің өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға
маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын
дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік
ықпалдастырылған үдерістер үрдісі алдымен көпмәдениетті тұлғаны
қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық,
тұлғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұра-
тыны белгілі. Қазіргі білім беру стандарттары компетенция, компе-
тенттілік, яғни құзыреттілік ұғымдары арқылы дайындауды
ұсынады.
«Компетенция» ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның
әртүрлі мәселелерден жан-жақты жақсы хабардарлығын, танымдар
мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Педагог-ғалымдар берген
анықтамалар төмендегідей:
- компетенция - оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері
мен дағдыларын, әрекет тәсілдерін өмірде тәжірибелік және
теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;
- компетенттілік - пайда болған қиындықтар мен міндеттерді
жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің
және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап
ететін, тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік;
- компетенция - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіндегі
білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара
байланысқан сапаларының жиынтығы;
- компетенция - адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзыреттерді
меңгеруі.
М.Чошанов кәсіби құзырлылықты: («Кәсіби шеберлік деңгейі
жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге
ие болу», - деп түсіндіреді.
Біріншіден, құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін
жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады.
Екіншіден, құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге
байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді.
Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалдық біліктілік
құрамдастарын енгізеді. Сондықтан құзыретті маман жағдайға байла-
нысты сай келетін әдістерді қолдануға тиіс. Ал әдістердің икемділігі
құзырлылықтың маңызды сапасы болып табылады.
Үшіншіден, құзыретті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген
болуы қажет.
Сонымен, құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі
белгілерден тұрады:
- білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білу;
- әдістердің икемділігі;
- сыни ойлау;
- шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.
Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы, әлеуметтік және
тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі
сызбадан көруге болады.



Кәсіби құзырлық




арнайы

әлеуметтік

тұлғалық


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет