I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет187/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. 
Зияты бұзылған балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының 
ерекшеліктерін күрделендіретін патогенетикалық факторлар. 
2. Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық, 
лексикалық-грамматикалық жағының ерекшеліктері. 
3. Көмекші мектепте біркелкі сөйлеу тәртібін қамтамасыз етудің 
мақсаты және жолдары. 


393 
4. ПДТ балалардың сөйлеу тілінің 
дыбыс айту жағының 
ерекшеліктері. 
5. ПДТ балалардың жазбаша сөйлеу тіліндегі қателерді талдау. 
6. Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тіліне тән бұзылыстарды 
атаңыздар. 
7. Көру 
қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің 
ерекшеліктері. 
8. Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөз қорын дамытуға 
арналған тәсілдерін атаңыздар. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ., Логопедия - Алматы, 1996. 
2. Логопедия Волкованың ред. -М., 2007. 
3. Волкова Л.С. Коррекционно-логопедическая работа по развитию 
речи 
слепых 
и 
слабовидящих 
детей. 
Дефектология// 

1982,№5.Зикеев А.Г. Усвоение речи слабослышащих учащихся. –М., 
1976. 
4. Мальцева Е.В. Недостатки речи у детей с задержкой психического 
развития младшего школьного возраста канд.дис.–автореф,М.,1991. 
5. Өмірбекова К.К. Работа над сочинением по серии сюжетных картин 
во вспомогательной школе. –Алматы, 1993. 
6. Дамуында түрлі ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының 
ерекшеліктері. Ибатова Г.Б., Коржова Г.М., Алматы, 2010 
 
 
IV ТАРАУ 
 

ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ 
 
Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі 
 
Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және 
ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері 
тұрғысынан көрсетіледі. 
Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады: 
- Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 
білім беру мекемелері. 
- Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға 
арналған білім беру мекемелері. 
- Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі 
мекемелердегі арнайы топтар. 
- Оңалту орталықтары. 
- Арнайы мектеп-интернаттары. 
- Арнайы балалар үйлері. 
- Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер. 


394 
- Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері. 
- Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО). 
Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория, 
стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық 
кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері: 
сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік 
бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін 
мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы 
логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық, 
нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады. 
Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер: 
- Мүгедек балаларға арналған интернаттар. 
- Психоневрологиялық интернаттар. 
- Әлеуметтік орталықтар. 
Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы 
бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер 
сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге 
алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет