Стандартты тексеру және қайта қарау.
Стандартты тексеру жүмысын, ережеге сәйкес, стандартты әзірлеуші - мекеме ҚР - ның мемлекеттік стандарттау жоспары бойынша 5 жылда кемінде бір рет жүргізеді.
Тексерудің нәтижесіиде стандарттың ғылыми - техникалық деңгейі тапсырыс берушілердің талаптарына, қолданыстағы заңдарға, мевдлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, қолданыс жүрген өзара байлаиысты мемлекеттік^мемлекетаралық, халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасына керекті шетелдердің ұлттық стандарттарына қаншалықты сай келетініне баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша акт жасалады. Онда стандарттың қолдану мерзімін үзарту, өзгерістер енгізу, стандартты қайта қарау немесе жою туралы әзірлеушінің нүсқаулары жазылады.
Тексеру актісі жұмыс тобының жиналысында қаралады немесе стандартка бұрын келісім берген мүдделі мекемелердің атына жіберіледі. Тексеру актісі жөніндегі келіспеушілік стандарт жобасы түрғысындағы тәртіп бойынша шешіледі.
Стандартқа тексеру жүргізген мекеме ұйғарылған тексеру актісін екі дана етіп Мемстандартқа бекіттіруге жіберіледі.
Стандартты қайта қарау кезінде қолданыстағы өз күшіндегі стандарттың орнына жаңа стандарт әзірленеді. Яғни бүрынғы күші бар стандарт жойылады, ал жаңа стандартқа ол қандай стандарттың орнына жүретіндігі көрсетіледі.
Стандартты қайта карау жүмысы жаңа да жоғарғы озық талаптардыңтуындауы кезінде жүргізіледі. Бірақ бүл талаптар жаңа өнім мен өз күшіндегі стандарт бойынша жасалған өнімнің өзара алмастыру қасиетіне, және өнім сапасының негізгі көрсеткіштеріне нүқсан келтірмеуі тиіс.
Белгілі бір өнімнің стандартын қайта қарау кезінде егер негізгі бүйымды шығару тоқтатылған, сонымен қатар пайдалануда, үстіндегі өнімге қосалқы белшек дайындау, ремонт жасау қажет болса әзірлеуші өз күшіндегі стандартқа өзгерту жобасын дайындайды.
Өзгертуге ол стандарттың қолдану аясын шектеп көрсетеді: «Бүл стандарт тек қана пайдалану үстіндегі бүйымдардың қосалқы бөлшектерін жасау және оларды жөндеу үшін қолданылады». Алайда стандарттың тіркелу номері сақталады. Егер стандарттыц , қолдану (күші бар) мерзімі шектеулі болса, ол шектеу алынып тасталады.
Стандартты қайта қарау кезінде өзара байланысы бар стандарттарды қайта қарау, өзгертулер енгізу немесе жою туралы үсыныстар дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |