I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет148/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   224
 
Көмейдің парез және салдануында дауысты қалпына келтіру  
Психотерапиялық дайындықтан кейін тыныс алуды қалаптастыруға 
арналған жұмыс басталады. Төменгі көмей жүйкесінің зақымдалуының 
салдарынан көмейдің қозғалыс функциясы шектеулі болады, ал зақымдалған 
жағындағы дауыс қатпары мүлдем қозғалмайды. Фонациямен қатар 
физиологиялық және фонациялық тыныс алуы бұзылады. Көмейдің 
салдануында оның қимыл функциясын қалпына келтіру мүмкін емес. 
Дауысты қалыптастыру үшін дауыс аппаратының компенсаторлы механизмін 
іске қосатын функционалды жаттығулар пайдаланылады. Бұндай 
жаттығулар көмейдің сау жағының қозғалуын максимальді түрде ұлғайтып, 
ал салданған жағында дауыс қатпарының қимыл функциясын жартылай 
болса да қалыптастыруы қажет. Сонымен қатар физиологиялық және 
фонациялық тыныс алуын да қалыптастыру керек. Көмейдің қимыл 
функциясын белсендіруге арналған жаттығулары тыныс алуды нормаға 
келтірумен үйлеседі, өйткені олардың арасында физиологиялық байланыс 
орнаған. Сабақ «ерін гармонына үрлеу» жаттығуынан басталады. Бір нотада 
ауаны ішке тартып және сыртқа шығара отырып жай, ұзақ үрлеу қажет.
Физикалық дені саулар жаттығуды 45-60 секундтан бастайды, біртіндеп екі 
аптаның ішінде жүктемені 2 минутқа дейін жеткізеді. Бірінші аптада 
жаттығуларды күніне 45-60 секунд ішінде 8-10 рет жасатады. Біртіндеп 
жаттығу 2 минутта 15 ретке дейін жеткізіледі. Егер үрлеу кезінде бас 
айналуы байқалса, жаттығу ұзақтылығы 15-20 секундқа дейін қысқартылады. 
Демалудың жаттықтығы, көлемдігі және дем шығарудың ұзақтылығы 
жаттығу арқылы біртіндеп жақсарады. Дауыс аппартын функционалды 
жаттықтыруда «ерін гармонына үрлеу» маңызды рөл атқарады. Ол дұрыс 
дыбыстаға қажет дем шығаруды ұзартады, ал ішке жұтып, сыртқа шығаратын 
ауа ағыны көмейді уқалайды. Бұл тәсіл арқылы көмейдің сау жағының 
қимыл-қозғалысы ұлғайып, салданған жағы кішкене болсада белсендіріледі, 
яғни ауа ағынының ықпалымен фонацияға қатысатын көмей бұлшық 


316 
еттерінің әрекетінің түрткісі пайда болады. «Ерін гармонына үрлеумен» 
бірге бағытталған ұзақ дем шығаруды машықтандыратын тыныс алу 
жаттығуларының кешені ұсынылады.
1-кешен. Бастапқы қалып – орындықта тік отыру немесе тұрып: 
1) мұрын арқылы дем алып-дем шығару (тез, терең емес дем алу, ұзақ дем 
шығару); 
2) мұрын арқылы дем алып, ауыз арқылы дем шығару; 
3) ауыз арқылы дем алып, мұрын арқылы дем шығару; 
4) дем алып, дем шығару мұрынның бір жартысы, содан кейін екінші 
жартысы арқылы (кезекпен); 
5) дем алу мұрынның бір жартысы, ал дем шығару мұрынның екінші 
жартысы арқылы (кезекпен); 
6) мұрын арқылы дем алып, мұрын арқылы баяу, соңында күшейтіп дем 
шығару; 
7) мұрын арқылы дем алып, толық жабылмаған еріндер арқылы дем шығару; 
8) мұрын арқылы дем алып, ауаны мұрын арқылы бөлшектеп шығару 
(тынысын бір сәтке тоқтатып, ауаны аз мөлшермен шығару). 
Тыныс алуға арналған жаттығулардың басталуынан 7-10 күннен кейін 
мойын, көмейдің сыртқы және ішкі бұлшық еттерін белсендіруге арналған
жаттығулар қосылады.
2-кешен. Жаттығулар отырып орындалады: 
1) бастапқы қалып — қолдары желкеде, құлып тәрізді. Қолмен кедергі жасай 
отырып, басты артқа шалқайту; 
2) бастапқы қалып — қолды жұдырықа түйіп, иекке тірейді. Қолмен кедергі 
жасай отырып, басты алға қарай еңкейту; 
3) бастапқы қалып — алақанмен құлақтарын жауып, қолмен кедергі жасай 
отырып, басты кезекпен екі иыққа қарай еңкейту; 
4) төменгі жақты астыға, алдыға, оңға-солға қарай жылжыту. Жақты жұму; 
5) ұрты үрлеу; 
6) тіл ұшымен жұмсақ таңдайға жету; 
7) есінеу кезінде жұмсақ таңдайды көтеру. 
Екі кешенде жеңіл орындалады. Оларды науқастың өз бетінше жаттығуына 
ұсынуға болады (әр жаттығуды 4-5 рет қайталап, күн бойы 6 реттен).
Бұл кезенде логопедиялық жаттығуларды емдеу физкультура 
кабинетінде тыныс алудың диафрагмальді түрін қалыптастыруға арналған 
аранайы жаттығулармен бірге жүргізген дұрыс. Екінші кезең жаттығулары 
дауыс 
аппаратын 
фонацияға 
дайындайды. 
Жаттығу 
нәтижесінде 
рефлекторлы жөтел, тамақта бөтен зат тұрғандай сезім жоғалып, дем 
шығаруы ұзарады және салданған дауыс қатпарының әлсіз тербелісі пайда 


317 
болады. 
Осыдан 
кейін 
дауыс 
аппаратының 
кинестезиясы 
мен 
координациясын машықтандыруға арналған дауыс жаттығуларына (екінші 
кезең) көшуге болады.
Тыныс алуға арналған жаттығулар мен «ерін гармонына үрлеуді» 
түзету жұмысының аяғына дейін пайдалану қажет. Дауыс жаттығулары әр 
түрлі дыбыстардың дауыс шығару механизміне тигізетін әсерін ескеру 
арқылы құрастырылады. Үнді дауыссыздар және дауысты дыбыстар дауыс 
аппаратының функциясына импеданс арқылы әсер етеді. Фонация кезінде әр 
түрлі дыбыстардың қалыптасуында әр түрлі қарама қарсы қысым пайда 
болады. Ол ауыз-көмей каналында тарылулардың және қуыстардың 
көлемінің өзгеруінің салдарынан болады. Дауыс қатпарлары мен 
резонаторлардың тербелісінің бір-бірімен байланысты жүйесі қалыптасады. 
Акустикалық механизм дауыс және артикуляциялық аппараттың жеке 
анатомиялық құрылысына, дыбыстың пайда болу тәсіліне тәуелді 
болғанынан, бір дыбыстар үнемі басқаларға қарағанда көбірек импедексқа ие 
болады. Сонымен қатар оны жаттығу арқылы артық бұлшық ет энергиясын 
шығармай, әр дауыс аппаратына «таңдап алып», жақсы акустикалық 
нәтижеге қол жеткізуге болады. Осылай дауыс қойылады.
Дауыстың түзетуі М дыбысын айтқызудан басталады. Бұл фонема 
дұрыс фонацияны орнатуға ең жақсы физиологиялық негіз болып саналады.
1-жаттығу. Көмейдің жай қалпында М дыбысын қысқа айтуын ұсынады.
Біртіндеп жаттығулар нәтижесінде фонация ұзартылып, дауыс үнді, анық 
шығатын болады. Бұл жаттығуды тез, қиналмай орындайтын болғаннан кейін 
ашық буындарды айтуға көшеді.
 
2-жаттығу. М дыбысын ұзақ айтып, барлық дыбыстарды соған қосып
төменгі иекті күрт астыға түсіріп айтқызады: ма, мо, му, мэ, мы. Жаттығу 
барлық үнді дауыссыздармен жүргізіледі.
Дыбыстау кинестезиясын ары қарай бекіту мақсатымен екпін екінші буынға 
түсетін буындар тіркесі айтқызылады.
3-жаттығу. Буындарды қайтала: 
ма-ма на-на 
 
ма-мо на-но 
 
ма-му на-ну, т.с.с. 
4-жаттығу. Дауыстап айт: 
мама-мама-мамама; 
 
нана-нана-нанана, т.с.с. 


318 
Буындарды қатты, жетік айтуын үйренгеннен кейін 5 жаттығуды орындауға 
көшеді.
5-жаттығуи дыбысымен дауыстыларды айтып жаттықтыру. 
Дыбыс азғантай шумен айтылады, дауыс қатпарлары тербеледі.
j дыбысының үлкен импедансы және дауысты дыбыстардың қатты атакада 
айтылуы дауыс қатпарларының қабысуына әсер етеді. Дауысты дыбыс 
қысқа, қатты айтылуы тиіс, ал и — ұзақ айтылуы керек: аи... яй..., ой... ей..., 
уй... юй..., эй... ей... 
Кейін үнді дыбыс шығып, қалыптасқананан кейін кинестезияларды бекіту 
үшін тыныс алу мен дауыс шығаруды үйлестіру қажет. Ол үшін 1, 2, 3, 4, 
және 5 дауысты дыбыстар тіркесін бір демде айтқызу керек.
6-жаттығу. Дыбыс тіркестерін дыбыстап айт: а, ао, ау, аэ, аи, аоу, аоэ, аои, 
аоуэи, аоуи, т.с.с. 
Алғашқыда дыбыс тіркестері логопедтен кейін, содан соң өз бетінше 
айтқызылады. Егер жаттығулар қиналмай, жеңіл орындалса, дауыс 
шаршағаны байқалмаса, дауыс қатты және жарқын шықса, сабақтың бұл 
кезеңі аяқталды деп санауға болады.
Буындық және дыбыстық жаттығулар аяқталғаннан кейін дауысты 
қалпына келтірудің машықтандыру кезеңі басталады. Ол үшін ашық буыннан 
басталатын сөздер іріктеліп, алынады — ма, мо, му, мэ, мы. Мата, маса, 
мақал, мысық сияқты сөздер айту кезінде жоғарғы резонатор іске қосылып, 
дыбыстауға қолайлы жағдай туындайды. Ары қарай сөйлемге, өлең және 
прозаны оқуға көшеді. Оқытудың соңғы кезеңінде сөйлеу материалы 
фонетикалық принцип бойынша емес, адамның жасын және қалауын ескере 
отырып іріктеледі.
Сөйлеу материалымен вокалды жаттығулар да қатар жүреді. Қалпына 
келді деп сөйлеу кезінде тыныс алуы ұйымдастырылған, тамағында 
ешқандай жағымсыз сезім жоқ кезде қатты, үнді дауысты санауға болады. 
Оториноларингологиялық тексеру кезінде көмейдің сау жағының 
компенсациясына байланысты дауыс қатпарларының қабысуы және 
салданған 
жақтағы 
дауыс 
қатпарларының 
тербелісі 
байқалады.
Глоттография арқылы дауыс қатпарларының біркелкі тербелісінің анық 
көрінетін фазаларын көруге болады.
Логопедиялық-түзету жұмысы 2-4 айға созылады. Түзету жұмысының 
ұзақтылығы бұзылыстың күрделене және сабақ бастау мерзіміне байланысты 
болады. Дауысты қалыптастыруды ерте бастаған тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет