I теоретические основы логопедии



бет183/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

3-кесте. Ызың-ысқырық дыбыстардың айтылу бұзылыстарының түрлері



Себепкер факторлар

Дыбыс айту бұзылыстарының түрі




Еріндік- тістік

Тісаралық

Тіс- төңіректік

Бүйірлік

Мұрындық

Прогения
















Терең жабық тістену
















Алдыңғы ашық тістену
















Бүйірлік ашық тістену
















Алдыңғы тістері жоқ
















Тіл асты желбезегінің қысқа болуы
















Қатты таңдай жарықшақтығы



















  1. Жұмыстың дайындық кезеңінде логопед балаға артикуляциялық жаттығуларды жасауын өтінеді: ерінге – «Жымию», «жалпақ тілді астыңғы ерінге салу», «науа», «түтікше», тілдің ұшына үрлеу.

Логопед баланың артикуляциялық аппаратын қай дыбысты қоюға дайындап жатыр?

  1. Баланың ызың дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Логопед келесі артикуляциялық жаттығуларды жасатты: ерінге – «Түтікше», тілге –

«кесе», «Дәмді қаймақ», «науа», «серуен».
Жаттығулар кешені дұрыс алынды ма? Дәлелде.

  1. Баланың тіл арты дыбыстары бұзылған. Дайындық артикуляциялық жаттығулар кешенін іріктеп алу.

  2. Балада «Р», және «Л» дыбыстарының бұзылуы болса, қандай артикуляциялық жаттығуларды алуымыз керек?

  3. «Тіл арты дыбыстарды қою тәсілдері» таблицасын толтыру.



5-кесте. Тіл арты дыбыстарын қою тәсілдері.



Түзетілетін дыбыс

Бастапқы буын

1 кезең

2 кезең

3 кезең

К













Қ













Г













Ғ













Х
















  1. Сөйлеу тілі дыбыстарының бұзылуының фонологиялық және антропофониялық түрлерінде жұмыс айырмашылығын табу.




  1. Логопедиялық сабақтың үзіндісімен танысып, жұмыс кезеңін анықтаңыз.

Сабақ үзіндісі.
Тақырыбы: С дыбысы және әрпі. Сабақ барысы:
Дыбыстың қалыпты артикуляциясын қайталау.
Логопед: Маған қара да, мен қай дыбысты айтайын дегенімді тап. (С дыбысының үнсіз артикуляциясы). С дыбысын айтқанда тіл, ерін, тістер қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.
Бала: Еріндер түтікше тәрізді, тістер жақындаған, тілдің ұшы жоғары көтеріледі, көмейде діріл бар.
Жеке дыбысты айту.
Логопед: Ал, енді айна алдында дыбысты айт. Бала: С-С-С.
Логопед: Жылан қандай дыбыс шығарады? Бала: С- С-С.
Дыбыс пен әріпті сәйкестендіру.
Логопед: Кескін әліпбиден сен айтқан дыбыстың әріп таңбасын тап. Бұл қай әріп? Осы әріпті сым темірден (моншақтан) жаса.



  1. Төмендегі жоспар бойынша логопедиялық сабақтардың үлгісін құрастырыңыз:

  • дыбысты қою кезеңіне;

  • машықтандыру кезеңіне;

  • дыбыстарды ажырату кезеңіне.

Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы_ кезеңі мақсаттары _ Құрал-жабдықтар:


Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Мақсатын баяндау.
3.Артикуляциялық гимнастика. 4.Дыбысты қою.
5.Жеке дыбыстың айтылуын бекіту.
6.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс. 7.Дыбыспен таңбаны сәйкестеу.
8.Үйге тапсырма. 9.Сабақ қорытындысы.


Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
Тақырыбы: кезеңі мақсаттары _ Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Мақсатын баяндау.
3.Артикуляциялық гимнастика.
4.Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру (жасалу
тәсілі және орны бойынша).
5.Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне еңгізу.

  1. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс. 7.Үйге тапсырма.

8.Сабақ қорытындысы.


Дыбысты ажырату кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы: кезеңі мақсаттары _ Құрал-жабдықтар:


Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Мақсатын баяндау.

    2. Артикуляциялық гимнастика.

    3. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

    4. Дыбыстық талдау, жинақтау бойынша жұмыс.

    5. Үйге тапсырма.

    6. Сабақ қорытындысы.

  1. Дыбысты жеке, буында, сөздерде сөйлемдерде машықтандыруға, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратуға арналған ойын түріндегі тапсырмаларды құрастыру.

  2. Дыбысты сөздерде машықтандыру кезеңдегі логопедиялық сабаққа дидактикалық материал іріктеу.

  3. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:



1-тапсырма
Аталған кемшіліктердің қайсысы кейін жазуға әсер етеді:

    1. дыбыстың жоқ болуы

    2. дисфония

    3. бір дыбысты екіншіге ауыстыру

    4. дыбысты бұрмалап айту.



2-тапсырма
Дислалия – ол ненің бұзылуы:

  1. дауыс, фонацияның

  2. сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен жылдамдығының

  3. сөйлеу аппаратының сақтаулы иннервациясы мен есту қабілетінің қалыпты жағдайындағы дыбыс айтудың,

  4. сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақауларымен күрделенген дауыстың тембрі мен дыбыс айтуының,

  5. сөйлеу аппаратының жеткіліксіздік иннервациясымен күрделенген айту жағының

3-тапсырма
Дыбыстары тілдің төменгі қалпында айтылатын фонетикалық топты ата:

  1. ысқырық

  2. таңдайлық

  3. ызың

  4. сонор

  5. жабысыңқы-өтпелі



4- тапсырма
Тісаралық сигматизмге бейімдейтін себептерін ата:

  1. прогнатия

  2. субмукозды жарықша

  3. бүйірлік ашық тістену

  4. ерін жарықшағы

  5. артикуляциялық аппарат қозғалысының бұзылуы



5-тапсырма
Дыбыс айту бұзылыстарының қайсысы фонологиялық (фонематикалық) бұзылысқа жатады:

  1. «ш» дыбысының бүйірлік болып айтылуы

  2. «ч» дыбысының тіс арасынан айтылуы

  3. «ч» мен «ш» алмастыстырып айту

  4. «р» дыбысын велярлы қылып айту

  5. «л» дыбысын тіс арасынан айту



6-тапсырма
Сигматизмнің қай түрінде бүйірлік ашық тістену мен тілдің бір бөлігінің бұлшық еттерінің әлсіздігі себепші фактор болады:

  1. тіс аралық

  2. бүйірлік

  3. мұрын жолды

  4. ерін-тістік

  5. ызың



7-тапсырма
Сигматизмнің қай түрінде тіл асты жүйесінің қысқалығы мен таңдайдың биік тар болуы себепші фактор болады:

  1. тісаралықта

  2. бүйірлікте

  3. мұрын жолды

  4. ерін-тістікте

  5. ысқырықта



8-тапсырма
Моторлы функциональді дислалияның себепші факторын ата:

  1. артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы

  2. нейродинамиканың әлсіздігі, кедергісі

  3. естіп ажыратуының жетілмеуі

  4. артикуляциялық аппарат құрылымындағы зақымдармен дұрыс еместіктер

  5. қатты таңдай жарықшақтары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет