I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет27/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Логопедиялық тексерудің принциптерін атаңыздар.
 
2. Логопедиялық тексерудің мақсаты.
 
3. Сенсомоторлы дағдыларын тексеру. 
4. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру. 
5. Сөйлеу тілінің лексикалық жағдайын тексеру. 
6. Сөйлеу тілі анықтамасының үлгісін құрастырыңыздар. 
Ұсынылған әдебиеттер 
1.
Коноваленко В.В., Коноваленко С.В. Экспресс-обследование
звукопроизношения у детей дошкольного и младшего школьного возраста. 
Пособие для логопеда. М., 1998. 
2.
Өмірбекова Қ.Қ, Өмірбекова С.Ж. Сөйлеу тілін тексеру әдістері.
 
Алматыкітап, 2002. 
3.
Выявление и преодоление речевых нарушений в дошкольном возрасте. 
И.Ю. Кондратенко. М., Айрис Пресс, 2005.
 
6. Грибова О.Е. Технология логопедического обследования. Методическое 
пособие. М. Айрис Пресс, 2005. 
4.
Калягин В.А., Овчиникова Т.С. Энциклопедия методов психолого-
 
педагогической диагностики лиц с нарушениями речи. С.-П., 2004.
 
 
5 БӨЛІМ. ТІЛ КЕМІСТІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ 
 
Логопедияда сөйлеу тілінің қалыпты дамуы мен бұзылысын ажырату 
ең маңызды болып табылады. Сөйлеу тілінің нормасы - көпшілік мақұлдаған 
сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілін қолданудың жалпы нұсқалары деп 
білеміз. Қалыпты сөйлеу тіл әрекетінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық 
механизмідері сақтаулы болады. 


62 
Тіл кемістігі
деп сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің 
бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән 
мөлшерден ауытқуын айтады. Коммуникативті теория бойынша сөйлеу тілі 
бұзылысы – ол вербальды қатынастың бұзылуы деп есептеледі.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей белгілерімен сипатталады: 
• өз бетінше жоғалмайды, қайта бекиді; 
• логопедиялық ықпал жасауды талап етеді; 
• сөйлеушінің жасына сәйкес келмейді, 
• баланың одан ары дамуына жағымсыз әсерін тигізеді. 
• тіл білмейтіндік, диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды. 
Мұндай сипаттама сөйлеу тілінің бұзылыстарын баланың жас 
ерекшеліктерінен, бала мен ересектердің уақытша сөйлеу тілінің 
бұзылыстарынан, диалектілерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Логопедияда тіл бұзылысын білдіретін «сөйлеу тіл кемістігі», «тіл 
ақаулығы», «сөйлеу патологиясы», «сөйлеу тілінің ауытқуы, «сөйлеу тілінің 
бұзылысы» және «сөйлеу тіл дамымауы» деген ұғымдар қолданылады. 
Сөйлеу тілінің дамымауы
- кейбір сөйлеу функцияларының немесе сөйлеу 
жүйесінің қалыптасуының төмен денгейі.
Сөйлеу тілінің бұзылысы - 
сөйлеу әрекетінің механизмдерінің жұмысының 
қалыптан ауытқуы, бұзылуы. Мәселен, сөйлеу тілінің грамматикалық 
құрылысының жетілмеуінде тілдің морфологиялық жүйесін менгеру, 
сөйлемнің синтаксистік құрылысы денгейі өте төмен болады. Сөйлеу тілінің 
грамматикалық құрылысының бұзылуы оның аномальды қалыптасуымен 
және аграмматизмдермен сипатталады. Жалпы сөйлеу тілі дамымауында 
сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы байқалады 
(фонетика-фонематикалық, лексикалық, грамматикалық жағының). Жалпы 
сөйлеу тілі дамымауының механизмі әр түрлі болуы мүмкін, соған 
байланысты ауытқудың құрылысы да әртүрлі болуі мүмкін. Ол дизартрияда, 
алалияда, т.б. тіл кемістіктерде байқалуы мүмкін. 
Логопедияда 
«сөйлеу тілі дамуының бұзылуы» және «сөйлеу тілінің 
тежелуі»
деген ұғымдар қолданылады. Сөйлеу тілінің дамуының бұзылуы 
кезінде сөйлеу процесінің онтогенезде бұзылуы байқалса, ал сөйлеу тілінің 
тежелуі дегеніміз сөйлеу тілінің дамуының темпінің тежелуі. Бұл жағдайда 
баланың сөйлеу тілінің даму денгейі жасына сай келмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет