I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет21/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   224
І. Мектепалды даярлық топ пен бастауыш сынып оқушыларының сөз қорын 
тексеруге арналған сөздік материалдар үлгісі 
Тақырыптар 
Белсендіре-
тін сөздер 
Баланың 
сөздігіндегі 
сөздер 
Қажетті 
ұғымның 
қалыптасуы 
Сөзді басқа 
ұғымдармен 
алмастырады 
Ескерту
б.с.
е.с. 
з.с.; 
с.см. 
Ойыншықтар 
сылдырмақ 
пирамида 
кубик 
машина 
қуыршақ, т.б. 
Аяқ киім 
бәтіңке 
етік 
галош 
мәсі 
тәпішке 


48 
Киім
көйлек 
шалбар жейде 
камзол 
халат 
Жиһаз 
төсек 
диван 
үстел 
орындық 
шкаф 
Үй жануарлары ит 
мысық 
сиыр 
жылқы 
қой 
Аңдар
түлкі 
қасқыр 
аю 
жолбарыс 
тиын 
Жануарларлар 
төлдері 
бұзау 
құлын 
қозы 
күшік 
торай 
Тұрмыстық 
құралдар 
шаңсорғыш 
тоңазытқыш 
люстра 
телевизор 
торшер 
Көлік: жердегі 
автобус 
троллейбус 
такси 
трамвай 
метро 
Көлік: әуедегі 
ұшақ 
тікұшақ 
Көлік: судағы 
пароход 
кеме 
қайық 
теплоход 
Өсімдіктер: 
Көкөніс 
Жеміс 
Жидек 
Гүлдер 
Ағаштар 
Дене мүшелері 
Мамандар 
Саймандар 
оқу құралдары 


49 
Шартты белгілер: б.с. – белсенді сөз қоры; 
е.с. – енжар сөз қоры; 
з.с. – затпен немесе іс-әрекетпен сәйкестендіреді; 
с. см- сөзді сәйкестіндірмейді 
Мектеп, балабақша бағдарламасына байланысты сөздерді өзгертуге болады. 
Әр сөз категориялары бойынша 4-6 сөз (сурет) алынады. 
ІІ. Іс-әрекетті білдіретін сөздер 
 
Сөздер 
Белсендіретін 
сөздер 
Баланың 
сөздігіндегі 
сөздер 
б.с.; е.с. 
Қажетті 
ұғымның 
қалыптасуы 
з.с.; с.см. 
Сөзді басқа 
ұғымдармен 
алмастырады 
Ескерту
Физикалық 
отыр 
тұр 
жатыр 
келеді 
жүгіреді 
секіреді 
күледі 
жылайды, 
т.б. 
 
 
 
 
Күнделікті-
тұрмыстық 
жуады 
сүртеді 
тазалайды 
сыпырады 
суарады 
ойнайды 
жейді 
ішеді 
киеді 
 
 
 
 
Кәсіби 
сурет салады 
жазады 
қағады 
кеседі 
пісіреді 
емдейді 
 
 
 
 
Адамның 
көңіл-күйін 
білдіретін 
сөздер 
қуанады 
жылайды 
күледі 
ашуланады 
қуанады 
ренжиді 
 
 
 
 
 
ІІІ. Заттың сапасын, қасиетін білдіретін сөздер 
 
Сөздер 
Белсендіре-
тін сөздер 
Баланың 
сөздігінде-гі 
сөздер 
Қажетті 
ұғымның 
қалыпта-суы 
Сөзді басқа 
ұғымдармен 
алмастырады 
Ескерту


50 
б.с.; е.с. 
з.с.; с.см. 
Түстер
қызыл
жасыл 
көк
сары 
қара 
ақ 
қоңыр 
сұр 
көкшіл 
күлгін 
Заттың түрі 
шеңбер 
төртбұрыш 
үшбұрыш 
шаршы 
Заттың 
көлемі 
үлкен 
кіші 
кішірек 
ең үлкен 
ең кіші 
Кеңістікті 
сипаттайтын 
сөздер 
ұзын 
қысқа 
биік 
аласа 
жіңішке 
жуан 
кең 
тар 
ұзынырақ 
қалыңырақ 
биігірек 
Заттың 
кеңістікте 
орналасуы 
алдында 
ортасында 
үстінде 
астында 
оң жақта 
сол жақта 
жанында 
айналасында 
жақын алыс 
жақынырақ 
алысырақ 
Уақыт 
бағдарлауы 
алдымен 
сосын 
содан соң 
жуықта 
бірден 
Уақыт 
мөлшерінде 
іс-әрекеттің 
өту сипаты 
тез 
баяу 
тоқтаусыз 
әзер 
өте тез 


51 
өте баяу 
Тәулік 
таңертен 
күндіз 
кеш 
түн 
түнде 
кеше 
күн 
Табиғат 
құбылыстары 
жаңбыр 
қар 
жел 
найзағай 
бұлт 
тұман 
Сандық, 
көптік 
ұғымдар 
бір 
көп 
көп емес 
бірнеше 
көбірек 
азырақ 
бірдей 
бірге көп 
бірге аз 
Тексеру нәтижесінде алынған мағлұматтар жанжақты талданып, 
бағаланады. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының қорытындылауында сөздік 
қоры жағдайы жалпылама сөздерді қолдануы, антоним, синоним сөздердің 
мағынасын түсінуі, белгілері бойынша топтастыруы және тапсырмаларды 
орындау барысындағы кездескен қиыншылықтар көрсетіледі.
Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру  
Сөйлеу тіл қызметінің патологиясының маңызды бөлігін көрсететін 
сөздердің грамматикалық құрылысының күрделі жүйесін бала қалай 
пайдаланатынын анықтау, тексеру барысының ең басты мәселелерінің бірі 
болу керек. 
Баламен 
әңгімелесіп 
отырған 
кезде 
оның 
сөйлеу 
тілінде 
аграмматизмнің бар-жоқтығын анықтау әр уақытта сәтті бола бермейді. 
Кейбір жағдайларда арнайы зерттеуге тура келеді. 
Бұндай жағдайда сөйлем немесе арнайы іріктеліп алынған оқиға 
желісін баяндайтын немесе мағыналы бейнелі суреттер бойынша қысқа 
әңгіме құрыстыру тәсілін қолданады. 
Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру тәсілдерін 
қолданғанда логопед назарын мынаған аудару керек. Суреттегі көріністерді 
окиға желісімен жүйелеп мазмұнын әңгімелеп бере ме, немесе бейнеленген 
заттардың қимыл-әрекетін және олардың сапасын түстеп-түгелдеп 
баяндамай-ақ тұрған күйінше аттарын атай ала ма, бала қандай сөйлемнің 
түрлерін пайдаланады және бұл сөйлемдерге қандай сөз таптарын қолданады, 


52 
оның грамматикалық құрылысы қандай, жалғаулықтарды дұрыс пайдалана 
ма. 
Бұл тәсілдерден басқа әр түрлі сөйлемдердің грамматикалық 
құрылысының дұрыс қалыптасуын анықтайтын тапсырмалардың өзгеше 
түрлері де бар. Бұған тұракты бір сөздер бойынша сөйлем құрастыру жатады. 
Балаға, мысалы, кітап жатыр, үстел деген үш немесе одан да көбірек жеке 
сөздерді айтады да, жандарынан керекті сөздерді қосып сөйлем құрастыруды 
ұсынады. 
Бұл тапсырманың күрделірек түрі – берілген сөздер бойынша әңгіме 
құрастыру. Мысалға мынадай сөздерден әңгіме құрастыруға болады: 
балалар, тоғай, қозықұйрық, жаңбыр, жүргенде, жүгірді, су. 
Ретсіз тізбектеліп орналасқан жеке сөздерден сөйлем құрау. Балаға 
сөйлем құрайтын сөздерді ұсынады: мысалы, қозылар жайылып, таудың, мен, 
бірге, бұзаулар, жұр, лақтар, беткейінде /Таудың беткейінде қозылар мен 
лақтар және бұзаулар бірге жайылып жүр/ 
Бұл тәсілдің ережесі – берілген сөздерді ретімен орналастырып сөйлем 
құрау, содан кейін құрастырылған сөйлемді айтып беру. 
Сөздерді жеке-жеке анықтама қағазга жазып беруге болады. Бала сөздер 
жазылған анықтамаларды пайдаланып, рет-ретімен тізіп орналастырады, 
құрастырған сөйлемді оқып береді. Сөйлем құрастыратын барлық сөздерді 
бір анықтама қағазга жазып беру немесе ауызекі айту балаға қиындау тиеді. 
Әр түрлі синтаксистік қатынас арқылы көрсетілетін сөздің морфологиялық 
элементтерін баланың қалай меңгергенін анықтауға жәрдемін тигізетін 
тәсілдерге тоқталамыз. 
Алдымен бала ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулықтарды қалай 
пайдаланатынын тексеру керек. Баланың жалғаулықтарды дұрыс пайдалана 
алатындығын тексеру үшін осыған лайық бірқатар тапсырмаларды 
қолдануға болады. Бала орындалатын қимыл-әрекеттері бойынша немесе 
бейнелі 
сурет 
бойынша 
сөйлем 
құрастыруды 
немесе 
берілген 
мазмұндаманың түсіп қалған жалғаулықтарын орындарына қоюды өз 
бетінше орындайды. Мектеп жасына дейінгі балаға: "Үйде кімдер бар?" - 
Апам мен көкем және ағам бар. Сен таңертең қандай тамақ ішесің? 

Мен 
таңертең май жағып нан жеймін және шекер салып шәй ішемін. 
Бұдан гөрі ересектеу балаларға: бірақ, өйткені, әрі, сондықтан, сонда да 
деген сияқты күрделірек жалғулықтарды беріп, оларды сөйлеу тілінде қалай 
пайдаланатынын тексереді. Осыған орай арнайы іріктеліп алынған бейнелі 
суреттер бойынша сөйлем құрастыруды ұсынады.
Сөйлем құрастыру үшін арнайы іріктеліп алынған бейнелі суреттер 
беруге болады. 
Жалғаулықтары түсіп қалған сөйлемдерді байланыстыру тәсілдерін де 
қолдануға болады. Мысалы: жиналыс бітті... халық тараған жоқ. Су өте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет