162
қажеттілігін алғашқы негіздеген авторлардың бірі.
Бұл әдістеменің
ерекшелігі тыныс алу мен артикуляциялық жаттығуларды бірден қатар
жүргізу, дыбыс кезектілігін артикуляциясы ұқсас негізінде қалыптастыру
болып табылады.
Оқу құралында ринолалияны түзету жұмысы А. Г. Ипполитованың жүйесі
бойынша берілген.
Қорытынды.
Логопед-мамандар мен дәрігерлер ашық ринолалия
кезіндегі сөйлеу ақауларын жоюдың белгілі бір әдістемелерін ұсына отырып,
таңдай-жұтқыншақ
қақпағының
қалыптасуына
және
нығаюына
ұмтылғандарын ринолалия туралы ілімнің даму тарихы көрсетеді. Бұл үшін
жеткілікті ұзындықтағы және қозғалыстағы
таңдай пердесінің және
таңдайдың Пассаван валигімен тоғысу мүмкіндігі болуы қажет. Сонымен
бірге, жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы
және жұмсақ таңдай мен тілдің арқасы арасындағы қашықтықтардың
арақатынасы маңызды мағынаға ие болып келеді.
Осыған
байланысты, логопедиялық сабақтарда таңдай-жұтқыншақ
қақпағының нығаюына байланысты шарттардың дамуы үшін ғана емес,
сонымен қатар, ринолалиялардың бүтін симптоматикасын есепке алып, атап
айтқанда, тілдің ауыз қуысындағы ақаулық жағдайын ескере отырып жұмыс
істеу қажет.
Жоғарғы еріннің және қатты тандайдың туа біткен жарықтары,
олардың баланың жалпы және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері
Жақ-сүйек патологияларының ең жиі кездесетін түрлері қатты және
жұмсақ таңдайдың жарықтары болып табылады.
Жылдан жылға бұндай
ақаулықтардың саны өсуде. Жақ – сүйек патологиясы сөйлеу тілінің дұрыс
дамуына кедергі болады.
Жарықшалардың түрлері
Қазіргі кезде төменде көрсетілген топтастыру қолданылады.
Туа біткен үстіңгі еріннің жарығы:
жасырынды, жартылай жарық
(жарық мұрынның төменгі қуысына жетпейді): а) мұрынның тері-шеміршек
бөлімінің
деформациясыз; б) мұрынның тері-шеміршек бөлімінің
деформациясымен;
Тұтас (толық) жарық
(мұрынның төменгі қуысы және кейбір кезде
мұрын жолы түбінің шетіне дейін жарықтың болуы). Жарықтар екі жақты
және біржақты болуы мүмкін (44 - 45сурет).
Жас кезінен бастап хирургиялық емдеу
және қажет болған жағдайда,
ортодонт мамандарының бақылауы пайдаланылады. Бұл ақаулық сөйлеудің
дамуы үшін қалыпты жағдай тудырады.
163
44 сурет 45 сурет
Хирургиялық емдеу дер кезінде көрсетілген жағдайда жарықшалардың
орнында сәл көрінетін тырқтық қалады (46-49 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: