1-тапсырма
Дыбысты түзету жұмысының алгоритмімен танысыңыздар.
Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:
дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);
дыбыс айтуының бұзылуының түрін анықтау (ДАБТ);
артикуляциялық жаттығулар кешенін анықтау (АЖ);
дыбысты қою тәсілін анықтау (ДҚТ);
дыбысты жеке айтуы (ДЖА).
Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:
дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);
дыбысты жеке айтуын бекіту (ДЖА);
дыбысты буынға кіргізу (ДБК);
дыбысты сөйлемге кіргізу (ДСК).
Дыбысты ажырату кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:
дыбыстардың қалыпты артикуляциясын салыстыру (ДҚАС);
дыбыстардың жеке айтуын ажыратуға үйрету (ДЖА);
дыбыстарды буында ажырату (ДБА);
дыбыстарды сөзде ажырату (ДСөз.А);
дыбыстарды сөйлемде ажырату (ДСА)
дыбыстарды өз бетінше сөйлеуінде ажырату (Д.өз б.СА).
Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмінің үлгісі
ДҚА (дыбыстың қалыпты артикуляциясы) ДАБТ (дыбыс айтуының бұзылуының түрі)
АЖ (артикуляциялық жаттығулар)
ДҚТ (дыбысты қою тәсілі)
ДЖА (дыбысты жеке айтуы)
Дыбысты қою кезеңінде берілетін тапсырмалар
ДҚА: - Дыбыс артикуляциясының профилін сызу.
ДАБТ: - бұзылған дыбыстың артикуляциясын сызу.
ақаулыққа бейімдейтін факторларды атап беру.
профильде ақаулыққа тән белгілерін көрсету.
дыбыстың бұзылуын анықтау (магнитофон, бейне таспаға жазылған үлгілер бойынша, дыбыс бұзылуын модельдеу).
- дыбыс бұзылуын модельдеу.
АЖ: - дыбысты қоюға дайындау мақсатымен артикуляциялық жаттығу кешенін іріктеу.
айна алдында артикуляциялық жаттығуларды орындау.
студенттердің АЖ іріктеу және орындауында қателерін табу, оларға негіздеме беру.
ДҚТ: Дыбыс қою үшін ең тиімді тәсілді атап көрсету: а) еліктеу арқылы
б) механикалық в) аралас
г) сақталған дыбыстан
д) артикуляцияны бөліктерге бөлу.
ДЖА: Дыбысты жеке айтуын қалыптастыру және бекіту.
дыбысты жеке айтуын машықтандыруға арналған ойын тәсілдерін іріктеу.
үнсіз артикуляция бойынша логопед қандай дыбысты айтқысы келді, соны сезу.
аталған сөздердің басында қандай дыбыс естіледі (бала тек бірінші дыбысты атайды.
осы тапсырманы орындаған кезде қандай міндеттер шешіледі?
дыбысты қою кезеңінің логопедиялық сабақ үзіндісімен танысып, қолданған тәсілдерін талдау.
дыбысты қою кезеңінің сабақ конспектісін құру.
Тақырыбы: «Ш-Ж дыбыстары».
Сабақ үзіндісімен танысып, алгоритм бойынша оның орнын анықтаңыздар.
Сабақ үзіндісі
Тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі»
Логопед: Маған қарашы. Мен қай дыбысты айтқым кеп тұр? (дыбыстың үнсіз артикуляциясы).
Бұл дыбысты айтқан кезде ерін, тіс, тіл қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.
Сабақ үзіндісі
Логопед: Екеуміз «Жаңғырық» ойынын ойнайық. Мен буындарды ақырын айтамын, ал сен оларды қатты дауыспен қайтала ( ша, шо, шу, аш, ош, уш)
Сабақ үзіндісі
Логопед: Алдыңда жатқан суреттерді дұрыс таратып бер. Тышқанға «Ш» дыбысымен, ал қонжыққа –«Ж» дыбысымен.
Логопедиялық сабақтар жоспарының үлгілерімен танысыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |