I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет136/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Акустикалық-мнестикалық афазия 
 
Акустикалық-мнестикалық афазия мидың самай аймағының артқы 
және орта бөліктерінің (21, 37 аймақтары) зақымдалуынан пайда болады. А. 
Р. Лурия бойынша, оның негізінде есту іздерінің қатты тежелуінен естіген 
сөздерді жадына сақтау қабілетінің төмендеуі жатыр. Науқас әр жаңа сөзді 
қабылдап түсінген кезде, алдында айтылған сөзді ұмытып қалады. Мұндай 
бұзылыс буын және сөз серияларын қайталағанда да байқалады. Афазияның 
бұл түрінің айырмашылығы синдромның ерекшелігі және бір емес, бірнеше 
орталық механизмнің бар болуы: 1) сөзді естіп жадына сақтау қабілетінің 
бұзылуы; 2) акустикалық қабылдау көлемінің төмендеуі; 3) затты көру бейне-
елестерінің бұзылуы. Негізгі ауытқу – сөзді түсінуінің, қайталауының
бұзылуы; ауызша спонтанды сөйлеу тілінің екіншіреттік бұзылуы. Сөйлеу 
тіліне көптеген вербальді парафазиялар тән. Фонематикалық есту қабілеті 
сақтаулы болады. Сөйлеу тілінің ақаулары келген ақпараттарың мөлшері 
көбейгеннен басталады. 
Акустикалық-мнестикалық афазияның клиникалық көрінісі сөзді 
түсінудің өрескел емес бұзылуымен және сөз мағынасынан айыруымен, 
сөздің астарлы мағынасын түсінбеумен, затты атауының бұзылуымен, 
ауызша сөйлеу тілінің жеңіл түрде бұзылуымен (вербальді парафазиялар) 
көрінеді. Сенсорлы афазияға қарағанда байланыссыз, өнімсіз сөз (логорея) 
жоқ болады.
Акустикалық-мнестикалық афазияға тән қасиет – жеке сөздерді 
қайталау қабілетінің сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш-
төрт 
сөзді 
қайталау 
мүмкіншілігінің 
бұзылуының 
араларындағы 
диссоциациясы. Мысалы, бала – тас – қ ала; арба – сағат – доп; лақ – қас – 
шар, т.б. Әдетте науқас өзіне айтылған сөздердің бірінші және соңғы сөзін 
қайталап айтады, ал ауыр жағдайда берілген сөз тізбегінен бірғана сөзді 
қайталап, сөздердің бәрін есте сақтай алмағанын айтады. Берілген сөздерді 
екінші қайтара мұқият тыңдап алғанның өзінде тізбектің реттік қатарын 
сақтай алмайды немесе сөздің біреуін айтпай тастап кетеді 
Естіген сөзді жадда сақтаудың бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де 
байқалады, дегенмен бұл ақаулық акустикалық-мнестикалық афазияның 
ғана негізгі ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық есту 
қабілеті мен сөйлеу тілдің артикуляторлы жағы сақтаулы. Науқаста қатынас 
қиыншылықтарының орнын алатын сөйлеу белсендігі байқалады.
Афазияның бұл түрінде қысқа сөз тіркестерін түсінуі жетімді. Ал толық 
мәтіндерді қабылдап түсінуінде біршама қателер кездеседі. Ауытқудың 
өрескел және орташа деңгейінде экспрессивтік тілде қысқа фразалар жиі 
кідірістермен айтылады. Науқас керекті сөзді таба алмай қиналады. 
Ауытқудың жеңіл түрі әр түрлі сөздік қормен, толық фразалық тілінен 


288 
көрінеді; кейбір жағдайда амнестикалық типке сай керекті сөзді табуында 
қиыншылықтар туындайды.
Акустикалық-гностикалық 
афазияға 
қарағанда, 
акустикалық-
мнестикалық афазияда сөйлемдер аяқталған, «сөз окрошкасы» жоқ болады.
Акустикалық-мнестикалық афазияда 
жазбаша сөйлеу тілінде
ауызшаға 
қарағанда экспрессивті аграмматизм көріністері жиі байқалады (көмекші 
сөздерді, етістіктердің, зат есімнің және есімдіктердің флексиясын 
шатастыру). Жазбаша сөйлеу тілінің номинативті жағы сақтаулы болады, 
өйткені науқастарда сөздерді іріктеуге, синонимдарды және керекті сөздерді 
еске түсіруге көмектесетін фразеологизмдерді таңдауға көбірек уақыттары 
болады. Анда-санда акустикалық тип бойынша литеральді парафразиялар 
(қатаң және ұяң дыбыстарды шатастыру) байқалады. Диктант кезінде мәтінді 
жазу барысында сөзді естіп жадында сақтауында науқастар біраз қиналады. 
Олар тіпті үш сөзден тұратын фразаны есте сақтай алмай, қайта-қайта 
фразаның әр бөлігін қайталауды сұрайды. 
Акустикалық-мнестикалық афазияда оқып жатқан мәтінді түсінуінде 
едәуір қиындықтар туындайды. Бұл мәтіннің едәуір ұзын сөйлемдерден 
тұратынымен және оқылып отырған мәтінді есте сақтау қабілеті 
бұзылмағандығымен талап ететінімен түсіндіріледі. Сөзді естіп жадында 
сақтаудың ауытқулары арифметикалық есептерді шығаруға кедергі болады.
Мысалы, 34+29 сандарды қосу кезінде науқас «3» деп жазып, «бір ойда» деп 
айтады, бірақ сол бір санды жақын жерге жазып қойғанның өзінде оны 
қосуды ұмытып кетеді.
Сонымен, акустикалық-мнестикалық афазияда сөзді естіп жадында 
сақтауының бұзылуы екіншіреттік жазу, оқу, есептеуді қалыпты іске 
асыруын қиындатады.
Акустикалық-мнестикалық афазияны түзету – педагогикалық жұмыс 
Акустикалық-мнестикалық 
афазияны 
түзету-педагогикалық 
жұмысының негізгі 
міндеттері 
– есту-сөйлеу есінің бұзылуын жою, заттың 
негізгі белгілері туралы көру елестерін қалпына келтіру, сонымен қатар 
экспрессивті аграмматизмдер элеметтерін және амнестикалық қиындықтарын 
жою.
Нейропсихологиялық тексеру барысында акустикалық-мнестикалық 
афазияның 
нұсқасы 
анықталып, 
түзету-педагогикалық 
жұмыстың 
бағдарламасы құрылады. Акустикалық-мнестикалық афазия кезіндегі 
бұзылыстарды түзетуде логопед сөйлеудің түпкі ойын кодылау 
(кодирование), заттың белгілерін сипаттау, сөзді әр түрлі контекске еңгізу, 
науқасқа есту-сөйлеу жүктемесінің әр түрлі көлемін сақтауға мүмкіндік 
беретін сыртқы сүйеніштерін құру механизмі пайдаланылады. 
Есту-сөйлеу есін қалпына келтіру, көріп-қабылдауына сүйене отырып 
қалпына келтіріледі. Науқастың алдына мағыналық байланысы әр түрлі 
суреттер беріледі де, солардың ішінен үш-төрт суретті іріктеп алу 
тапсырылады. Сөйлеу ішіндегі сөз байланыстығы түпкі ой арқылы болуына 


289 
байланысты, «кездейсоқ» іріктеп алынған суреттердің ішінен (мысық, қоян, 
кесе, үстел, орман, т.б.) белгілі бір ситуацияға қатысты заттарды көрсетуін 
талап етеді. Содан кейін бір семантикалық топқа кірмейтін сөздер беріледі. 
Есту-сөйлеу есін қалпына келтірудің келесі кезеңінде суреттер бір топ 
түрінде беріледі. Науқас заттардың атауының сериясын тыңдап, олардың 
суретін табады. Кейін осы сөздердің сериясын суретке сүйенбей отырып 
атауын сұрайды. Алғашқыда есте сақтауға заттардың атауын білдіретін 
сөздер, кейін олардың әрекетін және сапасын, соңында телефон номеріне 
жинақталған сандар беріледі. Сонымен қатар сюжетті суретке сүйене 
отырып, кейін онысыз екі, үш, төрт сөзден құрылған фразаларды есту 
диктант түрінде жазу жүргізіледі. 
Акустикалық-мнестикалық афазияның екінші нұсқасында көру 
елестерін қалпына келтіру үшін суреттері, пішіні ұқсас, бір-екі белгілері 
бойынша айырмашылығы бар (мысалы, шәйнек, кастрөл, кесе, тоңазытқыш, 
шкаф, сервант), бір элементінің өзгеруі немесе болмауы осы заттың 
қызметін, мазмұнын және белгісін өзгертетін заттарды талдаудан құрылған 
бір қатар жаттығуларды жүргізу ұсынылады. Элементтерін біріктіріп, 
заттарды құрастыру, заттардың бейнесінде қателерін табу (мысалы, қоянның 
құлағы қысқа, мысықтың құлағы ұзын, түлкінің құйрығы жоқ, т.б.), заттың 
суретін аяқтау, оның қасиеттерін және функцияларын сипаттап беру
жартылай жабық тұрған затты тану сияқты т.б. тапсырмалар беріледі. 
Керекті сөзді табу қиындықтарынан сөздің мағыналық шегін кеңейту
кейбір жағдайда тарылту, яғни олардың мағынасын нақтылау және жүйелеу 
арқылы арылады. Ол үшін сөз әр түрлі фразеологиялық контекстерде 
айтқызылады, сөздің көп мәнділігін, синоним, антоним және омонимдердің 
мағынасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Амнестикалық бұзылыстарын түзетудегі қол жеткізген нәтижелерін 
бекітудің формасының бірі - жазбаша сөйлеуінін қалпына келтіру. Сөздің 
дыбыстық-буындық құрамын түсінуі және фонематикалық есту қабілетінің
сақтаулы болуы бірінші күннен бастап түзету – педагогикалық жұмысында 
жазбаша түрде мәтіндерді құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл сөздік
кедейлігін және афазияның «артқы» түрлеріне тән аграмматизмдерді жоюға 
ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет