I теоретические основы логопедии


Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет156/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ЖСТД-на анықтама беріңіздер

  2. ЖСТД І деңгейіндегі балаларға сипаттама беріңіздер

  3. ЖСТД ІІ деңгейіндегі балалардың ерекшелігі неде?

  4. ЖСТД ІІІ деңгейіндегі балалардың сипаттамасы.

  5. ЖСТД балаларды тексеру ерекшеліктері

  6. ЖСТД І-ІІ деңгейдегі түзету жұмысының міндеттері мен мазмұның ашыңыз.

  7. ЖСТД ІІІ-ІV деңгейдегі түзету жұмысының міндеттері мен мазмұны.

  8. ЖСТД оқушылармен түзету жұмысының негізгі бағыттарын атаңыздар.

  9. ЖСТД деңгейлерінің салыстырмалы кестесін толтырыңыздар.

Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Қ. Қ. Өмірбекова, Қ.Серкебаев, Логопедия, - Алматы, 1996.

    2. Логопедия Волкованың ред. -М., 2007.

    3. Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева, Логопедия, Преодоление общего недоразвития у дошкольников, Екатеринбург, 2006.

    4. Г. Б. Ибатова, Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру, //Хабаршы, «Арнайы педагогика» сериясы, Алматы, ҚазҰПУ, №4 (19) 2009ж.

    5. Г. Б. Ибатова, Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзжасам дағдыларының ерекшеліктері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 2008.

    6. Г. Р. Шашкина, Л. П. Зернова, И. А. Зимина, Логопедическая работа с дошкольниками -М., 2003.

    7. Воспитание и обучение детей дошкольного возраста с общим недоразвитием речи. Программно-методические рекомендации. Т. Б. Филичева, Т. В. Туманова, Г. В. Чиркина. -М., 2009.

    8. Коржова Г. М., Оразаева Г. С., Общее недоразвитие речи, Алматы, 2009.

    9. Т. Б. Филичева. Особенности формирования речи детей дошкольного возраста. - М.1999.

16-бөлім


Интеллектуалды бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру


Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары жүйелік сипатқа ие. Ондай балалардың сөйлеу тіл әрекетінің барлық операциялары әр деңгейде қалыптаспаған болып келеді: мотивациясының әлсіздігі, сөз арқылы қатынас жасау қажеттілігі төмен, сөйлеу бағдарламасын іске асыруының бұзылыстары байқалады. Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдардың нәтижелеріне сүйенсек, көмекші мектептің бастауыш сыныптарында аса күрделі кемістіктер балалардың 40-60%-да байқалады. Ақыл ойы кем оқушылардың сөйлеу тіл ерекшеліктерін талдай келе, В. Г. Петрова сөйлеу тілі кемістігіне әкеп соғатын көптеген факторларды, оның ішінде негізгісі – таным әрекетінің дамымауын атады.


Бұл балалардың қоршаған орта туралы түсініктері шектелеген, вербальді қатынастардың әлсіздігі, қызығушылығы жетілмеген, оның салдарынан осы категориядағы балалардың сөйлеу тіл дамуы аномальді және баяу болады.
Зиятының ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстары белгілері, механизмі бойынша әр түрлі болып келеді де тұрақтылығымен ерекшеленеді, түзетуі қиындатылған және талдауда дифференциалды көзқарасты талап етеді.
С. Я. Рубинштейіннің пікірі бойынша, зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының негізгі себептері – бас ми қабығының тұйықтауыш функциясының әлсіздігі, барлық анализаторлардағы жаңа дифференциалды байланыстардың баяу дамуы.
Сөйлеу-есту анализаторларының саласындағы дамып келе жатқан дифференциалды шартты байланыстардың себебінен бала сөйлеу тілі дыбыстарын көп уақытқа дейін ажырата алмайды, естіген сөйлеу тілін оның және дәл қолдануы әлсіз. Аналитикалық-синтетикалық әрекеттің төмендігі фонематикалық қабылдаудың бұзылысында байқалады.
Зиятының бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айту ақаулықтары жиі таралған. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағынын
бұзылыстарының негізінде төмендегідей себептер жатыр: танымдық әрекетінің жетілмеуі, сөйлеу-есту дифференциясының қалыптаспауы, жалпы және сөйлеу тіл моторикасының әлсіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет