I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет53/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Қазақ тіліне тән
 
дыбыстардың
 
айтылу кемшіліктері және түзету 
тәсілдері 
 
35-сурет. 
Ұ фонемасының 
артикуляциялық кескіні 
Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің 
әрекеті төмеңгідей болады. Еріндері құбырға ұқсап, 
ұшы сүйірленіп алға созылады. Үстіңгі тістері мен 
астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық 
сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай 


109 
сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап 
көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін
шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де 
мұрынға ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы 
жабық 
болады 
(35-сурет). 
Ұ
дыбысының
сипаттамасы: дауысты, ерінді қысаң тіл арты жуан. 
36-сурет. 
Ү фонемасының 
артикуляциялық кескені
Ү
дыбысын шығарғанда сөйлеу 
мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. 
Еріндері құбырға ұқсап ұшы сүйірленіп алға 
созылады. Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің 
арасы белгілі қашықтықтағы жағдайда 
сақталады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де екі
жағы көтеріліп үстінгі азу тістерге қабысады. 
Соның салдарынан тілдің ортасында ауыз куысымен 
еркін шығатын астау пайда болады (36-сурет). 
Жұмсақ тандай жоғары көтеріледі де мұрын ауа
жолы жабылады. 
37-сурет. Ө фонемасының 
артикуляциялық кескіні
Дауыс шымылдығы жабық болады. 
Ү
дыбысының 
сипаттамасы: дауысты, ерінді, қысаң тіл алды 
жіңішке
Ө 
дыбысын шығарғанда сөйлеу 
мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. Астыңғы
тістер мен жоғарғы тістер арасындағы ара
қашықтықтан бір шама үлкендеу болады. Тілдің 
ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. 
Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа 
еркін шығады. Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі
де, мұрын ауа жолы жабылады. Дауыс шымылдығы 
жабық болады. 
Ө дыбысының сипаттамасы: дауысты, ашық, жіңішке, ерінді, тіл алды
(37-сурет). 
38-сурет.Ә фонемасының 
артикуляциялык кескіні 
Ә
дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті 
төмендегідей болады. Екі езу сәл кері тартылып 
жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді. Үстінгі 
тістері мен астыңғы тістерінің арасы 
а
дыбысын 
айтқандағыдан 
гөрі 
жақынырақ 
қашықтықта 
сақталады. Тілдің ұшы астынғы тістерге тіреледі де 
үсті көселіп жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп
мұрын ауа жолын жауып тұрады. 
Дауыс шымылдығы жабық болады. Ә дыбысының сипаттамасы: дауысты,
езулік, ашық, тіл алды, жіңішке (38-сурет). 
I
дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің 
әрекеті төмендегідей болады. Еріндер дыбыстың 


110 
39-сурет. I фонемасының
артикуляциялық кескіні 
шығуына қатыспай жатады. Үстіңгі тістер бір- 
біріне өте жақын келіп тұрады. Тілдің ұшы 
астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу 
жатады. Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа 
жолын жабады. Дауыс шымылдығы жабық болады.

дыбысының 
сипаттамасы: 
дауысты, 
езу- 
лік, қысаң, тіл алды, жіңішке (39-сурет). 
һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. 
Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың
айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады. 
40-сурет. һ фонемасының
артикуляциялық кескіні 
Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а
дыбысын айтқандай қашықтықта болады. Тілдің
ұшы астыңғы тіске тіреліп тұрады да үсті кесіліп 
жатады. Жұмсақ таңдайыдың артқы жағындағы 
кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның 
серіппесінен тербеліп ашылады да дыбыс көмейден 
шығады. 
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жауып тұрады. Дауыс
шымылдығы ашық болады (40-сурет). 
һ дыбысының сипаттамасы:
дауыссыз, ауызды, қатаң, тіл арты.
41-сурет. Қ фонемасының
артикуляциялық кескіні 
Қ
дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің
әрекеті төмендегідей болады. Еріндер өзінің 
алдыңғы немесе соңындағы қосылып
айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп
отырады. Мысалы 
қо, қа, құ, қу
. Үстінгі тістері мен 
астыңғы тістерінің арасы белгілі бір 
қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы 
төмен түседі де арты жұмсақ таңдаймен қабысады. 
Қ
дыбысын айтқанда іштен келген ауа қысымының дүмпуінен тіл
мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де, ауа тысқа 
шығады. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады.
Дауыс шымылдығы ашық болады.
Қ
дыбысының сипаттамасы:
дауыссыз, ауызды,қатаң, шұғыл, тіл арты, жуан. 
 
42-сурет. Ғ фонемасының
артикуляциялық кескіні 
Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу
мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады. 
Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында 
қосылып айтылған дауысты дыбыстарға 
байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: 
ға, ғо, ғу, ғү

Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі
бір қашықтықтағы жағдайда сақталады. Тілдің ұшы 
төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей 


111 
қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы 
дірілдейді. Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады. 
Дауыс шымылдығы жабық болады (42-сурет). 
Ғ
дыбысының сипаттамасы: қатаң, тіл арты, жуан. 
Ң
дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей
болады. Еріндері өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылатын
дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: аң, оң, үң, 
үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы 
жағдайда сақталады. Тілдің ұшы төмен түседі де арты таңдайдың түбіне 
барып жабысып тұрады. Ауа мұрын жолы арқылы шығады.
43-сурет. Ң фонемасының 
артикуляциялық кескіні 
Ң 
дыбысының сипаттамасы: дауыссыз, езулік, 
үнді, мұрын жолды, тіл арты (43-сурет). 
Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу
кемшіліктерін анықтауға бағытталған зертеулердің 
(Қ.Қ. Өмірбекова) қортындысына қарағанда қазақ 
тіліне тән дыбыстардың ішінде көбіне «ң»
дыбысын
«Н»
дыбысымен алмастырып айту 
жиі кездеседі. Мысалы, 
аң-ан, қоңырау-қонырау
,
менің-менін т.б. мұндай алмастыру тек ауыз, екі 
сөйлеуде ғана емес жазуда да өте жиі байқалады.
Сирек болса да кездесетін кемшіліктер 
«Ә
» дыбысы 
«А»
дыбысымен 
ү-ү, қ-ғ-к
дыбыстарын өзара 
шатыстыру, алмастыру. Көбінесе дыбыстарды жеке 
дұрыс айтуымен қатар, сөйлемде байланыстырып 
сөйлеуде шатастыруы байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет