9-тапсырма Артикуляциялық гимнастикада төмендегідей жаттығулар алынды: «жалпақ тіл», « жалпақ тілмен астыңғы ерінді жала», «жалпақ тілді шығарып ұшына үрлеу». Қандай дыбыстар тобын түзету жүргізілді:
ызың
ысқырық
тіларты
ұяң
қатаң
10-тапсырма Тіл жоғары көтеріліп айтылатын дыбыстардың фонетикалық тобын ата:
ысқырық
ызың
дауысты
таңдай арты
таңдай ортасы «J»
11-тапсырма Бала сөйлеу тілінде ызың және ысқырық дыбыстарды бұзып айтады, бірақ
«ф» дыбысын дұрыс айтады. Сақтаулы «ф» дыбысын қолдана қай дыбысты оңай қоюға болады:
д
з
с
г
н
12-тапсырма Логопед дыбысты қоюда сақтаулы «Р» дыбысын дірілді тоқтатып қолданды. Логопед қай дыбысты қоюмен айналысты:
с
ш
ж
щ
к
13-тапсырма Балаға тіл ұшын тістер арасына қысып «ы» дыбысын ұзақ созып айту ұсынылды. Қай дыбысты қою жүргізіліп отыр:
с
ш
л
к
б
14-тапсырма Бала келесі артикуляциялық жаттығуларды жасай алады: «серуен»,
«қоршау», «жел», «жымию». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатырмыз:
ш-ж
с
р
н
л
15- тапсырма Сенсорлы функциональді дислалияның себебі болатын факторды ата:
артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы
жіңішке естіп ажыратудың пайда болуына кедергі жасайтын нейродинамикалық әлсіздік
16-тапсырма «Кесе» артикуляциялық жаттығуын алдымен ауыз қуысынан тыс, сосын ауыз қуысында жасау қай дыбысты қоюда қолданылады:
з
ц
к
ш
л
17- тапсырма Балаға «Саңырауқұлақ» жаттығуын жасатып, кейіннен жасалған түйісуді күшті ауа ағынымен үземіз. Қай дыбыс бойынша жұмыс жасап отырмыз:
ж
з
р
ш
б
18-тапсырма Дыбысты дұрыс айтудың орнына бала тілдің фонетикалық жүйесінде жоқ дыбысты айтса, қандай бұзылыс болып есептеледі:
ауыстыру
дыбысты айтпау
бұрмалап айту
еліктеу
жетілмеу
19- тапсырма Балаға мынандай артикуляциялық жаттығуларды жасатады: «қайық»,
«дауылпазшы», «ат шабады». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатыр
ж
з
д
р
г
20- тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Күфігім
Өві адамға үйірфек, Өліп-өфіп ойнайды. Қиқулафып вүгірфек, Қафып вүр деп ойлайды.
21-тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Әде
Дұмтағанда барамыд Тілін дәйім аламыд. Әде бідің панамыд, Әде үлкен анамыд.
22-тапсырма Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. Әкем менің - қауынсы,
Сесем менің - сауынсы, Ағам менің - егінсі, Зеңгем менің - тігінсі.