I теоретические основы логопедии



бет123/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Мектеп жасына дейінгі кезеңде дауыс аппараты үшін нәрестелік шақ қиын-қыстау кезеңі болып табылады. Сәбидің айқайы – алғашқы автономдық тыныс алудың маңызды белгісі деп білеміз. Айқай – адам затына өмірмен берілген түпті рефлекторлы-шарттсыз актісі. Бұның іске асуына жүйке, тыныс алу, эндокринды жүйелері қатысады. Ауыру сезгіш, температуралық, тактильді қоздырғыштардың және қанда көмірқышқыл газының артылуынан тыныс алу орталығының қызынуы пайда болады, өкпе ашылып, дауыс перделері алғаш рет қабысады.
Сәбидің дауыс жиілігі орташа есеппен 425 Гц құрайды. Дауысының тембрі жоқ, сондықтан есту арқылы сәбидің жынысын ажыратуға мүмкін емес.
Сәбилік шақта (туылғаннан 28 күнге дейін) көмейдін жүйке-бұлшық ет аппаратының жетік дамымауынан және тыныс алуының тұрақтылықсыздығынан айқай интонациясын өзгерту мүмкіндіктері шектеулі болады. Балалрда тұрақты интонацияларын өзгерту қабілеті 2-3 айынан қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың фонациясы көмей бұлшық еттерінің әлсіздігінен дауыс перделерінің шеттерінің керілуінің нәтижесінде мүмкін болады. Дыбыстауының диапазоны 5-6 нотаны құрайды.
Мутацияға дейін кезеңінде дауыс аппаратының динамикалық дамуы байқалады. Бұл кезде дауыс шығару және дауысты өңдеу бөлігінің мүшелерінің көлемі ұлғая бастайды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дауысы өзіндік акустикалық параметрлерге ие болады («бала дауысы»). Дауыс шығару мүшелерінің анатомиялық жетілуімен қатар көмейдің рецепторлы аппаратының дамуы аяқталады, 12 жаста оның морфологиялық құрылуы мен орналасуы ересек адамның рецепторлы аппаратына сай болады. Бала дауысы бірте-бірте дамиды, оның диапазоны 11-12 нотаға дейін кеңиді.
Келесі қиын-қыстау кезеңі - мутация кезеңі. Дауыс мутациясы (лат. т. mutatio — өзгеру, өзгерту) жас ерекшелігіне байланысты эндокринді өзгерістерінің салдарынан дауыс аппаратындағы өзгерістерінің нәтижесінде пайда болады. Бұндай өзгерістер физиологиялық деп есептеледі және жыныстық жетілу (13-15 жаста) кезінде байқалады.
Ер балалардың дауыс аппараты бұл кезде тез өскенімен, бір қалыпты өспейді, ал қыздарда баяу дамиды. Қыздарда 37 % мутацияның белгілері байқалады, бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды.
Жыныстық жетілу кезінде еркек және әйелдің көмейі анық ерекше өзгешеліктеріне ие болады. Мутация кезеңі жыныстық жетілу кезіне байланысты алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, солтүстік тұрғындарына қарағанда, оңтүстіктерде мутация ерте басталып, күшті түрде өтеді.
Мутацияның үш кезеңін ажыратады: алғашқы, негізгі, соңғы.
Алғашқы кезеңде дауыс перделерінің болымсыз қызаруы (гиперемиясы) байқалады. Негізгі кезеңде бүкіл көмейдің гиперемиясы, кейбір жағдайда дауыс перделерінің артқы үш бөлігінің тең бүйірлі үшбұрыш тәрізді («мутациялық үшбұрыш») қабыспауы байқалады. Дауыс перделерінің синхрондық және асинхрондық тербелістері байқалады. Бұл көмейдің сыртқы және ішкі бұлшық ет қызметтерінің, тыныс алудың және дауыс шығаруының үйлесімінің бұзылуын көрсетеді.
Мутацияның соңғы кезеңі ересек адамның дауыс шығару механизмін бекітеді.
Мутациядан кейінгі кезеңге жетіліп болмаған дауыс аппаратының жарақаттанғыштығы, дауыс шаршағыштығы тән болады. Бұл кезең бірнеше айға созылады, осы кезде дауыс диапазоны кеңейіп, дауыстың жеке тембірі, күші, жоғарлығы анықталады. Логопед дауыс аппаратының құрылысы мен қызметін білуі тиіс, әр түрлі жастағы балалардың көмейінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Мутация кезінде дауыс тәртібін сақтау жеке орнатылады. Мүлдем үндемеу тәртібі тек көмейдің шырышты қабығының ісінуі кезінде ұсынылады. Мутация кезінде жасөспірімнің дауыс аппаратын сақтау қажет. Сөйлеу жүктемесі орташа, дауысына күш түсірмеу керек. Дауыс тәртібін сақтамаған жағдайда көмейдің ішкі бұлшық ет қызметінің тұрақты бұзылуы орын алуы мүмкін.
Мутация кезеңін жеңілдету үшін жасөспірім организмін шынықтыру, денеге түсетін ауырлығын мөлшерлеу, демалысы мен еңбек жүктемесін дұрыс бөлу пайдалы.
Дауыс аппаратының қызметі мен адам организмінің қалыптасу және сенімді қызмет атқару кезеңі дауыс шығару механизмінің тұрақтылығымен, кең дауыс диапазонымен, ең жоғары күш және интонациялық мүмкіндіктерімен сипатталады.
Бұл кезеңде де дауыс аппаратының функционалды қалпына әсер ететін жеке физиологиялық функцияларының өзгерістері байқалуы мүмкін. Көбінесе олар гармонды статусқа байланысты болады (қалқанша безі, бүйрек үсті безі, гипофиз гармондары). Қалқанша безі гармондарының балансы
бұзылған кезде ауырудың алғашқы белгілерінің бірі дауыс сапасының бұзылуы болады. Қалқанша безінің функциясының жоғарлау жағдайында дауыс тембрінің және жоғарлығының аяқ астынан өзгеруі, тез шаршап қалуы айқын көрінеді. Ал қалқанша безі гармондарының деңгейі төмендеген кезде дауыс диапазонының тарылуы байқалып, артық шулар пайда болады, дауыс бәсең тонға ие болады. Сөйлеу тілі баяу, дауыс ырғағы кедей болады. Бүйрек үсті безі қызметінің төмендеу кезінде сөйлеу шаршағыштығы, дауыс күшінің күрт төмендеуі (афонияға дейін баруы мүмкін), бұл қызметінің жоғарлау кезінде әйелдерде варилизация белгілері (дауыстың еркектерге тән тембрі) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет