I теоретические основы логопедии


Акустикалық-гностикалық (сенсорлы) афазия



Pdf көрінісі
бет133/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230
Байланысты:
Логопедия

 
Акустикалық-гностикалық (сенсорлы) афазия 
 
Алғашқы рет акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны сипаттап 
берген К. Вернике. 
Афазияның аталмыш түрі сол жақ жартышардың артқы жағындағы үшінші 
жоғарғы самай қыртысының зақымдануынан пайда болады (Вернике аймағы, 
22 алаң). Тіл дыбыстарының акустикалық талдау мен жинақтауының 
ақаулығы табылады. Бұның салдарынан фонематикалық естуі бұзылады. 
Фонематикалық естуінің бұзылуы, сенсорлы афазияның негізгі ауытқуы 
болып, импрессивті сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстарына әкеледі. Тілдің 
парадигмалық жүйесі фонема денгейінде бұзылады. Орыс, қазақ тіліндеге 
өзара байланысты фонемаларды танып білуі мен қарсыластыруы келесі 
критерийлер бойынша бұзылады: 1) ұяң – қатаң; 2) жуан – жіңішке; 3) 
назальды – назальсыз және т.б. Сенсорлы афазияға ұшыраған адам 
дыбыстардың осы белгілерін жеке қабылдай алмайды, сондықтан оларды 
біркелкі естіп айтады немесе ұқсас фонемаларға алмастырып айтады. 
Мысалы, доп – топ; асық – азық; ұсақ – ұзақ, т.б. Бұл негізгі ауытқуға – 
сөйлеу тілді түсінудің бұзылуына әкеледі. Афазияның қарастырылып 
отырған түрінің клиникалық көрінісі «сөздің мағынасынан айыру» 
феноменімен, сөзді, қаратпа сөзді түсінуінің бұзылуымен көрінеді.
Акустикалық-гностикалық 
сенсорлы 
афазияның 
нейропсихологиялық 
синдромы ауызша импрессивті сөйлеу тілдің барлық түрлерінің 
бұзылыстарын, оқу мен жазудың бұзылуын, дыбыстарды талдауының 
ауытқуларының салдарынан ауызша есептің бұзылуын (есту арқылы), 
ритмды 
жаңғыртуының 
бұзылуын, 
эмоционалды 
реакцияларының 
тұрақсыздығымен, жеңіл түрдегі қозғыштықпен, қобалжушылықпен 
сипатталатын ерік-жігер аймағының бұзылуын қосады. Психологиялық 
көрінісінде әуелі сөйлеу тілінің эмоционалды-мәнерлі компонентерінен басқа 
барлық қызметтерінің бұзылыстары байқалады.
Сенсорлы афазия кезінде 
сөзді түсінуінің бұзылуы
көрніс табады. Бұл 
ең қарапайым сөздерді, нұсқауларды түсінбеуінен басталады. Дегенмен, 
кейбір жағдайда афазияның мәлім формасы бар адамдар айтылған сөздің 
жалпы мағынасын қағып алады. Сөзді түсінудің үш деңгейі ажыратылады (В. 


283 
М. Шкловский, Т. Г. Визель). Бірінші (өрескел) деңгейі сөзді түсіну 
көлемінің күрт шектелуімен сипатталады. Екінші (орташа) деңгейі ситуативті 
сөзді жалпы түсінуімен сипатталады. Бұл жағдайда ситуативсыз сөздің 
күрделі түрлерін түсінуі қиын болады. Үшінші (жеңіл) деңгейінде сөзді 
біршама еркін түсінуі байқалады. Дегенмен, реттілікпен логикалық 
операциялар істеуді қажет ететін толық мәтіндерді қабылдау кезінде белгілі 
қиындықтар туындайды. Кейбір жағдайда мидың самай бөліктерінің екеуінің 
(сол және оң) бірдей зақымдалуынан ауыр акустика-гностикалық афазия 
акустикалық агнозиямен үйлескен болады. Фонематикалық естудің 
бұзылуымен қатар есту арқылы дауыстың тембрі, сөз ырғақтылығы 
бұзылады, сөзсіз дыбыстар ажыратылмайды: жапырақтардың сыбдыры, 
машинаның дауысы, т.б.
Акустикалық-гностикалық афазияда спонтанды сөйлеу тілінің үш 
деңгейін ажыратады. Бірінші (өрескел) деңгейінде спонтанды сөйлеу тілі 
кездейсоқ дыбыстардың, буындардың, сөз тіркестердың құрамасынан 
тұрады. Бұл «жаргонафазия», «сөз окрошкасы» немесе «сөздік салат» деп 
аталатын 
болды. 
Өзін-өзі 
бақылау 
деген 
мүлдем 
байқалмайды. 
Жаргонофразия әдетте 1,5-2 айға дейін созылады, кейін логорея (көп сөйлеу) 
орын алады. Екінші (орташа) деңгейі литеральді және вербальді 
парафазиялармен, логорея элементтерімен сипатталады. Сөйлеу жылдам 
болады, бірақ сөз ішінде және сөздер арасында кідірістер байқалады. Бұл 
науқастың өзін-өзі бақылауға әрекетенетінін білдіреді. Сөйлеудің лексикалық 
құрамында әр түрлі сөз таптары кездеседі, бірақ етістік, есімдік, одағайлар
басым болады. Үшінші (жеңіл) деңгейі сөйлеу тілінің қалыптасуының кеш 
кезеңдеріне тән, сөйлеу тілі айтарлықтай толық, лексикалық құрамы және 
синтаксистік құрылымы бойынша алуан түрлі. Көмекші сөз таптары 
атаушыларға қарағанда басым болады. Дыбыс айтуында қиыншылықтар 
кездеспейді. Сөйлеу кейбір кезде «таңырқатқыш», «мәнерлі» стилистикалық 
түрде болады. Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуынан сөз қайталауы 
екінші ретте зақымдалады. Сөз қайталаудың бұзылыстарының әр түрлі 
нұсқалары кездеседі. Өрескел түрінде жақсы таныс сөздер көптеген 
бұзылыстармен айтылуы мүмкін. Орташа түрінде акустикалық ұқсас 
дыбыстар алмастырылып айтылады. Фразаларды қайталау кезде сөйлемнің 
ұзындығы, оның синтаксистік және просодикалық «суреті» сақтаулы болып 
келеді, бірақ лексикалық құрамының өрескел бұзылыстары байқалады. Жеңіл 
түрі қайта қалыптастырылған спонтанды сөйлеу тіліне шамамен сай келуімен 
сипатталады. Күрделі сөз конструкцияларында парафазиялар орын алады.
Өрескел түрінде қойылған сұрақтарды түсінбеуінің салдарынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет