С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Дефектология мамандығы
Рамазанова Айдана Алемкызы
1. Топтық жұмыстың артықшылықтары және кемшіліктері атты кестені толтырыңыз.
№
|
Топтық жұмыстың артықшылықтары
|
Топтық жұмыстың артықшылықтары және кемшіліктері
|
1
|
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
|
Топ мүшелерінің көп болуы
|
2
|
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.
|
Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.
|
3
|
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
|
Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.
|
4
|
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
|
Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі
|
5
|
Өзіне сын көзбен қараушылық артады.
|
Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы
|
6
|
Сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады.
|
Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы
|
7
|
Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.
|
Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.
|
2. Өз пәніңіз (мамандығыңыз) бойынша топтық жұмыс формаларының біреуін пайдалана отырып, сабақтың әр кезеңіне (үй тапсырамсын сұрау, жаңа білімді меңгеру, бекіту кезеңдері) тапсырмалар құрастырыңыз.
Тапсырма атауы, мақсаты, өткізілу формасы, сипаттамасы жазылған болуы шарт.
Мысалы:
Тіл кемістігі бар балалардың қолдың ұсақ маторикасын дамыту сабағы
Сабақтың мақсаты
|
Сабақтың өткізілу формасы
|
Сабақтың сипаттамасы
|
Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Сол себепты сабақ барысында баланың саусақ маторикасын барынша дамыту.
|
Әр бала ерекше болып келеді, сол себепті сабағымды бастарда балалармен кол арқылы амандасып бастаймын, әр балаға қолымды беріп амандасып ойнай кетемін саусқтарымды қимылдатып баланың маған қызығып мені қайталап кеткенін қадағалаймын.
Тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоямын. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу керек. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Мысалы балалардың көбісі құммен ойнағанды жақсы көреді баланың қызуғышылығы одан әрмен арту үшін баламен бірге отырып бірге ойнау саусақпен жүргізу, әр түрлі фигура жасау әр жетістігін керемет қылып мақтау
|
Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет. Осы тақырыпқа байланысты сабағымның сипаттамасы төмендегілерді орындай отырып біз жақсы нәтижеге жетеміз
саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану
|
Достарыңызбен бөлісу: |