119
4. сөзге қосымша дыбыс қосу;
5. қатты дауыстап сөйлеу.
Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА)
Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) онтогенездің ерте
кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды
біріктіретін термин.
БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының
салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы.
1958 ж. Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау
ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде
БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА
–қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді
зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының
ерте кезеңінде пайда болады»
Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде
әр түрлі анықтамалар береді.
БЦСА-ң негізгі симптомы (белгісі) қимыл-қозғалыс функциясының
бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу
тілінің бұзылыстары қосылады. Кейбір балаларда тырысу синдромдары
байқалады.
БЦСА-ң себептері көп түрлі. БЦСА-ң пайда болуына қатысты
факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді.
Пренатальді факторларды үш топқа бөледі: ананың денсаулығы, жүкті
кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар.
Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу
жатады.
Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін:
- бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.;
- инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі;
- интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.;
- оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.;
- мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б.
БЦСА-ң патогенезі. Компьюторлық томографиялық зерттеуде БЦСА-ң әр
түрінде 68% балаларда мидың патологиялық өзгерістері байқалған. Ол
өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше
бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез).
БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы)
Достарыңызбен бөлісу: