121
2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді
қоздырады:
- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе
қатерлі кезеңдерде);
- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты
функциональдік тапшылық байқалады;
- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы
емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және
коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі
болып саналады.
Балалардың дизартриясы
Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында
85% балаларда
байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері,
ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:
- бұлшық еттердің тонусының бұзылуы;
- артикуляциялық моторикасының бұзылуы;
- даус шығарудың бұзылуы,
- тыныс алудың бұзылуы.
Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі,
сипаттағы өзгерістер кездеседі:
- балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай
тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады (
уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады);
- ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі)
зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу
салдарынан болады;
-
балалардың
дизартриясы,
БЦСА-дей
құрсақта
жатқандағы,
перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың
салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы
толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық
функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді.
Қазіргі
кезеңге
дейін
балалардың
дизартриясын
топтастыру
(классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар
балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы
бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М.
Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың
бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің
көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі:
- спастикалық-паралитикалық;
- спастикалық-регидтік;
- гиперкинетикалық;
- атактикалық.
Достарыңызбен бөлісу: