334
Балалар дұрыс емес әріпті дұрысынан ажырата алмайды, таныс әріпті
қиындықпен, қатемен құрайды, әріпке жетіспейтін бөлікті қосуды және бір
әріптен екінші әріпті құрауды орындай алмайды (мысалы, Р әріпінен В-ны,
П-дан Н-ны жасай алмайды). Мұндай тапсырмаларды орындау белгілі бір
элементтен тұратын, бір-біріне қатысты түрлі орналасқан ұқсас оптикалық
бейнелердің айырмашылығын анықтауды, талдауды, бейнені немесе әріпті
тұтас ретінде елестетуді талап етеді.
Оптикалық дислексиясы бар кейбір балаларға әріп күрделі оптикалық
құрылым болып табылады, оны құрайтын элементтерін талдау балалар үшін
қиындау болады. Графикалық ұқсас әріптердің оптикалық талдауы туралы
түсініктің
қалыптаспауына
байланысты
олар
нақты
емес
және
ажыратылмаған болып келеді. Олардың сөйлеу тілінің құрылуында,
кеңістіктік сәйкестіктерді анықтауда қиындықтар байқалады. Күрделі
жағдайда дене схемасы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: